Columbia Pictures

Columbia Pictures Entertainment
Түрі

Sony еншілес компаниясы

Құрылған жылы

1919

Бұрынғы атауы

CBC

Құрушы

Гэри Кон

Орналасқан жері

Калвер сити, Калифорния, АҚШ

Басты адамдары

Гери Кон, Джек Кон, Джо Брендт

Саласы

киноөндіріс

Өнімі

кинофильмдер

Басшы компания

Sony Pictures Entertainment

Еншілес компания

TriStar Pictures, MGM

Columbia Pictures Industries — Columbia TriStar Motion Picture Group компаниясына тиесілі америкалық кинокомпания. 1989 жылдан бері Sony Pictures Entertainment компаниясының меншігі болып табылады. Columbia-ның ең ірі бөлімшелерінің бірі TriStar Pictures компаниясы. Дәл сондай бағынышты компаниялардың қатарына MGM студиясы жатады. Студия Джеймс Бонд (2006—2015) жайлы фильмдердің авторы болып саналады.

Тарихы

CBC Film Sales Corporation компаниясының негізін 1919 жылы Гэри Кон бауырлары Джек Кон және Джо Брендтпен бірге қалады. Жұмысшылардың көпшілігі Кон әулетімен оның туыстарынан құралған еді. Фирманың дәрежесінің төмендігі соншалық «CBC» сөзін көпшілік «ашыған орамжапырақ пен ысталған ет» (Corned Beef and Cabbage) деп талдап жүрді. Фирманың абыройын сәл болсада көтеру үшін Кон 1924 жылы оның атауын Columbia Pictures деп өзгертті. Кон кино өндірістің басы-қасында 1958 жылға дейін болды. XX ғасырдағы киноиндустрия саласында Columbia Pictures өте шағын бюджетпен өз орнын тапты.[1] 1930-жылдары фирманың тапқан табысының көп бөлігі Говард Хоукс пен Фрэнк Капраның («Это случилось однажды ночью», «Мистер Смит едет в Вашингтон») комедияларының арқасында жиналды. Көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болған Three Stooges командасының сәтті шыққан қойылымдарыда жақсы табыс әкелді. Шығындарды азайту үшін бір ғана декорациямен бірнеше фильмдер жасалды. [2]Әуелде Уолт Дисней Columbia компаниясы арқылы өзінің Микки Маус жайлы мультфильмдерін прокатқа шығарды. 1940-жылдары Капра студиядан кетуге шешім қабылдайды. Осыдан кейін компанияның жұмысы алға баспай қояды. Компания Гэри Конның Рита Хейвортпен келісімге отырғанынан кейін ғана тығырықтан шыға бастады. «Гильда» фильмінен кейін Хейворт ең танымал тұлғалардың біріне айналды. Ол алғашқы болып 1950-жылдардағы телевизиялық өзгерістерден пайда тауып үйренген магнаттардың бірі болды. Оның басшылығымен Screen Gems сияқты арзан анимация жасауды тоқтатып, «Моя жена меня приворожила» сияқты телесериалдардың өндірісіне баса назар аударды. Columbia-ның кинотеатрлар желісі бәлендей бір үлкен емес болатын. Сондықтан 1940-жылдардағы кинотресттердің құлдырауы студияға ешқандай әсер етпеді. Бәсекелестердің көпшілігі шығынға ұшырап жатқан кезде, Конның компаниясы алға жылжи берді. 1954-1957 жылдар аралығындағы қысқа мерзімнің ішінде Columbia Pictures-тің үш фильмі «Оскар» сыйлығына ие болды. Тағы бір жеңімпаз фильмдердің қатарына Дэв «Лоуренс Аравийский» (1962) фильмі қосылды. Columbia шағын отбасылық компаниядан ұлттық киноиндустрияның флагманына айналды.

Other Languages
azərbaycanca: Columbia Pictures
Ελληνικά: Columbia Pictures
Հայերեն: Columbia Pictures
Bahasa Indonesia: Columbia Pictures
ქართული: Columbia Pictures
Bahasa Melayu: Columbia Pictures
Nederlands: Columbia Pictures
português: Columbia Pictures
русский: Columbia Pictures
саха тыла: Columbia Pictures
srpskohrvatski / српскохрватски: Columbia Pictures
Simple English: Columbia Pictures
slovenčina: Columbia Pictures
slovenščina: Columbia Pictures
српски / srpski: Коламбија пикчерс
українська: Columbia Pictures
Tiếng Việt: Columbia Pictures
მარგალური: Columbia Pictures