Ұғым

Ұғымның жалпы сипаттамасы.

Ұғымобъективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.

[1] Белгілер дегеніміз — заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы).

Кез келген заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Затқа тән, оның ішкі табиғатын, мәнін айқындайтын белгілер мәнді белгілер дәлінеді. Ал затқа тән болуы да, болмауы да мүмкін, оның мәнін айқындай алмайтын белгілер мәнсіз белгілер деп аталады.

Ұғым көптеген біртекті заттарды олардың мәнді белгілері негізінде саралаудың нәтижесі ретінде көрініс береді. Солай болғанда, ұғым дегеніміз — заттарды олардың мәнді белгілерімен бейнелейтін ойлау формасы.

Адамның таным қызметіндегі ұғымның маңызы үлкен. Ұғымсыз табиғат пен қоғамның объективті зандарын зерттеп білу мүмкін болмас еді. Ұғымдарды ала отырып, заңдар түзіледі, ғылымның түрлі салаларындағы пән облыстары ажыратылады, ғылыми теориялар жасалады.

Ұғымдар түсінігінің құрылуының негізі логикалық амалдарды талдау (анализ), саралау, салыстыру, абстракциялау, жалпылауға жатады.

Бұл логикалық амалдар заттарды бір-бірімен салыстыруға, олардың ортақ белгілерін анықтауға, жеке қасиеттерін ажырата алуға бағытталған. Осылай, бұл амалдарды қолданудың нәтижесі ұғымдарды тағайындауға алып келеді.

Other Languages
aragonés: Concepto
العربية: مفهوم
azərbaycanca: Anlayış
беларуская: Паняцце
беларуская (тарашкевіца)‎: Паняцьце
български: Концепция
brezhoneg: Meizad
bosanski: Pojam
català: Concepte
کوردی: چەمک
čeština: Pojem
Чӑвашла: Ăнлав
Cymraeg: Cysyniad
dansk: Begreb
English: Concept
Esperanto: Koncepto
español: Concepto
eesti: Mõiste
euskara: Kontzeptu
فارسی: مفهوم
suomi: Käsite
galego: Concepto
हिन्दी: अवधारणा
hrvatski: Pojam
magyar: Fogalom
Bahasa Indonesia: Konsep
íslenska: Hugtak
italiano: Concetto
日本語: 概念
한국어: 개념
Ripoarisch: Bejreff
lietuvių: Sąvoka
latviešu: Jēdziens
олык марий: Умыл
македонски: Концепт
Bahasa Melayu: Konsep
norsk: Begrep
ਪੰਜਾਬੀ: ਸੰਕਲਪ
polski: Pojęcie
português: Conceito
Runa Simi: Imakay
română: Concept
русский: Понятие
русиньскый: Понятя
sicilianu: Cuncettu
Scots: Concept
srpskohrvatski / српскохрватски: Pojam
Simple English: Concept
slovenčina: Pojem
slovenščina: Koncept
shqip: Koncepti
српски / srpski: Концепт
svenska: Begrepp
тоҷикӣ: Мафҳум
Türkçe: Kavram
татарча/tatarça: Төшенчә
українська: Поняття
Tiếng Việt: Khái niệm
吴语: 概念
ייִדיש: באגריף
中文: 概念
粵語: 概念