Табыс

Табыс, Түсімшотқа түскен ақша.

Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды. Түрлері: материалдық табыс – сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы; негізгі құрал-жабдық (қор) табысы – кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы; саудадағы тауарлар табысы – тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары; жалпы табыс – бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома; сыртқы төлем табысы – шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы; тарату табысы – мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат; қорланған табысы – қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс; күтулі табыс – ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы. [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы « Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Other Languages
Afrikaans: Inkomste
العربية: دخل مالي
беларуская: Даход
български: Доход
বাংলা: আয়
català: Ingrés
Cymraeg: Incwm
dansk: Indkomst
Deutsch: Einkommen
Ελληνικά: Εισόδημα
English: Income
Esperanto: Rento
español: Ingreso
فارسی: درآمد
français: Revenu
עברית: הכנסה
हिन्दी: आय
hrvatski: Dohodak
Հայերեն: Եկամուտ
italiano: Reddito
日本語: 収入
한국어: 수입 (회계)
Latina: Reditus
lietuvių: Pajamos
Bahasa Melayu: Pendapatan bersih
မြန်မာဘာသာ: ဝင်ငွေ
नेपाली: आय
Nederlands: Inkomen
norsk: Inntekt
ਪੰਜਾਬੀ: ਆਮਦਨ
polski: Dochód
português: Renda
română: Venit
русский: Доход
sicilianu: Ngressu
Scots: Income
srpskohrvatski / српскохрватски: Prihod
Simple English: Income
svenska: Inkomst
Kiswahili: Kipato
தமிழ்: வருவாய்
Tagalog: Kita
Türkçe: Gelir
татарча/tatarça: Керем
українська: Дохід
中文: 收入