Тақтажелбезектілер

Тақтажелбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар. Тақтажелбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан.\

Тақтажелбезектілер клас тармағына жататындардың биологиялық сипаттамасы

  • Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басы-ның екі бүйір жағында 57 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды.

Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды. Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанат-тары болады. Еркектерінің құрсагындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады. Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омырткаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан да ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады (амфицельдік омыртқалар). Сонымен катар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталған.Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.

Other Languages
Afrikaans: Elasmobranchii
azərbaycanca: Yastıqəlsəməlilər
беларуская: Пласцінажаберныя
català: Elasmobranqui
Cebuano: Iho ug pagi
čeština: Příčnoústí
Deutsch: Plattenkiemer
Esperanto: Elasmobrankuloj
español: Elasmobranchii
euskara: Elasmobrankio
français: Elasmobranchii
hrvatski: Prečnouste
interlingua: Elasmobranchii
íslenska: Fasttálknar
italiano: Elasmobranchii
日本語: 板鰓亜綱
한국어: 판새류
latviešu: Plātņžauņi
Nederlands: Haaien en roggen
polski: Spodouste
português: Elasmobranchii
русский: Elasmobranchii
srpskohrvatski / српскохрватски: Prečnouste
Simple English: Elasmobranchii
slovenčina: Pásožiabrovce
українська: Пластинозяброві
中文: 板鳃亚纲