Экзистенциализм

Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.[1][2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1


Other Languages
Afrikaans: Eksistensialisme
Alemannisch: Existenzialismus
አማርኛ: ኅልውነት
العربية: وجودية
مصرى: وجوديه
asturianu: Esistencialismu
azərbaycanca: Ekzistensializm
башҡортса: Экзистенциализм
беларуская: Экзістэнцыялізм
беларуская (тарашкевіца)‎: Экзыстэнцыялізм
čeština: Existencialismus
Cymraeg: Dirfodaeth
Zazaki: Estbiyayenı
Ελληνικά: Υπαρξισμός
Esperanto: Ekzistadismo
español: Existencialismo
français: Existentialisme
Gaeilge: Eiseachas
贛語: 存在主義
Avañe'ẽ: Jeikogua reko
interlingua: Existentialismo
Bahasa Indonesia: Eksistensialisme
íslenska: Tilvistarstefna
italiano: Esistenzialismo
日本語: 実存主義
la .lojban.: zatsi'o
한국어: 실존주의
Bahasa Melayu: Eksistensialisme
Nederlands: Existentialisme
norsk nynorsk: Eksistensialisme
ਪੰਜਾਬੀ: ਅਸਤਿਤਵਵਾਦ
português: Existencialismo
română: Existențialism
srpskohrvatski / српскохрватски: Egzistencijalizam
Simple English: Existentialism
slovenčina: Existencializmus
slovenščina: Eksistencializem
српски / srpski: Egzistencijalizam
Türkçe: Varoluşçuluk
українська: Екзистенціалізм
اردو: وجودیت
oʻzbekcha/ўзбекча: Ekzistensializm
Tiếng Việt: Chủ nghĩa hiện sinh
中文: 存在主义
Bân-lâm-gú: Chûn-chāi-chú-gī
粵語: 存在主義