Электр тогы

Электр тогыэлектр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.


Зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде — электрондар, электролиттердеиондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.

Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.

Сипаттамалар

Электр тогының бағыты шартты түрде өткізгіштердегі оң заряд тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады, бірақ өткізгіштердегі заряд тасушылардың заряды теріс (мысалы, металда электрон) болғандықтан ток бағыты электрондардың бағытына қарсы келеді. Электр тогы өткізгіш бойымен спиральді қозғалады.

Токтың тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.

  • Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейді. Тұрақты ток көздері: аккумуляторлар, батареялар. Электрондар - тан + ағылады.
2-сурет. Айнымалы ток тербелісі
3-сурет. Периодты i(t) айнымалы токтың графигі
  • Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Ток күші (және кернеу) өзгерісі (тербеліс) қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (3-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Уақыт бірлігінде жасалған периодтар саны жиілік деп аталады. Айнымалы ток жоғарғы жиілікте өткізгіш сыртына ығыстырылады, бұл скин-эффект құбылысы деп аталады.

Э. т. физ. табиғатына қарай өткізгіштік Э. т. (электр өрісінің әсерінен өткізгіште не шала өткізгіште пайда болатын ток тасушылардың реттелген қозғалысы), конвекциялық Э. т. (электрлік өткізгіштігі болмайтын ортадағы не вакуумдағы зарядталған бөлшектер мен денелердің қозғалысы), поляризациялық Э. т. (диэлектриктегі поляризациялық өзгеруі нәтижесінде ондағы байланысқан зарядталған бөлшектердің қозғалысы) болып бөлінеді. Э. т-ның өлшеуішіне ток күші және ток тығыздығы алынады. Э. т. магнит өрісінің көзі болып есептеледі. Магнит өрісін қарастырған жағдайда Э. т.: макроскопиялық ток (өткізгіштік және конвекц. Э. т.), молекулалық ток (ортаны құрайтын атом, молекула және иондардағы электрондардың қозғалысына сәйкес келетін микротоктар; ығысу тогы) болып ажыратылады.

Other Languages
Alemannisch: Elektrischer Strom
العربية: تيار كهربائي
azərbaycanca: Elektrik cərəyanı
башҡортса: Электр тогы
беларуская: Электрычны ток
беларуская (тарашкевіца)‎: Электрычны ток
нохчийн: Ток
Esperanto: Elektra kurento
Nordfriisk: Stroom
עברית: זרם חשמלי
Kreyòl ayisyen: Kouran elektrik
interlingua: Currente electric
Bahasa Indonesia: Arus listrik
Ido: Korento
íslenska: Rafstraumur
日本語: 電流
Qaraqalpaqsha: Elektr togı
한국어: 전류
Кыргызча: Электр тогу
lietuvių: Elektros srovė
Malagasy: Rianaratra
македонски: Електрична струја
മലയാളം: വൈദ്യുതധാര
Bahasa Melayu: Arus elektrik
မြန်မာဘာသာ: လျှပ်စီး
Nederlands: Elektrische stroom
norsk nynorsk: Elektrisk straum
ਪੰਜਾਬੀ: ਬਿਜਲਈ ਕਰੰਟ
Piemontèis: Corent elétrica
پنجابی: کرنٹ
português: Corrente elétrica
română: Curent electric
srpskohrvatski / српскохрватски: Električna struja
Simple English: Electric current
slovenščina: Električni tok
српски / srpski: Електрична струја
Basa Sunda: Arus listrik
Kiswahili: Mkondo wa umeme
ślůnski: Sztrům
татарча/tatarça: Электр агымы
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: توك ئېقىمى
українська: Електричний струм
اردو: برقی رو
oʻzbekcha/ўзбекча: Elektr toki
Tiếng Việt: Dòng điện
吴语: 电流
მარგალური: ელექტრული დენი
中文: 电流
Bân-lâm-gú: Tiān-liû
粵語: 電流