Хань мемлекеті

Хань мемлекеті, Хань империясыҚытайдағы Хань әулеті құрған мемлекет (біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы — біздің заманымыздың 220 жылы)

Хань мемлекеті құрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар “күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды. Хань мемлекетінде ірі сауда орт-тары (Лоян, Чэнди, Ханьдань, Линьцзы) күшейіп, тауар-ақша қатынастары, сыртқы және ішкі сауда дамыды. У-ди патшалық еткен кезде (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) қалпына келтірілген және өзгеріске ұшыраған конфуцийшілдік ілім үстем ресми идеология болып танылып, монархиялық биліктің тірегіне айналды. Хань билеушілері көршілес халықтарға қарсы ұзаққа созылған басқыншылық соғыстар жүргізді. Жоңғария мен Шығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне дейін жететін “Ұлы Жібек жолы” ашылды. Вьет мемлекеті — Намвьет — Аулак (қазіргі Гуандунь провинциясы, Гуан-си-Чжань автономия ауданы мен Үндіқытай түбегінің солтүстік), қазіргі Чжэцзян мен Фуцзянь провинцияларының оңтүстік бөлігі, Корей мемлекеті — Чосон (Чаосянь) жаулап алынды. Дегенмен, ұзаққа созылған соғыстар және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хань мемлекетінде халықтың тұрмысы нашарлап, әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.

A spade-shaped bronze coin issued during Wang Mang's (r. 9–23 CE) reign period

Тақты басып алған Ван Ман (9 —23 жылы билік етті) жерге жеке меншікті жоюға әрекеттеніп, құл сатып алуға, сатуға тыйым салды, басқа да реформалар жүргізді. Алайда оның реформалары елдегі саяси жағдайды тұрақтандыра алмады. Көп ұзамай шаруалардың, әскерлер мен құлдардың жаппай көтерілістері басталды.

Хань Империясы, 2-ші ғасыр

25 жылы көтерілісшілер ел астанасы — Чаньань қаласын басып алғаннан кейін алғашқы Хань мемлекеті жойылды. Көтерілісшілермен күрестің барысында жергілікті ақсүйектер Лю Сю бастаған жаңа — Кейінгі немесе Шығыс Хань әулетінің (25 — 200) негізін қалады.

An Eastern Han green-glazed pottery dog, 25-220 CE

27 жылдың соңында “Қы-зыл қастылар” көтерілісі басып жанышталды, тек 37 жылы ғана Лю Сюға “күшті үйлерге” сүйене отырып, елді біріктірудің сәті түсті. Шығыс Хань әулетінің алғашқы билеушілері шаруаларға жеңілдіктер жасап, салық көлемін азайтты. Батыстағы елдермен “Ұлы Жібек жолы” және оңт-тегі теңіз жолы арқылы экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қайта жанданды. Елдегі жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хань әулеті сыртқы жаулап алу соғыстарын жалғастырды. Әскери қимылдар қолбасшы Бань Чаоның белсенді дипломаттық әрекеттерімен қатар жүргізілді. Хань мемлекетіне Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы біраз иеліктер тәуелділікке түсті. Алайда Бань Чаоның өлімінен кейін империяға тәуелді жерлер оған қарсы көтерілді.

184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хань әулетінің билігі құлдырап кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізді. Олар 220 жылы Шығыс Хань империясын жойып, оның орнына Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды. Хань мемлекетінің батыстағы негізгі жауы ғұндар болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 — 1 ғасырларда ғұндардың қауіпті болғаны сонша Хань мемлекетінің олардан қорғану үшін Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінген Хань билеушілері ғұндарды бір-біріне айдап салуға тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. Ғұн мемлекеті ыдырап, бір бөлігі батысқа ауып кетті де, қалғандары Хань мемлекетініңне бағынды.

