Чикаго (фильм, 2002)

Чикаго
Chicago
Жанры

комедия, криминалды фильм, драма, мюзикл

Режиссёрі

Роб Маршалл

Продюсері

Мартин Ричардс

Сценарийдің авторы

Билл Кондон

Басты рөлдерде

Рене Зелльвегер
Кэтрин Зета-Джонс
Ричард Гир

Композиторы

Джон Кандер

Кинокомпания

Miramax Films

Ұзақтығы

113 мин

Бюджеті

45 млн$

Кассалық түсімі

$ 306 776 732

Мемлекет

  АҚШ
  Германия

Шыққан жылы

2002 жыл

«Чикаго» ( ағылш. Chicago) – аттас мюзикл бойынша режиссер Роб Маршалл түсірген фильм. Номинацияланған он үшін Оскар сыйлықтарының атауын иемденді, соның ішінде жылдың үздік фильм атағын алды.

Сюжет

Оқиға 1920 жылдарда Чикагода өтеді. Басты кейіпкер – Чикаго қаласының тұрғыны, Рокси Харт механик Эймоспен ұзақ жылдар бойы неке тұрады. Алайда ол одан үлкен нәрсе туралы армандайды – оның кумирі – Вэлма Келли примадонна сияқты үлкен сахнаға шыққысы келеді. Осының орнына Рокси күні бойы үйде отырып, ақкөңіл Эймостың жұмыстан келгенін күтеді. Қоғамға шығу үшін Рокси жиһаз сатушы Фред Кейслимен роман бастайды. Себебі сатушы өзінің досы – кабаренің иесіне Рокси туралы бір аузы сөз айтуға келіседі. Шын мәнісінде ондай дос жоқ еді және Кейсли оны пәлелік үшін алдаған. Шыңдықты біліп, бұл жағдайды төзгісі келмейді. Ол көңілдесін күйеуінің тапаншасынан өлтіреді. Алдында Эймос оның кінәсін өзіне алғысы келді, себебі Роксидің сөзінше өлтірілген адам үйге келген ұрлықшы болғанын айтады. Бірақ кейін ол оның Роксидің көңілдесі болғанын білгеннен кейін әйелін түрмеге жібереді. Осыдан кейін Роксидің чикагоның әйелдерге арналған түмесіндегі оқиғасы басталады. Ашулананып, әнші Вельма күйеуін және әпкесін өлтіріп, сол түрмеге түседі. Бұл түрмеде эксцентірлі, өзін Мама деп атайтын қараушы қожалық етеді. Ол сол жерде қатал ережелерді енгізді, алайда ақша үшін кез келген нәрсені жасауға дайын.

Сондай-ақ сюжеттің басты кейіпкері адвокат Билли Флинн болып табылады. Ол қызметі үшін көп ақша алады және ешбір істе жеңілген жоқ. Рокси оның ісімен Биллидің жұмыс істегенін қалайды, алайда Флинн Вэлманың ісімен жұмыс істейді. Роксидің сұрауы бойынша Мама Флиннмен қарым-қатынас жасап, Флинн Роксидің ісімен айналысуға еріксіз келіседі. Осыдан кейін Вэлма мен Рокси қас болады. Флин Роксидің ісі жөнінде көптеген адам білу үшін беделін қолданады. Оның оқиғасы прессада назар алдына түседі және басты кейіпкердің арманы орындалады: ол танымал тұлғаға айналады. Бірге олар бүкілін ойластырып, істі жеңу үшін бәріне дайын болады. Сондай-ақ соттың алдында түрмеде басқа қамалған әйел – Каталин Хелинскиге атылу жазасы қолданылды. Оның қазасынан кейін Рокси ақталу үшін бәрін жасауға дайын болады. Алайда оның жеңілу ықтималдығы бұрынғыша жоғары.

Other Languages
العربية: شيكاغو (فيلم)
azərbaycanca: Çikaqo (film, 2002)
български: Чикаго (филм, 2002)
bosanski: Chicago (film)
čeština: Chicago (film)
Ελληνικά: Σικάγο (ταινία)
hrvatski: Chicago (2002.)
Bahasa Indonesia: Chicago (film)
latviešu: Čikāga (filma)
македонски: Чикаго (филм)
Bahasa Melayu: Chicago (filem 2002)
Nederlands: Chicago (2002)
srpskohrvatski / српскохрватски: Chicago (film, 2002)
српски / srpski: Чикаго (филм)
українська: Чикаго (фільм)