Қырмызыгүл

Қырмызыгүл
Calenduleae sp.
Calenduleae sp.
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Asteroideae
Тайпасы: Calenduleae
Тегі: Calendula
L.
түрлері

15–20 түрі белгілі

A.
Қырмызыгүл

Қырмызыгүл ( лат. Calendula) – астралылар тұқымдасына жататын жартылай бұта, бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 см-дей. Сабағы бұтақтанып өседі. Жапырақтары ұзынша қондырма, қандауыр пішіндес, жиектері тегіс. Гүл шоғы ұзын гүл сидамына орналасқан себетгүл, оның шетін 1 — 2 қатар жапырақ қоршап тұрады. Гүлі көбіне сары, сарғыш түсті, сондай-ақ қос жынысты, хош иісті. Тұқымы таға пішінді. Мамыр айының аяқ шенінен бастап, суық түскенге дейін гүлдейді. Жемісі — дәнек. Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана түрі бар, ол — дәрілік қырмызыгүл (С. offіcіnalіs). Оның құрамында календен атты ащы зат, шайыр, әр түрлі қышқылдар, шырышты заттар және каротиноидтар, алкалоидтар, эфир майы бар. қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі болған. Халықтық медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшық және көз ауруларын емдеуге қолданылады. Себеті тамаққа пайдаланылады. Саябақтар мен гүлзарларда әсемдік үшін қолдан егіледі. [1]

Өсімдік туралы

Қырмызыгүл – қашқаргүлдер тұқымдасына жатады. Тұқымдасында 30-ға жуық түрі Жерорта теңізінің жағалауында таралған. Көбінесе ол біржылдық өсімдік. Қырмызыгүлдің өзіне тән жұпар иісінен алыстан тануға болады. Көгалдандырудан гөрі емдік мақсатта өте ерте заманнан қолданылып келеді. Біржылдық гүлдердің ішінде жер талғамай тұқымы шашылып өздігімен де шыға беретін гүлдің бірі. Биіктігі сұрпына қарай 15-75 см аралығында болады. Сабақтары қырлы, жабысқақ түкті болып келеді. Гүлдері сабағына тығыз орналасады. Жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Диаметрі 4-10 см аралығында. Түсі солғын сарыдан, қызғылт сары түске дейін болып келеді.

Other Languages
العربية: بكورية
asturianu: Calendula
azərbaycanca: Gülümbahar
تۆرکجه: گۆلومباهار
башҡортса: Календула
беларуская: Наготкі
български: Невен
català: Calèndula
Cebuano: Calendula
čeština: Měsíček (rod)
dansk: Morgenfrue
Deutsch: Ringelblumen
dolnoserbski: Knochace
Ελληνικά: Καλέντουλα
English: Calendula
español: Calendula
euskara: Calendula
suomi: Kehäkukat
français: Calendula
galego: Calendula
hrvatski: Neven
hornjoserbsce: Smjerdnički
Հայերեն: Վաղենակ
italiano: Calendula
한국어: 금잔화
lietuvių: Medetka
नेपाल भाषा: गिन्निस्वां
Livvinkarjala: Kalendula
polski: Nagietek
پنجابی: کیلنڈولا
português: Calendula
română: Calendula
русский: Календула
shqip: Calendula
українська: Нагідки
Tiếng Việt: Calendula
Winaray: Calendula
中文: 金盞花屬