Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары[1] — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:

  • қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;
  • осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;
  • әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.

Әлі тепе-теңдік күйге келмеген, бірақ уақыт өте келе біртіндеп Шөгінді тау жыныстарына айналатын осы тұнба күрделі физика-химиялық жүйе болып саналады. Осы жүйенің тау жыныстарына айналу процесі гипергенез, седиментогенез, диагенез, катагенез, т.б. даму сатыларында жүзеге асады. Шөгінді тау жыныстары бұрын болған эндогендік тау жыныстарының үгілу өнімдерінен пайда болғандықтан олардың химиялық құрамы бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы Шөгінді тау жыныстарында темір мен кальций тотығы және су мен көміртектің көбірек болуында. Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді.

Other Languages
العربية: صخر رسوبي
беларуская (тарашкевіца)‎: Асадкавыя горныя пароды
eesti: Settekivim
فارسی: سنگ رسوبی
עברית: סלע משקע
हिन्दी: अवसादी शैल
Bahasa Indonesia: Batuan sedimen
íslenska: Setberg
日本語: 堆積岩
한국어: 퇴적암
Lëtzebuergesch: Sediment
latviešu: Nogulumieži
македонски: Седиментна карпа
മലയാളം: അവസാദശില
Bahasa Melayu: Batuan enapan
မြန်မာဘာသာ: အနည်ကျကျောက်
Plattdüütsch: Sedimentit
norsk nynorsk: Sedimentær bergart
ਪੰਜਾਬੀ: ਤਲਛਟੀ ਚਟਾਨ
پنجابی: بیٹھی پڑی
português: Rocha sedimentar
srpskohrvatski / српскохрватски: Sedimentne stijene
Simple English: Sedimentary rock
slovenčina: Usadená hornina
slovenščina: Sedimentne kamnine
српски / srpski: Седиментне стене
Basa Sunda: Batu tamperan
oʻzbekcha/ўзбекча: Choʻkindi togʻ jinslari
Tiếng Việt: Đá trầm tích
中文: 沉积岩
Bân-lâm-gú: Tui-chek-giâm