Салқын тәтті тағамдар

A.
"Жемістер"

Салқын тәтті тағамдар - балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар және желеленген тағамдар (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады. Балғын жемістер мен жидектер десертті тәрелкеде немесе құмыраларда беріледі. Берген кезде кейбір жемістердің үстіне қант ұнтағын себуге болады, қаймақ немесе бұлғанған кілегеймен толықтыруға болады. Компоттарды балғын, кептірілген, консервіленген және тез мұздатылған жемістер мен жидектерден дайындайды. Пісіру үшін жемістер мен жидектердің бір түрін немесе олардың қоспасын қолдануға болады. Балғын жемістер мен жидектерден даярланган компот. Балғын жемістер мен жидектер жылумен тез өңделеді, сондықтан олардың үстіне қайнап жатқан қантты қою шырын құяды да, тұндырады. Осылай піскен алмалар мен алмұрттардан, шабдалыдан, өріктен, алхорыдан, шиеден, қара шиеден компот қайнатады. Көбінесе дәмі үшін қою шырынға лимон қышқылын қосады. Құлпынай, таңқурай сияқты жидектерді, сонымен катар қарбыз бен қауын жұмсағын, апельсиндерді, мандариндерді компотқа шикілей салады, үстіне суытылған қою шырын құяды да, тұндырады. Кепкен жемістерден даярланған компот. Оны кепкен жемістердің бір түрінен немесе қоспасынан өткізуге дейін 10—12 сағ бұрын дайындайды. Тұндыру кезінде қайнатпаға хош иісті және дәмдік заттар, ал жидектер мен жемістерге қою шырын сіңеді. Консервіленген жемістер мен жидектерден даярланған компот. Консервіленген және арнайы қайнатылған қою шырындарды бір-біріне қосады, суытады да үстіне консервіленген жемістер мен жидектер құяды.

A.
"Компот"

Желеленген тәтті тағамдар бұлғанбаған (кисельдер мен желе) және бұлғанған (мусстар, самбук, кремдер) болады. Кисельдерді балғын жемістер мен жидектерден, шырындардан, қою шырындардан, сүттен крахмал қосып дайындайды. Кисель консистенциясы (қою, орташа қою және сұйық) 1 л сұйыққа қосылатын крахмал мөлшеріне байланысты: қою кисельдер үшін — 80 г крахмал, орташа қою кисельдер үшін — 45—50 г, ал сұйық кисельдер үшін — 30 г қою және орташа қою кисельдерді жеке тағам ретінде, ал сұйық кисельдерді тәтті тағамдарға, көмбелерге және басқа жарма шырын қүяды. Самбук — мусстың бір түрі. Оны алма, өрік немесе алхоры езбесінен дайындайды. Алдымен, езбені қантпен және жүмыртқаның ақуызымен бұлғайды, содан кейін оған ерітілген желатин қосады. Массаны қалыптарға құяды да, суытады. Мусс сияқты беріледі. Кремдерді 30%-дық майлылықты кілегейден немесе қаймақтан жұмыртқа, сүт, қант, жеміс-жидек езбесін қосып дайындайды. Сироппен бірге беріледі. Желе түзуші зат ретінде желатин қолданылады. Балмұздақты креманкаларға немесе фужерларға әр түрлі тәтті соустармен, тосаппен, балғын және консервіленген жемістермен, бұлғанған кілегеймен салып беріледі.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


Other Languages
Alemannisch: Obst
aragonés: Fruita
العربية: فاكهة
مصرى: فواكه
asturianu: Fruta
Boarisch: Obst
беларуская: Садавіна
беларуская (тарашкевіца)‎: Садавіна
bosanski: Voće
català: Fruita
нохчийн: Cтом
čeština: Ovoce
Deutsch: Obst
dolnoserbski: Sad
Ελληνικά: Φρούτα
Esperanto: Manĝebla frukto
español: Fruta
eesti: Puuvili
Võro: Puuvili
galego: Froita
hrvatski: Voće
hornjoserbsce: Sad
հայերեն: Միրգ
italiano: Frutta
日本語: 果物
Kabɩyɛ: Tɩŋ piye
한국어: 과일
Ripoarisch: Obs
Кыргызча: Жемиштер
Lëtzebuergesch: Uebst
lumbaart: Früta
македонски: Овошје
Plattdüütsch: Aaft
Nederlands: Fruit
português: Fruta
Runa Simi: Wayu
русский: Фрукт
русиньскый: Овоцина
संस्कृतम्: फलम्
ᱥᱟᱱᱛᱟᱲᱤ: ᱡᱚ
sicilianu: Frutta
srpskohrvatski / српскохрватски: Voće
slovenčina: Ovocie
slovenščina: Sadje
српски / srpski: Воће
українська: Фрукт
oʻzbekcha/ўзбекча: Meva
vèneto: Fruta
West-Vlams: Fruut
吴语: 水果
isiXhosa: Isiqhamo
მარგალური: ხილი
Vahcuengh: Mak
中文: 水果
粵語: 生果