Сақиналар әміршісі (роман)

Трилогияларда қолданылған сақина

«Сақиналар әміршісі» романы (ағылш. The Lord of the Rings) – ағылшын жазушысы Дж.Р.Р. Толкиеннің романы. Фэнтези жанрындағы танымал романдардың бірі. «Хоббит» романының жалғасы. Негізінен бір бүтін кітап, көлемінің үлкендігінен баспа кезінде оны үш кітап етіп жарыққа шығарады: «Сақина бауырластығы», «Қос қамал» және «Патша оралуы». XX ғасырдың ең үздік әрі танымал кітаптарының бірі. Әлемнің 38 тіліне аударылған. Кітаптың мазмұн желісімен режиссер Питер Джексон фильм түсіреді, кино жоғары деңгейден көрініп, кассалық фильмдер қатарына қосылады. Толкин ағылшын эпосын құру мақсатында жазған романын 1937 жылы бастап, 1948 жылы бітірген. Алайда бірқатар қиыншылықтарға байланысты кітап тек 1954-1955 жылдары ғана жарық көреді. Кітапқа қатысты жақсы пікірлер айтылған.[1]

Кейіпкерлері

Басты кейіпкерлері

  • "Фродо Бэггинс" – Шир мекенінде тұрады, 22 қыркүйек 2968 жылы дүниеге келген. Ол Гэндальфқа сақинаны жоюда көмектескен хоббит. Бильбо Бэггиндстің жиені.
  • "Сэмуайз Гэмджи" – Фродоның ең жақын досы, саяхатқа тек Гендальфтың айтуымен ғана барған. Сэмнің барғаны өте маңызды болды, себебі ол саяхатта Фродоға үлкен көмек қолын созды.
  • "Мериадок Брендибек" – Шир мекенінде өте бай және қадірлі Брендибек әулетінің ұрпағы. Мериадок – әкесінің жалғыз баласы, Перегрин Тук және Фродо Бэггинстің жиені.
  • "Перегрин Тук немесе Пип" Пиннин Паладина II отбасындағы жалғыз бала болған. Туктардың жалғыз ұлынан басқа үш қызы болған .
  • "Арагорн" – Араторн және Гильраеннің ұлы, Дундэйн руынан шыққан, Элендильянің ұрпағы. Солтүстік дундэйнның 16-шы басшысы.
  • "Леголас" – жалғыз эльф, Жүзік бауырласынының құрамында болған. Эльфтер тілінен «Жасыл жапырақ» деп аударылады.
  • "Гимли" – Глоиннің ұлы, Жүзік бауырласының бір мүшесі.Гном.
  • "Гендальф" Истаридалар бестігінің бірі болған, ол хоббиттергмен бірге сақинаны жойған. Гендальф синдарин тілінде «сұр түсті мүсәпір» деп аударылады.
  • "Боромир" – Гондор Денетордың бірінші ұлы. Бұның аты екі эльф тілінен және екі мағынадан тұрады.

Қосалқы кейіпкерлері:

Галадриэль, Элронд, Арвен, Фарамир, Теоден, Эовин, Бильбо Бэггинс, Келеборн, Халдир, Элендир, Исильдур, Голлум, Мадрил, тағы да басқалар.

Other Languages
Alemannisch: Der Herr der Ringe
العربية: سيد الخواتم
беларуская: Уладар Пярсцёнкаў
беларуская (тарашкевіца)‎: Уладар Пярсьцёнкаў
čeština: Pán prstenů
客家語/Hak-kâ-ngî: Mô-kài
עברית: שר הטבעות
Bahasa Indonesia: The Lord of the Rings
日本語: 指輪物語
한국어: 반지의 제왕
Ripoarisch: Dr Herr dr Ringe
Кыргызча: Теңир шакеги
Lëtzebuergesch: The Lord of the Rings
Lingua Franca Nova: La Senior de la Anelos
lietuvių: Žiedų valdovas
Bahasa Melayu: The Lord of the Rings
norsk nynorsk: Ringdrotten
Runa Simi: Siwikunap Apun
srpskohrvatski / српскохрватски: The Lord of the Rings
Simple English: The Lord of the Rings
slovenščina: Gospodar prstanov
Kiswahili: Bwana wa Mapete
українська: Володар перснів
吴语: 指环王
中文: 魔戒
Bân-lâm-gú: Chhiú-chí Ông
粵語: 魔戒