Франктер

франктер экспансиясы

Франктер — орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т.б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған Франктер. Дерек көздерінде олар алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады. Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж. ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады. 5 ғасырдың бас кезінде сали Франктері Соммаға дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағы бірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл атқарған.

Франк мемлекетінің құрылуы

Варварлар корольдігі жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы 486 жылы Солтүстік Галлияда құрылған Франк мемлекеті еді. Оны салий франктерінің меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын кол астына біріктіріп, Римнің карамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.

Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып, туыстасып кетті. Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды. Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол « Сали ақиқаты» деп аталды. Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны « құдай сотына» салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.

Other Languages
Afrikaans: Franke
Alemannisch: Franken (Volk)
aragonés: Francos
Ænglisc: Francan
العربية: فرنجة
مصرى: فرانكس
asturianu: Pueblu francu
azərbaycanca: Franklar
беларуская: Франкі
български: Франки
brezhoneg: Franked
bosanski: Franci
català: Francs
čeština: Frankové
Чӑвашла: Франксем
Cymraeg: Ffranciaid
dansk: Frankere
Ελληνικά: Φράγκοι
English: Franks
Esperanto: Frankoj
español: Pueblo franco
eesti: Frangid
euskara: Frankoak
فارسی: فرانک‌ها
suomi: Frankit
føroyskt: Frankar
français: Francs
Nordfriisk: Franken (fulk)
Frysk: Franken
Gaeilge: Na Frainc
galego: Francos
עברית: פרנקים
hrvatski: Franci
magyar: Frankok
Bahasa Indonesia: Suku Franka
íslenska: Frankar
italiano: Franchi
日本語: フランク人
ქართული: ფრანკები
한국어: 프랑크인
Kurdî: Frank
Latina: Franci
lumbaart: Franch (pòpol)
lietuvių: Frankai
latviešu: Franki
македонски: Франки
монгол: Франк
Bahasa Melayu: Orang Frank
Nedersaksies: Franken
Nederlands: Franken (volk)
norsk nynorsk: Frankarar
norsk: Frankere
occitan: Francs
polski: Frankowie
português: Francos
română: Franci
русский: Франки
sicilianu: Franchi
Scots: Franks
srpskohrvatski / српскохрватски: Franci
Simple English: Franks
slovenčina: Frankovia
slovenščina: Franki
српски / srpski: Франци
svenska: Franker
Kiswahili: Wafaranki
Türkçe: Franklar
українська: Франки
oʻzbekcha/ўзбекча: Franklar
Tiếng Việt: Người Frank
West-Vlams: Frankn
中文: 法蘭克人
Bân-lâm-gú: Frank lâng
粵語: 法蘭克人