Те Нин

Те Нин – қытай жазушысы, прозашы. 2006 жылдан бастап Қытай Жазушылар одағының мүшесі. 1957 жылдың қыркүйегінде Бейжіңде дүниеге келген. Тегі Хэбэй провинциясының Баодин жерінен шыққан. 1975 жылы Баодиндегі мектепті тәмамдағаннан кейін Хэбэй провинциясындағы Бое уезіне ауылдық өмірді тану үшін жолға шығады. Ауыл өмірінің тәжірибесі оның «Несуразный хлопок» еңбегінде бейнеленеді. 1979 жылы Те Нин қалаға оралып, Қытай Өнер және әдебиет қауымдастығының Баодин бөлімшесіндегі проза бөлімінде редактор болып қызмет атқарады. 1984 жылы Хэбэй провинциясында әдебиетпен шұғылданады. 2006 жылы 12 қарашада XVII Қытай Жазушылар одағының сьезінде Те Нин төрағалар арасында бірінші әйел төрайым болып сайланады.

Other Languages
English: Tie Ning
español: Tie Ning
eesti: Tie Ning
français: Tie Ning
日本語: 鉄凝
norsk: Tie Ning
русский: Те Нин
Tiếng Việt: Thiết Ngưng
中文: 铁凝