Тед Тернер


Тед Тернер

Тед 2007 жылы.
Дүниеге келгені: Robert Edward Turner III
қараша 19, 1938 (1938-11-19) (79 жаста)
Cincinnati, Ohio, АҚШ
Ұлты: америкалық
Мансабы: Media tycoon
Known for Television, Ted's Montana Grill, philanthropy
Net worth $2.3 billion [1]
Жұбайы: Julia Gale Nye (1960–1964)
Jane Shirley Smith (1965–1988)
Jane Fonda (1991–2001)
Балалары Laura Lee, Robert Edward IV, Rhett, Beauregard, Jennie

Тед Тернер (толық аты-жөні – Роберт Эдвард Тернер, 1938 жылы 19 қарашада Огайо штатындағы Цинцинатти қаласында дүниеге келген) - АҚШ медиа-магнаты, биснесмен, миллиардер. CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) негізін қалаушы.



Интернет материалдары болашақ медиа-магнаттың бала күнінде барынша бедел тұтқан екі адамының бірі – өзінің әкесі, екіншісі Алек­сандр Македонский дегенді айтады. Тед ба­ла күнінде бұзықтың бұзығы болыпты. Сонысы­нан күнде әкесінен таяқ жейді екен. Таяқ же­генде жай періп қалу емес, кәдімгі көкала қой­дай етіп сабау. “Сен адам болмайсың”, деп әбден түңілген әкесі, әскери оқу орнындағы темірдей тәртіпке мойынсұнар ма екен дегені шығар, ақы­ры оны жасөспірімдерге арналған әскери акаде­мияға орналастырады. Оны бітірген соң Род-Айленд­тегі Браун университетіне оқуға түсіреді. Қатал әкенің құрсаулы қолында тұрып-ақ қағынғанын қоймаған Тед басқа қалаға барып, бостандыққа шыққан соң тіпті бетімен кетеді. Университет студенттерінің арасында іш­кіш, жүргіш аты шығады. Тернер туралы кітап­тарда, мақалаларда оның бір кеште әбден сыл­қия тойып алғаннан кейін қызды-қыздымен виски бөтелкесін 10 минөттің ішінде ішіп салуға бәстесіп, бәсті жеңіп шыққаны, университеттен моральға жат қылығы үшін қуылғаны (жатақха­на­дағы бөлмесінде бөгде әйелдің болуының өзі студентті оқудан шығаруға жетіп жатыр) жазыл­май кетпейді. Айтқандай, кейбіреулердің ойлай­ты­нындай, Америка тіпті де еркін моральдің елі емес, қайта Америка – на­ғыз пуритандық ел, мысалы, ондағы теледидар бағдарламаларынан біздегі бейбастықтың бірін де көрмейсіз. Тед университеттен шыққан соң әкесінің қолындағы жар­нама компаниясына жұмысқа тұрады. Әке­сімен арасы қанша нашар десе де Тед түптің тү­бінде отбасындағы ұлдың үлкені ретінде құны бір­­неше миллион долларлық фирма өзіне мұра­ға қаларына күмән келтір­мей­тін. Алайда, Тед әкесінің өз компаниясын айда­ладағы біреулерге сатып жібергенін ол өмірден өткенде бір-ақ біледі...

Тед Тер­нер: “Бизнес – соғыс”

