Қоға тұқымдасы

Қоға тұқымдасы
Typha minima2.jpg
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
(unranked)Дара жарнақтылар
Сабы:Poales
Тұқымдасы:Typhaceae
Juss.
Тектері

Sparganium
Typha

Қоға тұқымдасы[1] (лат. Typhaceae) – дара жарнақтыларға жататын көп жылдық өсімдіктер.

Ботаникалық сипаты

Тік кірпібас (Sparganium erectum)
Жалпақжапырақты қоға (Typha latifolia )
493 Typha latifolia.jpg
  • Қоға тұқымдасы сулы және батпақты жерде өседі, ұзын әрі көлденең төсемді тамыры бар.
  • Биіктігі 30-100 см, кейде одан да биік.
  • Сабақтары цилиндр немесе білік тәрізді.
  • Жапырақтары сабақ бойында (кірпібас) немесе төменгі бөлігінде жерге жақын (қоға) орналасады. Жапырақтары ұзынша, кейде таспа тәрізді, сыртында қабықшасы бар, қатты (сирек жұмасқ), жиегі тегіс, түбінде қынабы болады, ұшынан бастап қурайды. Тыныc cаңлаулары өзгермелі.
  • Ұсақ гүлдері актиноморфты, бір үйлі және дара жынысты. Гүлі шар тәрізді гүлшоғырға (кірпібас) немесе цилиндр тәрізді собыққа (қоға) топталған. Гүлшоғырының жоғарғы бөлігі аталығы (3, кейде 1-8), төменгі бөлігі аналығы. Гүлсерігі қарапайым, кейде сыртында қабыршағы немесе түгі болады.
  • Кірпібастың сабағы қысқа, 1 немесе 2 ұзын аналық тармақтардан тұрады, жемісі сүйекті, сыртқы құрғақ қабаты және ішкі қатты қабаты болады.
  • Қоғаның сабағы ұзын, сыңар жақты қалақ тәрізді немесе ұзынша аналығы бар, жемісі - жаңғақ тәрізді. Олар маусым-шілдеде гүлдесе, кірпібастардың кейбір түрі тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі су бетіне түсіп, 1-4 күнге дейін (кей түрлері 4 аптаға дейін) сыртындағы түгінің арқасында су бетінде қалықтап жүреді де, су түбіне түсіп ашылады және тұқымын шашады. Алғашқы жапырақтары 1-1,5 айдан кейін пайда болады. Үш жылдан кейін өсімдік толық жетіліп, өнім беретін өскіндері шыға бастайды.
Other Languages
العربية: بوطية
asturianu: Typhaceae
български: Папурови
català: Tifàcia
Cebuano: Typhaceae
čeština: Orobincovité
dolnoserbski: Rogožowe rostliny
English: Typhaceae
español: Typhaceae
euskara: Typhaceae
فارسی: لوئیان
français: Typhaceae
Nordfriisk: Boberrosken
galego: Typhaceae
hrvatski: Rogozovke
hornjoserbsce: Rohodźowe rostliny
Bahasa Indonesia: Typhaceae
日本語: ガマ科
한국어: 부들과
македонски: Рогози
Nederlands: Lisdoddefamilie
norsk nynorsk: Dunkjevlefamilien
polski: Pałkowate
پنجابی: دب ٹبر
português: Typhaceae
română: Typhaceae
русский: Рогозовые
српски / srpski: Typhaceae
తెలుగు: టైఫేసి
українська: Рогозові
oʻzbekcha/ўзбекча: Qoʻgʻadoshlar
Tiếng Việt: Họ Hương bồ
Winaray: Typhaceae
中文: 香蒲科