I Баязит

I Баязит
осм. بايزيد اول‎ — Bâyezid-i evvel
I Баязит
Лауазымы
Ту
Османлы мемлекетінің 4-ші сұлтаны
28 маусым 1389 — 20 шілде 1402
(Лақап аты Шапшаң I Баязит)
Ізашары:I Мұрат
Ізбасары:I Мехмет
Өмірбаяны
Мамандығы:Қолбасшы
Діні:Ислам
Дүниеге келуі:1357
Бұрса, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы:8 наурыз 1403 (46 жас)
Ақшаһар, Османлы мемлекеті
Жерленді:Бұрсада
Династия:Османлы әулеті
Әкесі:I Мұрат
Анасы:Гүлшешек қатын
Жұбайы:Дәулетшаһ қатын
Дәулет қатын
Оливера Лазаревич
Сұлтан қатын
Хафса қатын
Балалары:Ұлдары:
Ертұғрыл шаһзада
Иса шаһзада
Мұстафа шаһзада
Мұса шаһзада
Ибраһим шаһзада
Қасым шаһзада
Жүсіп шаһзада
Хасан шаһзада
Сүлеймен шаһзада
Омар шаһзада
I Мехмет
Қыздары:
Ирхонду ханым
Мелике ханым
Үлкен Фатима ханым
Оруз ханым
Хунди ханым
Кіші Фатима ханым
Қолтаңбасы:Қолтаңбасы

I Баязит (осм. بايزيد اول‎ — Bâyezid-i evvel; 13578 наурыз 1403) — Османлы мемлекетінің 4-ші сұлтаны, қолбасшы.

Өмірбаяны

I Баязит 1357 жылы османлы сұлтаны I Мұрат шаңырағында дүниеге келді. Ол сұлтандық отбасысында кіші бала болды. Шамамен 1381 жылы Баязит гермиян әмірі Сүлейменнің Дәулетшаһ деген қызына үйленді. Жасау мүлкі ретінде гермияндар өздерінің кейбір иеліктерін берді. Содан кейін Баязит әкесінің үкімімен Кютахьяның санжақбейі болып тағайындалды.

Сербия жаулауы

15 маусым 1389 жылы әкесінің өліміне байланысты Баязит османлы сұлтаны болып жарияланды. Анасы Гүлшешек қатын грек болу себебімен Баязитті сұлтан ретінде османлылардың христиан вассалдары көруді қалаған. Ал түріктердің көбісі Баязиттің үлкен ағасы Жақып шаһзаданы жақтаған. Соған байланысты Баязит үлкен ағасы тарапынан ешқандай бүлік көрмес үшін оны өлім жазасына кесті. Осылайша "аға-іні өлтірушілік" дәстүрі пайда болды. Баязиттің ойынша, сұлтан аға-інісіз қалса, елде ешқандай бүлік, көтеріліс болмайды. Баязиттің ұрпақтары, яғни келесі сұлтандар да "аға-іні өлтірушілік" дәстүріне бағынып, тақты осы әдіспен сақтап қалып отырды.

Косово жазығындағы шайқаста османлылар толықтай жеңіс жетті. Ал I Баязит әкесі үшін кегін алды: серб князі Стефан Вулковичпен келісім жасап, Сербияны Османлы мемлекетінің вассалы етті, ал оның әпкесі Оливера Вулковичті әйелдікке алды.

Анадолы жаулауы

Османлы әскері Балқан түбегінде болған кезде, түрік бейліктер османлылардан өздерінің бұрынғы жерлерін қайтаруға кірісті. Алайда мұны сезген I Баязит өз әскерін лезде Анадолыға асырып, түрік бейліктеріне үлкен жорық жасады. Осы жорықта I Баязит Айдын, Сарухан, Гермиян, Ментеше және Хамит бейліктерін жаулап алды. Бұл жаулаулар османлыларға Жерорта теңізі мен Эгей теңізіне жол ашты. Жаңа құрылған Османлы флоты Хиос аралын ойран етті, Аттика жағалауларына шапқыншылықтар жасады, және теңіздегі басқа аралдарға сауда шектемесін қоюға тырысты.

1390 жылы I Баязит Қараман бейлігінің елордасы Коньяны жаулап алды. Келесі жылы қараман бейі Алаеддин бей I Баязитке қарсы соғысты жаңартты, алайда шайқас кезінде жеңіліс тауып, I Баязит үкімімен өлім жазасына кесілді. Сонымен қатар I Баязит Кайсери, Сивас бейліктерін және Кастамону әмірлігін жаулап алды. Кастамону жаулауы османлыларға Қара теңіздегі Синоп кемежайына жол ашты.

Жаулап алынған бейліктер басқаруын I Баязит жергілікті намангерлерге тапсырып, өзі көп уақытын Еуропада өткізді. I Баязит саясаты әкесі I Мұраттың саясатынан айырмашылығы — ассимиляция саясатын ұстанбады.

Other Languages
Afrikaans: Bajezid I
العربية: بايزيد الأول
azərbaycanca: İldırım Bəyazid
башҡортса: Баязит I
беларуская: Баязід I
беларуская (тарашкевіца)‎: Баязід I
български: Баязид I
brezhoneg: Bayezid Iañ
bosanski: Bajazid I
català: Baiazet I
čeština: Bajezid I.
Deutsch: Bayezid I.
Zazaki: Beyazid I
Ελληνικά: Βαγιαζήτ Α΄
English: Bayezid I
español: Bayezid I
eesti: Bayezid I
euskara: Bayezid I.a
suomi: Bayezid I
français: Bajazet Ier
Gàidhlig: Bayezid I
galego: Bayezid I
hrvatski: Bajazid I.
Հայերեն: Բայազիդ I
Bahasa Indonesia: Bayezid I
italiano: Bayezid I
ქართული: ბაიაზიდ I
lietuvių: Bajazitas I
latviešu: Bajezids I
македонски: Бајазит I
монгол: I Баязид
Bahasa Melayu: Bayezid I
Nederlands: Bayezid I
norsk: Bayezid I
occitan: Bazajet Ièr
پنجابی: بایزید ۱
português: Bajazeto I
română: Baiazid I
русский: Баязид I
Scots: Bayezid I
srpskohrvatski / српскохрватски: Bajazid I
slovenčina: Bayezid I.
slovenščina: Bajazid I.
shqip: Bajaziti I
српски / srpski: Бајазит I
svenska: Beyazit I
Türkçe: I. Bayezid
oʻzbekcha/ўзбекча: Boyazid I Yildirim
Tiếng Việt: Bayezid I
Bân-lâm-gú: Bayezid 1-sè