Фридрих Энгельс

Engels.jpg

Фридрих Энгельс ( 1820 жылғы қарашаның 28-і – 1895 жылғы тамыздың 5-і) — неміс революционері және пәлсапашысы. Ол өзінің көбірек белгілі досы және әріптесі Карл Маркспен бірге коммунизм теориясын дамытып, Коммунистік партияның манифесі атты еңбекті жазды (1848). Сонымен бірге Енгелс Маркстың қайтыс болғанынан кейін Капиталдың екінші және үшінші томдарын өңдеп, баспаға әзірледі.

Өмірбаяны

Жастық шағы

Фридрих Енгелс Пруссия патшалығының Райн провинциясындағы Бармен қаласында дүниеге келді. Оның әкесі мата өндірісімен шұғылданған кәсіпкер болатын, кейін Енгелстің онымен қарым-қатынастары жиі-жиі күрделі болып отырды. [1] Отбасылық жағдайына байланысты Енгелс мектепті тастап, 1838 жылы Бремендегі сауда үйінде жалақы алмайтын кеңсе қызметкері болып жұмыс істеуге жіберілді. [2] [3] Осы кезде Енгелс неміс пәлсапасына ықпалы зор болып отырған Гегел ілімімен таныса бастады. 1838 жылдың қыркүйек айында ол «Бремишес конверсационсблатт» басылымның 40 санында « Бәдәуи» атты поэмасын жариялады. Ол басқа да әдеби және журналистік шығармалармен шұғылданды. [4] [5] 1841 жылы Енгелс Пруссия әскеріне артиллерия бөліміне әскери қызмет атқаруға енді. Бұның себебінен ол Берлинге жіберіліп, онда ол университет лекцияларын тыңдап, жас һегельшілермен жақын қатынас орнатып, Райнише Цайтунг газетінде мақалалар жариялап жүрді. [3] Өмір бойы Енгелс өзінің рухани дамуы үшін неміс пәлсапасына қарыздар екенін айтып жүрді. [2]

Англия

Фридрих Енгелстің Примроуз Хиллдағы үйі

1842 жылы 22 жасар Енгелс әкесі акционерлерінің бірі болып табылатын «Ермен және Енгелс» текстиль фирмасында жұмыс істеу үшін Англиядағы Манчестер қаласына жіберілді. [6] [7] Енгелстің әкесінің сондағы үміті баласының қалыптасып келе жатқан радикал көзқарастарын өзгертпей ме деген болатын. [2] [7] Манчестерге жол жүріп бара жатқан кезде Енгелс Райнише Цайтунг газетінің редакциясына барып, сонда Карл Маркспен бірінші рет кездесті. [8] Манчестерде Енгелс Мери Бернс деген жас әйелмен танысып, Мери Бернс 1862 жылы қайтыс болғанға дейін екеуі өзвара тығыз қарым-қатынас орнатты. [9] Мери Енгелсті Манчестермен таныстырып, ағылшын жұмысшы табы туралы көп мағлұмат берді. Екеуінің қарым-қатынасын өмірлік серіктестік деп атауға болатын, олар ресми түрде неке қиысқан жоқ, себебі Енгелс отбасын табиғатқа қарсы және әділетсіз деп санап, отбасы ұғымына мүлдем қарсы болды. [10]

Манчестерде Енгелс ағылшын жұмысшыларының жантүршігерлік жағдайын өз көзімен көріп, жазып алып отырды. Оның бірінші кітабы — 1844 жылы Англиядағы жұмысшы табының жағдайы деген кітабы негізінен осы жасаған бақылауларына және әкесінің фирмасында жұмыс істеп жүрген кездерінде өз көзімен көргендеріне негізделген. «Жұмысшылардың жағдайын» жазып жүрген кезінде Енгелс радикалды журналистика мен саясатпен айналысуын жалғастыра берді. Ол ағылшынның лейборист және чартист қозғалыстарының кейбір мүшелерімен жақын танысып, « Нортерн Стар», Роберт Оуеннің Ню Морал Уорлд және Демократик Ревью сияқты басылымдарда мақалалар жариялап тұрды. [9] [11]