Сонымен, жасы жиырманың төртеуіне жаңа жеткенде Тед көшеде қалғандай болады. Әкесіне тиесілі Turner Bіllboards компаниясы бәсекелес жарнама агенттігіне сатылғанда заң тұрғысынан кейбір ақаулықтар жіберілгендігі анықталысымен, бұл жұлқынып шыға келеді. Бәсекелестердің штаб-пәтері орналасқан Палм-Спрингске барып, директорлар кеңесінің жаңа төрағасына мәміле-шартты бұзуды ұсынады. Анау: “Тернер мырза, егер бірдеңеге көңіліңіз толмаса сотқа жүгініңіз”, деп мысқылдай күліп, шығарып салады. Ол университеттен қуылып, әкесіз қалып, сандалып жүрген жас жігіттің жөндемді адвокат жалдай­тын­дай да шамасы жоқтығын білетін. Тед Тер­нер қазір нарықтың бір нақылына айналып кет­кен “Бизнес – соғыс” деген сөзін дәл сол күні айтқан көрінеді.
Turner Bіllboards қызметкерлері­нің бір тобын корпоративті этика қағидаттары­ның бәрін аяқасты етіп, қазіргі бастықтарына қызмет етпеуге көндіреді. “Осылай ету арқылы сіздер болашақ бастықтарыңызға қызмет ете­сіздер”, дейді оларға... Сонан жаңағылар ендігі шарттардың біразын Тед аяқ астынан тіркей салған жаңа фирманың атына ресімдей бастай­ды. Мұнан соң Тед директорлар кеңесі төрағасы­на барып, үзілді-кесілді талап қояды: екі апта­ның ішінде компания оның бұрынғы иесінің бала­сына, яғни Тед Тернерге қайтып берілуі ке­рек немесе ол Turner Bіllboards үшін аса қажет құ­жат­тардың көзін жояды... Енді қарсы жақ ша­буылға шығады. Олар дауды шешудің үш жолын ұсынады. Біріншісі – Тед Тернер компаниядан 200 мың доллар алады да, табанын жалтыратады. Екіншісі – компания мүддесін қорғайтын құны қымбат заңгерлер оны өмір бойына фирманың кіріптары етіп шығарады, бәлкім, түрмеге тық­ты­рып тастауы да мүмкін. Үшіншісі – Тед Тер­нер бәсекелестеріне 200 мың доллар төлейді де, жарнама агенттігін өзіне қайтарып алады... Әри­не, үшінші жолдың көкейге қонбайтыны, тек Тед­ті тәлкек ету үшін ұсынылғаны көзге ұрып тұрған. Ойланып-толғануға небәрі... 30 секунд беріледі.

Ақылды адам, әрине, бірінші жолды таңдар еді. Бәрінен айырылған жерінен тұп-тұтас 200 мың доллар (ол кез үшін Американың өзінде де біраз ақша) қолына түскелі тұр ғой. Даукес біреу болса екінші жолды таңдауы мүмкін. Аса ақылды болғандықтан Тернер үшінші жолды таңдаған. Жарты минөттей ойланып тұрып, “Мен сіздерге 200 мың доллар беремін, сіздер табандарыңызды жалтыратасыздар”, дейді. Аналардың келіспеске әдді қалмайды. Шартты ұсынған өздері ғой. Олар кетісімен Тернердің жа­нын­дағы жолдасына айтқан алғашқы сөзі: “Ал енді 200 мың долларды қайдан табамыз?”... Ақыры Тер­нер бұл мәселені ешкімнен қарыз­данбай-қауғаланбай-ақ шешеді: әлгі ақшаның орнына өзінің жаңа компаниясы акцияларының бір бөлігін сатады. Бақылаушы паке­тінен емес, әрине. Сөйтіп, Тернер әкесінің бизнесін бір цент төле­мей-ақ қайтарып алады. Жағдайы түзелісімен әлгі акцияларды қайта сатып алғаны өзінен-өзі түсінікті.

Other Languages
العربية: تد تيرنر
asturianu: Ted Turner
azərbaycanca: Ted Törner
беларуская: Тэд Цёрнер
български: Тед Търнър
català: Ted Turner
čeština: Ted Turner
dansk: Ted Turner
Deutsch: Ted Turner
English: Ted Turner
español: Ted Turner
euskara: Ted Turner
فارسی: تد ترنر
suomi: Ted Turner
français: Ted Turner
Frysk: Ted Turner
Gaeilge: Ted Turner
galego: Ted Turner
עברית: טד טרנר
hrvatski: Ted Turner
magyar: Ted Turner
Հայերեն: Թեդ Թըրներ
Bahasa Indonesia: Ted Turner
italiano: Ted Turner
한국어: 테드 터너
latviešu: Teds Tērners
Malagasy: Ted Turner
मराठी: टेड टर्नर
Nederlands: Ted Turner
norsk: Ted Turner
português: Ted Turner
română: Ted Turner
русский: Тёрнер, Тед
Simple English: Ted Turner
српски / srpski: Тед Тарнер
svenska: Ted Turner
Türkçe: Ted Turner
українська: Тед Тернер
Tiếng Việt: Ted Turner
Winaray: Ted Turner