Үстеме шығын

Үстеме шығын - өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет көрсетумен байланысты шығын. Оған, атап айтқанда, мыналар жатады: әкімшілік- шаруашылық шығын — басшылар мен мамандардың, техникалық орындаушылардың, басқару аппаратының басқа да қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударым, кеңсе керек-жарақтарына жұмсалған шығын, пошта-телеграф, баспахана шығыны, басқару аппараты тұратын үймереттерді ұстауга, оларды ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығын, іссапар шығыны; қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығын— негізгі өндірісте істейтін және машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қосымша жалақысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударым, тұрғын үй қорын пайдаланудан келтірілген залал, т. б.; жұмыс тaрды ұйымдастыруға жұмсалатын шығын өтемпұлдық аударым немесе жалгерлік төлем, тозудың орнын толтыруға, құнсыз тозғыш аспаптарды жөндеуге, зертханаларды ұстауға жұмсалатын шығын.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2


Other Languages
العربية: تكلفة ثابتة
azərbaycanca: Sabit xərclər
català: Cost fix
čeština: Fixní náklady
Deutsch: Fixkosten
English: Fixed cost
español: Coste fijo
eesti: Püsikulu
euskara: Kostu finko
français: Coût fixe
Bahasa Indonesia: Biaya tetap
italiano: Costo fisso
日本語: 固定費用
नेपाली: स्थिर लागत
Nederlands: Constante kosten
português: Custo fixo
slovenčina: Fixné náklady
српски / srpski: Фиксни трошак
svenska: Fast kostnad
Tiếng Việt: Chi phí cố định
中文: 固定成本