Хань әулеті

Хань әулетіҚытайды біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген императорлық әулет. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань (біздің заманымыздан бұрынғы 206 — біздің заманымыздың 25 жылы) және Шығыс немесе Кейінгі (Кіші) Хань (біздің заманымыздың 25 — 220 жылы) болып бөлінеді. Қытай тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт (біздің заманымыздың 9 — 23 жылы) пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, орталықтанған күшті империя құрды. Алайда оның туыстары мен жақтастарына көлемді жер иеліктерін бөліп беру саясаты елдің жікке бөлінуіне алғышарт жасады. Өз әскері, қаржысы мен әкімшілігі болған дербес иеліктер орталыққа қарсы тұрған патшалықтарға айналды. Орталық өкімет император Цзин-Ди (біздің заманымыздан бұрынғы 156 — 141 жылы), әсіресе, У-ди (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) патшалық еткен кезде нығая түсті.

Хань әулетінің ресми идеологиясы конфуцийшілдік болды. Хань әулеті солтүстік пен солттүстік-батыста ғұндарға, батыста цян тайпаларына, Шығыс пен солтүстік-шығыста Кореяға, оңтүстік пен оңтүстік-батыста ухуаньдар мен сяньбилерге қарсы жаулап алушылық соғыстар жүргізіп, империя шекараларын елеулі ұлғайтты. Хань әулеті кезінде Орталық Азия мемлекеттерімен және Үндістанмен сауда және мәдени байланыстар орнатылды. Батыс Хань шаруалардың “Қызыл қастылар” және “Жасыл орман тұрғындары” (117 — 27 жылы) көтерілістерінің нәтижесінде құлады. Шығыс Хань шаруалардың ірі “Сары орамалдылар” көтерілісі (184 — 204) мен әскери ақсүйек топтардың күресінің барысында құлады.

Other Languages
Afrikaans: Han-dinastie
Alemannisch: Han-Dynastie
aragonés: Dinastía Han
مصرى: عيلة خان
অসমীয়া: হান ৰাজবংশ
asturianu: Dinastía Han
azərbaycanca: Han sülaləsi
башҡортса: Хань (династия)
беларуская: Дынастыя Хань
беларуская (тарашкевіца)‎: Дынастыя Хань
български: Хан (династия)
brezhoneg: Tierniezh Han
bosanski: Dinastija Han
буряад: Хань улас
català: Dinastia Han
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Háng-dièu
čeština: Dynastie Chan
Чӑвашла: Хань (ăру)
Deutsch: Han-Dynastie
Ελληνικά: Δυναστεία Χαν
English: Han dynasty
Esperanto: Dinastio Han
español: Dinastía Han
euskara: Han dinastia
føroyskt: Han-ríkið
français: Dynastie Han
贛語:
客家語/Hak-kâ-ngî: Hon-chhèu
עברית: שושלת האן
हिन्दी: हान राजवंश
Fiji Hindi: Han Samrajya
hrvatski: Dinastija Han
հայերեն: Հան դինաստիա
Bahasa Indonesia: Dinasti Han
íslenska: Hanveldið
italiano: Dinastia Han
日本語:
Basa Jawa: Wangsa Han
ភាសាខ្មែរ: រាជវង្សហាន
한국어: 한나라
Latina: Domus Han
lietuvių: Hanų dinastija
latviešu: Haņu dinastija
македонски: Хан (династија)
монгол: Хань улс
Bahasa Melayu: Dinasti Han
မြန်မာဘာသာ: ဟန်မင်းဆက်
नेपाली: हान राजवंश
नेपाल भाषा: हान राजवंश
Nederlands: Han-dynastie
norsk nynorsk: Han-dynastiet
occitan: Dinastia Han
ਪੰਜਾਬੀ: ਹਾਨ ਰਾਜਕਾਲ
polski: Dynastia Han
پنجابی: ہان سلطنت
português: Dinastia Han
română: Dinastia Han
русский: Империя Хань
русиньскый: Дінастія Ган
srpskohrvatski / српскохрватски: Dinastija Han
Simple English: Han dynasty
slovenščina: Dinastija Han
српски / srpski: Династија Хан
svenska: Handynastin
Kiswahili: Nasaba ya Han
Türkmençe: Han dinastiýasy
Türkçe: Han Hanedanı
татарча/tatarça: Хань чоры
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: خەن سۇلالىسى
українська: Династія Хань
oʻzbekcha/ўзбекча: Xan (sulola)
Tiếng Việt: Nhà Hán
Winaray: Dinastiya Han
吴语: 汉朝
Vahcuengh: Hanciuz
中文: 汉朝
文言:
Bân-lâm-gú: Hàn
粵語: