Сабре жүйесі

Sabre жүйесі 1964 жылы American Airlines әуе компаниясымен ашылған, ол 1976 жылы осы жүйенің негізінен қонақ үйлердегі орындарды брондауға болатын болды. Жүйенің орталығы Оклахамада (АҚШ) орналасқан. Sabre жүйесіне 114 мыңнан аса турагент қосылған, oл әуе және теміржол билеттерін, отельдердегі орындарды және т.б. резервілеуді қамтамасыз етеді.

Sabre - бұл ЖДЖ, яғни, Жаһандық Дистрибутивтік Жүйе болып табылады. ол өзінің пайдаланушыларына ең тиімді туристік ақпаратпен, кестесімен, орындардың бар-жоғымен, бағалары мен авиакомпаниялардың ережелері туралы мәліметпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Sabre авиабилеттерді, тасымалдауға қажетті құжаттарды, таллондар мен маршруттарды брондау мен безендіруге мүмкіндік береді. 'Sabre жүйесі мынадай туристік ақпараттарды - сан қилы валютаны конвертациялау, медициналық типті талаптар, визаларды алу кезіндегі ережелер, ауа-райы туралы жергілікті көрікті орындар туралы мәліметті қамтиды. Компанияның қызметі 6 континентті, 112 елді, 56 000 агенттіктердің офистерін қамтып, авиавброндаулардың жалпы жалпы дүние жүзілік көлемінен 37% табыс табады. 8900 қызметкер дүние жүзінің 45 елінде компанияның қызметін жүзеге асырады. Компанияның Ресейдегі бөлімі 1995 жылдан бастап, туристік агенттіктерге қызмет көрсетіп, консультациялар жүргізеді. 2005 ж. Аэрофлот авиакомпаниясы мен агенттік жүйе Gabrielдің Sabre ЖДЖ-на миграциясы жүзеге асырылған болатын. Аэрофлот агенттігінің миграциясы 2005 ж. 23 наурызында жүзеге асырылып, Аэрофлоттың 2, 183 агенттігін (6000 жұмыс орны) дүние жүзі бойынша қамтыған болатын. Sabre-дегі 340.000 PNR миграциясы 31 минут ішінде болды [1].

Sabre 212 млн. адамға жұмыс беріп, былайша айтқанда әрбір 9-шы жұмысшы осы компанияда қызмет атқарады. Туризм мен саяхат бойынша дүниежүзілік кеңестің (The World Travel and Tourism Council) бағалауы бойынша, алдыңғы 10 жылда индустриямен байланысты ақша айналымдары екі еселеніп, 7,2 трлн. долларды қамтиды [2].

Жүйeге қосылу нұсқалары

Қазіргі кезде пайдаланушылардың жүйeге қосылуының бірнеше нұсқасы бар: Planet Sabre, Turbo Sabre, Net Platform.

  • «Turbo Sabre» агенттердің өздерінің Интернет байланысын электрондық поштаны, пайдаланушылардың мәлімет базаасын, конфиденциалды тарифтерді ,ыңғайлы жұмысты қолдайтын қосымша қызметтерді орнатуға мүмкіндік береді.
  • «Net Platfarm» – Интернет желісі арқылы брондау жүйесі,кіші және орташа агенттіктердің пайдалануына арналған.

Қазіргі кезде электронды пошта мен конфиденциалдықты қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені бар. Sabre Evision туристердің бара жатқан жерлерінің толық географиялық картасы мен диалог тізбегіндегі түрлі түсті суреттерді алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама Sabre желiсіне қосылған кез келген жұмыс станциясына программалық қамтамасыз етуіне кiре алады. Сонымен бiрге бағдарлама қателердiң санын азайтып, клиенттерге жылдам және жедел қызмет көрсетiп, мәлiметтер нақты агенттiктiң қажеттiктерiне байланысты маңғаздануға барынша мүмкiндiк бередi. Сабре қызметтердiң табысты алға басуында екi мамандандырылған маңызды бағдарламалар ойнады: коммерциялық Сабре (КС ) және Изи Сабре (ИС ). КС туристік кәсіпорындарға мүмкіндік береді, ал ИС – жеке азаматтарға ұшаққа, қонақ үйлерге, автокөлiктердi жалдауға, орындарға және т.б. брондау үшiн өз ДК-мен Сабре желісі арқылы кіруге болады. ДК-дің иесі тәуліктің кез келген уақытында Сабре жүйесінде бар рейстерге ұшуға арналған авиакомпаниялардан орынды таңдауға және брондауға мүмкін. Оның тапсырысы автоматы түрде тураегнттіктің бірлестігіне жіберіледі, соның ішіндегі бір мүшесі жолаушыға оның ұшу билетін әзерлейді және жеткізеді.

Other Languages