Юлиан күнтізбесі

Юлиан күнтізбесі, ескі санат — б.з.б. 46 ж. Юлий Цезарь тағайындаған жыл санау жүйесі. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 3 жыл 365 күн, ал одан кейінгі төртінші жыл 366 күн болып есептеледі. 366 күндік жыл кібісе жыл деп аталады, оның нөмірі 4-ке қалдықсыз бөлінеді (мысалы, 1972, 1976, ...). Кібісе жылғы ақпанда 29 күн болады. Сонда Юлий күнтізбесі бойынша жылдың орташа ұзақтығы 365,25 күнге тең.

Нақты жылдың бұдан 0,0078 күні кем. Осы бөлшектен 400 жылда 3 күн жиналады. Мұнда алшақтықты түзетіп отыру үшін 1582 ж. григориан күнтізбесі қабылданған. Григориан күнтізбесі біздің елде 1918 ж. 14 ақпаннан бері қолданылып келеді. [1]

  • Дереккөздер:

Дереккөздер:

  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том


Other Languages
azərbaycanca: Yuli təqvimi
башҡортса: Юлиан календары
беларуская: Юліянскі каляндар
беларуская (тарашкевіца)‎: Юліянскі каляндар
brezhoneg: Deiziadur juluan
Esperanto: Julia kalendaro
Nordfriisk: Juliaans kalender
Kreyòl ayisyen: Almanak jilyen
Bahasa Indonesia: Kalender Julius
日本語: ユリウス暦
한국어: 율리우스력
къарачай-малкъар: Юлиан орузлама
Lëtzebuergesch: Julianesche Kalenner
Bahasa Melayu: Takwim Julius
Nederlands: Juliaanse kalender
srpskohrvatski / српскохрватски: Julijanski kalendar
Simple English: Julian calendar
slovenščina: Julijanski koledar
Türkçe: Jülyen takvimi
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: جۇلىيان تەقۋىمى
oʻzbekcha/ўзбекча: Yulian taqvimi
Tiếng Việt: Lịch Julius
吴语: 儒略曆
中文: 儒略曆
Bân-lâm-gú: Julius Le̍k-hoat
粵語: 儒略曆