Этнология

Simvol kin.JPG

Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этн. картографияны зерттеу ісі Этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен бүкіл дүние жүзі халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен этн. тарихын, артта қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына ғыл. талдау жасайды. Этнология термині шетелдік тарихнамада кеңінен қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, мұнда Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді. КСРО ыдырай бастаған кезде ғана Этнология термині этнографияны ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғыл.-теор. пікір-сайыстар туғызды. Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған. Алғашқыда Э. дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс 20 ғ-дың бас кезіне дейін созылды. Кейіннен түрлі саяси және экон. мүдделерге сай ғылымның ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этн. антропология, этн. социология, этн. психология, экон. Этнология, этнодемография, этн. география, этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді. Қазақстанда Этнологиялық ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен басталған мол Этнологиялық материалдар ғасырлар бойы жинақтала берді. [[|Қазақ|Қазақтар]] туралы нақтылы этнол. деректерді патшалық Ресей тұсында Қазақстанға келген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл салада П.С. Паллас, И.Г. Георги, И.П. Фальк, И.Г. Андреев, А. Левшин сынды зерттеушілердің еңбектері зор. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ Э-сына елеулі үлес қосқандар Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин, М.Бабажанов болды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде қазақ Этнологиясына Н.Гродеков, Н.Аристов, Ә.Диваев, Г.Н. Потанин, Шәкерім, І.Қостанаев, т.б. елеулі үлес қосты. 20 ғ-дың 20-жылдарының соңында С.И. Руденко бастаған ғыл. экспед. құрылып, оның құрамында Ә.Х. Марғұлан жұмыс істеді. Бұл экспед. “Қазақтар“ деген атпен бірнеше жинақтар шығарды. 1946 ж. Қазақстан ҒА құрамында Тарих және этнология институты ашылғаннан кейін ел арасынан дерек көздерін жинастыру, ғыл. талдау жүргізу жұмыстары жолға қойылды. Жинақталған мағлұматтар негізінде қазақ халқын этнол. тұрғыда зерттеу тарихы (Е.Масанов), ру-тайпалық құрамы (В.Востров, М. Мұқанов, Х.Арғынбаев), ұлттық киімдері (И.Захарова, Р.Ходжаева), басқа өңірлердегі қазақтардың тұрмысы (У.Шалекенов), неке және отбасы, ұлттық қолөнер (С.Қасиманов), ұлттық тағамдар, т.б. көптеген тақырыптар төңірегінде көлемді зерттеулер жүргізілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін республикада этнол. ізденістер тарихи шындық тұрғысынан түзіле бастады. Республиканың түкпір-түкпірлерінде ғыл. ошақтар өркендеп, бірқатар зерттеушілер (Ә.Төлеубаев, С.Әжіғали, Ж.Артықбаев, Ш.Тоқтабаева, т.б.) этнол. мәселелерді жаңа қырынан қарастыруда. Ғалымдар мемл. “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша да тың зерттеулер жүргізіп келеді. Д. Сүлейменұлы[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

<references>


  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Other Languages
aragonés: Etnolochía
العربية: علم الأعراق
asturianu: Etnoloxía
azərbaycanca: Etnologiya
Boarisch: Ethnologie
žemaitėška: Etnoluogėjė
беларуская: Этналогія
беларуская (тарашкевіца)‎: Этналёгія
български: Етнология
bosanski: Etnologija
català: Etnologia
čeština: Etnologie
kaszëbsczi: Etnologiô
Cymraeg: Ethnoleg
dansk: Etnologi
Deutsch: Ethnologie
Zazaki: Etnolociye
Ελληνικά: Εθνολογία
English: Ethnology
Esperanto: Etnologio
español: Etnología
eesti: Etnoloogia
euskara: Etnologia
فارسی: نژادشناسی
suomi: Kansatiede
Võro: Etnoloogia
français: Ethnologie
galego: Etnoloxía
Avañe'ẽ: Tekochaukahakuaaty
עברית: אתנולוגיה
hrvatski: Etnologija
Kreyòl ayisyen: Etnoloji
Հայերեն: Էթնոլոգիա
Bahasa Indonesia: Etnologi
italiano: Etnologia
日本語: 民族学
Basa Jawa: Ètnologi
ქართული: ეთნოლოგია
한국어: 민족학
Latina: Ethnologia
Lëtzebuergesch: Ethnologie
lietuvių: Etnologija
latviešu: Etnoloģija
олык марий: Этнологий
македонски: Етнологија
Bahasa Melayu: Etnologi
Nederlands: Etnologie
norsk nynorsk: Etnologi
norsk: Etnologi
occitan: Etnologia
polski: Etnologia
português: Etnologia
română: Etnologie
русский: Этнология
русиньскый: Етнолоґія
Scots: Ethnology
srpskohrvatski / српскохрватски: Etnologija
Simple English: Ethnology
slovenčina: Etnológia
slovenščina: Etnologija
српски / srpski: Етнологија
svenska: Etnologi
Tagalog: Etnolohiya
Türkçe: Etnoloji
українська: Етнологія
oʻzbekcha/ўзбекча: Etnologiya
Tiếng Việt: Dân tộc học
Winaray: Etnolohiya
中文: 民族学
Bân-lâm-gú: Bîn-cho̍k-ha̍k
粵語: 民族學