Париж

Англиядағы табысты өткен уақытынан кейін Енгелс 1844 жылы Германияға қайтуды ұйғарады. Жол жүріп бара батып, ол Парижде кідіріп, бұрыннан бері хат жазысып жүрген Карл Маркспен кездеседі. Маркс пен Енгелс 1844 жылғы тамыздың 28-інде «Пляс дю Пале» алаңындағы «Кафе де ла Режонс» кафесінде кездесті. Екеуі сол кезден бастап өмірлерінің соңына дейін жақын досқа айналады. Ақыры Енгелс Марксқа « Киелі отбасы» деген кітап жазуға көмектесу үшін Парижде ұзағырақ уақытқа қалады. Бұл кітапта жас һегелшілдер мен ағайынды Брунолар сынға алынады. Енгелс одан бұрынырақ сол жылы Маркс пен Арнолд Руге бірлесіп шығаратын журналға мақалалар жазды. [6]

Брюссел

1845 пен 1848 жылдардың арасында Енгелс пен Маркс Брюсселде тұрып, қаланың неміс жұмысшыларын ұйымдастырумен айналысты. Сонда келе салысымен олар құпия жұмыс істейтін неміс коммунистік лигасының мүшелігіне кірді. Лига оларға коммунизм идеяларын түсіндіретін бір шығарма жазуды тапсырды. Соның нәтижесінде « Коммунистік партияның манифесі» пайда болды. Ол алғаш рет 1848 жылғы ақпанның 21-інде жарияланды.

Пруссияға қайтып оралу

1848 жылдың ақпан айында Францияда төңкеріс орын алды. Ол кейін басқа да Батыс Еуропа елдеріне тарады. Сол себепті Енгелс пен Маркс өздерінің отаны Пруссияға қайтып оралды. Олар Кёльн қаласынпда қоныстанды, сонда олар Нойе Райнише Цайтунг атты жаңа газет шығара бастады. [6] Бірақ 1849 жылдың маусымындағы Пруссияда болған мемлекеттік төңкерістен кейін газет қудалана бастады. Енгелс пен Маркс бір-бірінен көз жазып қалды, Маркс өзінің пруссиялық азаматтығынан айырылып, Парижге, кейін Лондонға қашты. Енгелс Пруссияда қалып, Виллих қаласының еріктілер корпусының адъютанты ретінде оңтүстік Германияда орын алған қарулы көтеріліске қатысты. [12] Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін Енгелс босқын ретінде Швейцарияға қашып, кейін ол да Англияға келді. [2]

Қайтадан Манчестерде

Other Languages
aragonés: Friedrich Engels
asturianu: Friedrich Engels
azərbaycanca: Fridrix Engels
башҡортса: Фридрих Энгельс
беларуская: Фрыдрых Энгельс
беларуская (тарашкевіца)‎: Фрыдрых Энгельс
български: Фридрих Енгелс
brezhoneg: Friedrich Engels
čeština: Friedrich Engels
Esperanto: Friedrich Engels
français: Friedrich Engels
Gàidhlig: Friedrich Engels
客家語/Hak-kâ-ngî: Friedrich Engels
hornjoserbsce: Friedrich Engels
Bahasa Indonesia: Friedrich Engels
íslenska: Friedrich Engels
Basa Jawa: Friedrich Engels
Lëtzebuergesch: Friedrich Engels
lietuvių: Friedrich Engels
македонски: Фридрих Енгелс
Bahasa Melayu: Friedrich Engels
Nederlands: Friedrich Engels
norsk nynorsk: Friedrich Engels
Piemontèis: Friedrich Engels
português: Friedrich Engels
Runa Simi: Friedrich Engels
rumantsch: Friedrich Engels
sicilianu: Friedrich Engels
srpskohrvatski / српскохрватски: Friedrich Engels
Simple English: Friedrich Engels
slovenčina: Friedrich Engels
slovenščina: Friedrich Engels
српски / srpski: Фридрих Енгелс
татарча/tatarça: Фридрих Энгельс
українська: Фрідріх Енгельс
oʻzbekcha/ўзбекча: Engels Fridrix
Tiếng Việt: Friedrich Engels
მარგალური: ფრიდრიხ ენგელსი
Bân-lâm-gú: Friedrich Engels
粵語: 恩格斯