Тапшылық

Тапшылық-Дефицит (латын. deficit — жетімсіздік, жетіспеушілік)- микроэкономикада әлдебір ресурстың (оның ішінде тұтыну ресурсының) жетіспеушілігі, тапшылығы; макроэкономикада шығыстың кірістен асып түсуі, оның ішінде валютаның, қаржының, тауар мен ақшаның теңдестірілмегендігі; сұранымның ұсынымнан асып түсуі. Мәселен, бюджет тапшылығы- мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі; сауда теңгерімінің тапшылыгы — импорттың экспорттан асып түсуі; төлем теңгерімінің тапшылығы- мемлекет пен оның сыртқы әріптестері арасында ағымдағы есеп айырысу бойынша да, капитал тауарлар мен ақша қозғалысының барлық нысандарының жалпы теңдестірілмегендігі. [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2


Other Languages
azərbaycanca: Defisit
башҡортса: Дефицит
Esperanto: Deficito
français: Déficit
Bahasa Indonesia: Defisit
italiano: Deficit
日本語: 黒字と赤字
한국어: 흑자와 적자
lietuvių: Deficitas
Bahasa Melayu: Defisit
Nederlands: Begrotingstekort
саха тыла: Дефицит
oʻzbekcha/ўзбекча: Byudjet taqchilligi
Tiếng Việt: Thâm hụt ngân sách
中文: 赤字
Bân-lâm-gú: Âng-jī