Құртқашаш

Құртқашаш
Сібір құртқашашы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Iridaceae
Кіші тұқымдасы: Iridoideae
Тайпасы: Irideae
Тегі: Iris
Карл Линней
Үлгілік түрі
Iris germanica
L.
Кіші тектері

Hermodactyloides
Iris
Limniris
Nepalensis
Scorpiris
Xiphium

Синонимдері

Belamcanda
Hermodactylus
Iridodictyum
Juno
Junopsis
Pardanthopsis
×Pardancanda
Xiphion

Құртқашаш ( лат. Iris) – құртқашаштар тұқымдасына жататын өсімдіктер тегі. Қоңыржай, субтропиктік аймақтар мен Солтүстік жарты шарда 250-ден аса түрі белгілі.


  • Қазақстанда құмды, шөлді және шөлейт жерлерде, далада, тау бөктерінде, ормандарда өсетін 8 түрі бар.
  • Биіктігі 20 — 200 см. Жапырағы сүйір, гүлдері қос жынысты, ірі болады. Гүл серігі ұзын түтікшелі және иіліңкі 6 бөлікті (оның 3-еуі ірі, сыртын жұмсақ түк басқан). Аталығы — 3, сыртқы бөлігінің түбінде тұратын ұзынша тозаңқаптары таспа пішінді. Жатыны — 2 ұялы. Бал арасымен тозаңданады.
  • Сәуірден шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді.
  • Жемісі — көп тұқымды қауашақ. Тұқымы жел арқылы таралады. Сары құртқашаш (І. flavіssіma) — дәрілік өсімдік, жоңғар құртқашашы (І. songarіca) жапырағынан щетка жасау үшін ірі талшық алынады. Альберт құртқашашы және Людвиг құртқашашы (І.Ludwіgіі) — өте сирек кездесетін эндемиктер, қорғауға алынып, Қазақстанның “ Қызыл кітабына” енгізілген. [1]

Өсімдік туралы

Құртқашаш – табиғатта 250-ден астам түрі белгілі шөптесін өсімдік. Оның көптеген түрлерінің ішінде бір метрден асатын өте биіктері және тым аласа түрлері де бар. Бірақ олардың барлығының дерлік гүл күлтесі бірдей пішінде болады. Гүлінің түсі ақтан қоңыр қызылға дейінгі аралықта алуан түрлі. Оны көбінесе гүлзардың алдыңғы жағына немесе альпі шоқысына отырғызады. Құртқашаштың гүлдеу уақыты түріне қарай көктемге немесе жаздың басына сәйкес келеді. Табиғаттағы түрлері сәуір айында ерте гүлдесе, көгалдандырудағы түрлері мамыр, маусым айларында гүл жарады. Егер, өскен ортасы ыстық болса гүлдеуі 15-20 күнге, ал ауа-райы салқын болса 25-30 күнге созылады. Кейде құртқашаштың ұзақ гүлдегенін қалаған гүлпаздар оны көлеңкеге егіп, жаз ортасына дейін гүлдетіп жатады. Қазақстанның табиғатында құртқашаштың 21 түрі бар. Біраз түрі көгалдандыруда қолданылады. Қазақстанның Қызыл кітабына « Иридодиктиум» деген түрі еніп, қорғауға алынған. Құртқашаштың гүлінің түсі сары, көк, сиякөк болып келетін ергежейлі түрі және сазды, сулы жерлерде өсетін түрлері де бар.

Other Languages
العربية: سوسن
azərbaycanca: Süsən
žemaitėška: Vėlkdalgīs
беларуская: Касач
български: Ирис (растение)
čeština: Kosatec
Deutsch: Schwertlilien
Ελληνικά: Ίρις (βοτανική)
English: Iris (plant)
Esperanto: Irido
español: Iris (planta)
euskara: Lirio
فارسی: زنبق
Nordfriisk: Iris
galego: Lirio
עברית: אירוס
hrvatski: Perunika
hornjoserbsce: Škleńčica
magyar: Nőszirom
Հայերեն: Հիրիկ
Ido: Irido
italiano: Iris (botanica)
日本語: アヤメ属
ქართული: ზამბახი
한국어: 붓꽃속
Kurdî: Pizîlaq
Кыргызча: Чекилдек (Iris)
lietuvių: Vilkdalgis
Nederlands: Lis (geslacht)
polski: Kosaciec
português: Iris (género)
Runa Simi: Hamachi
română: Stânjenel
srpskohrvatski / српскохрватски: Perunika
Simple English: Iris (plant)
slovenščina: Perunika
српски / srpski: Перунике
svenska: Irissläktet
тоҷикӣ: Савсан
українська: Півники
Tiếng Việt: Chi Diên vĩ
中文: 鸢尾属