Шайтан

Шайтан— діни танымда Құдайдың қаһарына ұшыраған, адамды азғырып аздыратын, өзімен бірге тозаққа әкетуді мақсат ететін пері. Шайтан оттан жаратылған, Ібілістің бұйрығын орындаушылар. Басты сипаттары тәкаппарлық, өзімшілдік, көре алмаушылық, менмендік. Құдайға көп құлшылық етуінің арқасында о баста періштелік дәрежеге жеткен, еткен тағат-ғибадатының қарымына орасан зор ғылым мен білімді иеленіп, періштелерге сабақ берген. Соңында осынша терең біліміне мастанып, топырақтан жаратылған Адам атаға сәжде жасамаймын деп Алла әмірінен бас тартып, лағнет қамытын киген, тозақ отына күю жазасына кесілген. Адам баласына тек дұшпандық ойлайды, бірақ оның дұшпандығының өзі Рахымды Құдайдың құдіретімен адамның рухани толысуына қызмет етуі мүмкін. Яғни, адам баласы Шайтанның әрекетіне қарсы күресудің арқасында рухани дамиды. Ібіліс Құдайдан бұл дүниеде мәңгі өмір сүруді, адам баласының ойына араласып, аздыру мүмкіндігін сұрап алған. Құран Кәрімнің Исра сүресінің 62-аятында Шайтан «Адам ұрпақтарын хақ жолдан тайдырып, түп-тамырымен құртамын. Тек біраз құлдарыңды ғана азғыра алмаймын» дейді. Әрбір адамның бойында періштесімен қатар өзінің Шайтаны болады. Шайтан адамның бойындағы нәпсілік құштарлықтарын қоздыру арқылы әрекет жасайды, күнәлі істерге бастап, құлшылығына кедергі жасайды, адамды түзу жолдан тайдыруға, сөйтіп, түбінде тозаққа түсуге итермелейді. «Мен адам ұрпақтарын алдынан, артынан, оңынан, солынан келіп, азғырамын. Ей, Раббым, сен өзіңнің құлдарыңның көбін, берген нығметтеріңнің қадірін біліп, шүкіршілігін қылатындардың қатарынан таппайсың» (әл-Ағраф сүресі, 17-аят) деген Шайтаннан пана табудың жолы Алла есімін көп еске алып, зікір ету.[1]

Тағы қараңыз

Other Languages
Afrikaans: Satan
Ænglisc: Satan
العربية: شيطان
asturianu: Satanás
azərbaycanca: Şeytan
žemaitėška: Šetuons
беларуская: Сатана
български: Сатана
বাংলা: সাতান
català: Satan
čeština: Satan
словѣньскъ / ⰔⰎⰑⰂⰡⰐⰠⰔⰍⰟ: Сатана
Чӑвашла: Шуйтан
Cymraeg: Satan
dansk: Satan
Deutsch: Satan
Zazaki: Şeytan
Ελληνικά: Σατανάς
English: Satan
Esperanto: Satano
español: Satanás
eesti: Saatan
euskara: Satan
فارسی: شیطان
suomi: Saatana
français: Satan
furlan: Satane
Gaeilge: Satan
galego: Satanás
𐌲𐌿𐍄𐌹𐍃𐌺: 𐌳𐌹𐌰𐌱𐌰𐌿𐌻𐌿𐍃
עברית: שטן
हिन्दी: शैतान
hrvatski: Sotona
Kreyòl ayisyen: Satan
magyar: Sátán
հայերեն: Սատանա
Bahasa Indonesia: Setan
ГӀалгӀай: Йилбаз
Ido: Satano
íslenska: Satan
italiano: Satana
日本語: サタン
ქართული: ეშმაკი
한국어: 사탄
kurdî: Şeytan
Latina: Satanas
lietuvių: Šėtonas
latviešu: Sātans
македонски: Сатана
Bahasa Melayu: Syaitan
Nederlands: Satan
norsk nynorsk: Satan
norsk: Satan
occitan: Satan
ਪੰਜਾਬੀ: ਸ਼ੈਤਾਨ
polski: Szatan
português: Satanás
Runa Simi: Satanas
română: Satan
русский: Сатана
srpskohrvatski / српскохрватски: Satana
Simple English: Satan
slovenčina: Satan
slovenščina: Satan
српски / srpski: Сатана
svenska: Satan
Kiswahili: Shetani
ślůnski: Szatan
தமிழ்: சாத்தான்
తెలుగు: షైతాన్
тоҷикӣ: Шайтон
ไทย: ซาตาน
Türkçe: Şeytan
татарча/tatarça: Шайтан
українська: Сатана
vepsän kel’: Soton
Tiếng Việt: Satan
Winaray: Satanas
isiXhosa: USathane
მარგალური: ქერქენჯი
中文: 撒但