The Walt Disney Company

The Walt Disney Company
Түрі

көпшілік компания

Биржадағы листингі

DIS

Құрылған жылы

16 қазан 1923 жылы

Құрушы

Уолт Дисней және Рой Дисней

Орналасқан жері

Америка Құрама Штаттары: Бербанк, Калифорния

Басты адамдары

Роберт Айгер (президент және басқарма басшы)
Джон Пеппер (Төраға)
Энн Свини (президент, Disney-ABC Television Group & Co-Chair, Disney Media Networks)

Саласы

Телерадиотарату, анимация, кинематография, тематикалық саябақтар

Айналым

$57 млрд (2018)

Операциялық кірісі

14,7 млрд $ (2018)

Таза табыс

$8,9 млрд (2017)

Еншілес компания

Pixar, Lucasfilm, Marvel Entertainment, 21st Century Fox, Walt Disney Studios және Walt Disney Parks and Resorts

Сайты

http://thewaltdisneycompany.com

The Walt Disney Company — америкалық көпсалалы, көпұлтты БАҚ және ойын-сауық конгломераты. Штаб-пәтері Калифорния штаты, Бербанк қаласындағы Уолт Дисней студиясында орналасқан. Бұл табыс көлемі бойынша, Комкаст компаниясынан кейін, әлемдегі екінші үлкен медиа-конгломерат.

Дисней 1923 жылы 16 қазанда Уолт Дисней мен Рой О. Дисней ағалы-інілерімен Disney Brothers мультфильм студиясы болып негізделіп, кино өнеркәсібі, телевидение және тематикалық парктерге диверсификацияланбай тұрып өзін американдық анимациялық индустрияның көшбасшысы ретінде таныстырды. Сонымен қатар, компания Уолт Дисней Студио кейін Уолт Дисней продакшн атымен жұмыс істеді. Қазіргі атауын 1986 жылы қолдана отырып, ол өзінің бар операцияларын кеңейтіп, театр, радио, музыка, онлайн-медиа мен баспа ісі бойынша бөлімдерін ашты.

Оған қоса, Дисней сол кезден бері әдетте отбасыға бағытталған басқа флагмандық брендтермен ассоциацияланатын контентке қарағанда көбірек жетілген түрін сату мақсатында корпоративтік бөлімшелер құрды. Компания бүгінгі күні америкалық кинода ең үлкен және ең әйгілі студиялардың бірі болып табылатын өзінің Уолт Дисней Студиос киностудиясының туындыларымен танымал. Одан басқа Диснейдің үш негізгі бөлімшелері бар: nsumer Products and Interactive Media. Сонымен қатар, Уолт Диснейдің парктері мен шипажайлары, Дисней Медиа желілері және Дисней Ко Дисней ABC телевизия желісін, Disney Channel, ESPN, A + E және Freeform секілді кабельдік телевизия желілерін, баспа, мерчандайзинг, музыкалық және театрлық бөлімшелерін басқарады; дүниежүзі бойынша 14 тематикалық парктерге ие.

Компания 1991 жылдың 6 мамырынан бастап Dow Jones өнеркәсіптік көрсеткішінің құраушы бөлігі болып табылады. 1928 жылы жарыққа шыққан Микки Маус мультфильмі Диснейдің негізгі таңбасы мен бойтұмары болып табылады.

Компания бөлімшелері

Walt Disney компаниясы «бизнес-сегменттер» деп атайтын негізгі төрт бизнес-бөлшектермен жұмыс істейді: Өзіне компанияның фильмін, музыка жазу лейблын мен театрлық бөлімшелерді қосатын негізгі Уолт Дисней Студиос бизнес-бөлімшесімен қоса Студ ио Интертейнмент; Компанияның тематикалық парктері, круиз желісі мен сапармен байланысты басқа да активтер ұсынылған парктер мен шипажайлар; құрамында компанияның телевизиялық ерекшеліктері бар Медиа Нетуоркс; және Дисней объектілеріне негізделген ойыншықтар, киім мен одан басқа мерчандайзинг шығаратын, сондай-ақ, ғаламтор, мобильді, әлеуметтік желілер, Disney виртуалдық ғаламдары және компьютер ойындары кіретін Disney Consumer Products and Interactive Media. Үш сегмент төрағамен басқарылады, бірақ Disney Consumer Products and Interactive Media қазіргі кезде президенттің қол астында. Marvel Entertainment те бас директордың тікелей өкілі болып табылады, ал оның қаржылық нәтижелері көбінесе Studio Entertainment пен Consumer Products сегменттерінің арасында бөлінген. Әзірше, Maker студиясы Studio Entertainment пен Media Networks сегменттерінің арасында бөлінген.

Компанияның басты ойын-сауық холдингтері өзіне Walt Disney, Disney Music Group, Disney Theatrical Group, Disney-ABC Television Group, Radio Disney, ESPN Inc., Disney Interactive, Disney Consumer Products, Disney India Ltd., The Muppets Studio, Pixar Animation , Marvel Entertainment, Marvel Studios, UTV Software Communications, Lucasfilm және Maker Studios студияларын кіргізеді.

Шипажайлар мен соларға байланысты диверсификацияланған холдингтер құрамына Walt Disney парктері мен шипажайлары, Disneyland шипажайы, Walt Disney World шипажайы, Tokyo Disney шипажайы, париждік Диснейленд, Euro Disney SCA, Гонконг Диснейленд шипажайы, Шанхай Дисней шипажайы, Disney Vacation Club, Disney Cruise Line, және Adventures by Disney.

Other Languages
Afrikaans: Disney
አማርኛ: ዲዝኒ
žemaitėška: Volts Disniejos
нохчийн: Дисней
dolnoserbski: Disney
Ελληνικά: The Walt Disney Company
Gaeilge: Disney
𐌲𐌿𐍄𐌹𐍃𐌺: 𐌳𐌹𐍃𐌽𐌴𐌹
客家語/Hak-kâ-ngî: Walt Disney Kûng-sṳ̂
hornjoserbsce: Disney
Kreyòl ayisyen: Disney
Bahasa Indonesia: The Walt Disney Company
ქართული: The Walt Disney Company
Kabɩyɛ: Disney
Lëtzebuergesch: Disney
Ligure: Disney
Malagasy: Disney
Bahasa Melayu: Syarikat Walt Disney
پښتو: ډيسني
Runa Simi: Disney
русский: The Walt Disney Company
саха тыла: Walt Disney Company
davvisámegiella: The Walt Disney Company
srpskohrvatski / српскохрватски: The Walt Disney Company
Simple English: The Walt Disney Company
татарча/tatarça: Дисней
українська: The Walt Disney Company
oʻzbekcha/ўзбекча: The Walt Disney Company
vepsän kel’: Uolt Disnei
Tiếng Việt: Công ty Walt Disney
Zeêuws: Disney
Bân-lâm-gú: Walt Disney Kong-si
粵語: 迪士尼