Ұрықжолдастылар

Ұрықжолдастылар
Қазбалық ауқымы: Late Cretaceous-Holocene
Жолбарыс
Ғылыми топтастыруы
Subgroups
  • Afrotheria
  • Boreoeutheria
  • Xenarthra
Ұрықжолдасы

Ұрықжолдастылар, плаценталылар (Eutheria, Placentalia) — қазіргі сүтқоректі жануарлардың инфракласы. Инфракласс — жануарлар жүйеленуінде класс тармағы мен отряды арасынан орын алады. Бұл класс өкілдерінің бәрінің де ұрық дамуында ұрықжолдасы қатысады (қараңыз Плацента). Ол ұрықты жатырдың қабырғасындағы бұлшық еттермен байланыстырады. Ұрықжолдастыларда қалталы сүтқоректілерде болатын арнайы қалта және қалталы сүйектер болмайды. Ұрықжолдастылардың ұрпақтары жақсы жетіліп туады әрі өз беттерінше еме алады. Бұлардың астыңғы жақ сүйегінің бұрыштық өскіні ішке қарай иілмеген. Алдыңғы миы айқын ми сыңарларына бөлініп, оның сыртында ми қыртысы (неопаллиум) өте жақсы дамыған, әрі ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы байланысқан. Ұрықжолдастылардың көпшілігінің тістері айқын жіктеліп, сүт және тұрақты тістерге бөлінген. Ересектерінің дене температурасы жоғары әрі тұрақты.

Ұрықжолдастылардың қазіргі кезде 17—18 отряды бар: жәндікқоректілер, жүнқанаттылар, қолқанаттылар, приматтар, толықемес тістілер, панголиналар, қоянтәрізділер, кемірушілер, киттәрізділер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, түтіктістілер, тұмсықтылар, дамандар, сирендер, сірітабандылар, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Ұрықжолдастылар жер шарының барлық құрлықтары мен мұхиттарында кең тараған. Қазақстанда 8 отряды, 170-ке жуық түрі белгілі. Ұрықжолдастылардың жануарқоректі, өсімдікқоректі және аралас қоректенетін түрлері де кездеседі. Олардың көпшілік түрінің кәсіптік мәні бар. Ұрықжолдастыларды бағалы ұлпаны, терісі, еті, майы, т.б. өнімдері үшін аулайды.

  • Сілтемелер

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Other Languages
Alemannisch: Höhere Säugetiere
aragonés: Placentalia
العربية: مشيميات
asturianu: Placentalia
azərbaycanca: Plasentalılar
башҡортса: Плаценталылар
беларуская: Плацэнтарныя
беларуская (тарашкевіца)‎: Пляцэнтарныя
български: Плацентни
català: Placentaris
čeština: Placentálové
English: Placentalia
Esperanto: Placentuloj
español: Placentalia
euskara: Placentalia
français: Placentalia
galego: Placentarios
עברית: שלייניים
hrvatski: Viši sisavci
Kreyòl ayisyen: Mamifè plasentè
interlingua: Placentarios
한국어: 진수하강
Latina: Placentalia
Lëtzebuergesch: Placentalia
Ligure: Placentalia
latviešu: Placentāļi
македонски: Вистински цицачи
Nederlands: Placentadieren
norsk nynorsk: Placentale pattedyr
polski: Łożyskowce
português: Placentários
română: Placentalia
русский: Плацентарные
slovenščina: Višji sesalci
српски / srpski: Placentalni sisari
Türkçe: Eteneliler
татарча/tatarça: Плаценталылар
українська: Плацентарні
oʻzbekcha/ўзбекча: Yoʻldoshlilar
Tiếng Việt: Placentalia
中文: 胎盤動物