I Людовик (Венгрия королі)


I Людовик - Венрияның патшасы- Карл Роберттің үшінші ұлы. 1342 жылы Венгрияның патшасы ретінде әкесінің орнын алмастырды. Людовик Секешфехервар қаласында 16 жасында таққа отырды. Ол- ортағасырлардың аяқ шеніндегі Венгрияның ең жігерлі де тәжірибелі монархтарының бірі. Людовик басқарған уақытының көп бөлігін Венеция республикасының соғысумен және Неаполь тағына бәсекелесумен өткізді. Сондай-ақ ол Болгариямен, Валахиямен және Алтын Ордаға қарсы соғысып, бірінде үлкен жетістіктермен оралса, енді бірінен жеңіліс тапты. Алғашқы Осман-Венгер қақтығысы осы Людовиктің билігі тұсында орын алған болатын. 1351 жылы ол 1222 жылы жазылған "Алтын булланы" өзгертіп, ақсүйектердің құқығын қамтамасыз ету мақсатында қайта басып шығарды. Людовик өзінің ағасы (анасының ағасы) Ұлы Польша империясының патшасы- Казимирге материалдық көмек көрсетіп, онымен өмірлік одақ құрды. Казимирдің соңынан ерген мұрагері болмаған. Сондықтан ол Людовикті өзінің тақ мұрагері етіп тағайындады. Казимир қайтыс болған соң 1370 жылдың 17 қарашасында Людовик Краков қаласында салтанатты түрде Польшаның патшасы болып тағайындалды. 1382 жылы Людовик қайтыс болған соң, Венгрияның мұрагерлігін оның қызы Мария иеленді.

  • Дереккөздер

Дереккөздер

[1]

  1. Ұлы Императорлар. – Алматы: «Аруна» баспасы. -108-109 беттер. «11000 қызықты деректер».
Other Languages
беларуская: Людовік Венгерскі
беларуская (тарашкевіца)‎: Людвік I Вялікі
български: Лайош I Велики
eesti: Lajos I
فارسی: لایوش یکم
Bahasa Indonesia: Lajos I dari Hongaria
日本語: ラヨシュ1世
한국어: 러요시 1세
português: Luís I da Hungria
srpskohrvatski / српскохрватски: Ludovik I. Veliki
slovenščina: Ludvik I. Ogrski
српски / srpski: Лајош I Анжујски
українська: Людовик Угорський
oʻzbekcha/ўзбекча: Layosh Buyuk
Bân-lâm-gú: Ludwik Węgierski