Романтизм ағымы

XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт — романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде "Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған.

Арман әлемін бейнелеу балетмейстер мен бишіден бидегі барлық қимыл-қозғалыстың тұрмыстық дәлділігін талап етпеді. Бұл сол кезде жинақталған бүкіл балет техникасын қолдануға мүмкіндік берді және классикалық бидің ары қарай дамуына әсерін тигізді.

Сильфида — жер бетіне жиі келетін ауа перісін балетмейстер биде жеңіл де жоғары секірулер, сахна бетінде ауадай нәзік қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізген. Сильфида рөлін орындаушы үлпілдеген көйлек-пачкамен кейіпкерінің салмақсыздығын сездіру үшін сахнада аяғының ұшымен ғана жүрді. Осыдан біз қазір білетін аяқтың ұшымен биленетін би қалыптасты. Бірақ ол кезде ұшы мен табаны қатты пуанте атты арнайы аяқкиім болған жоқ, сондықтан бишілер жұмсақ балет туфлилерімен өз саусақтарының ұшына тұрды.

Бірінші рет балетте саусақтың ұшымен Мария Тальони "Сильфида" балетінде және орыс бишісі Авдотья Истомина "Зефир мен Флора" балетінде биледі деген болжам бар.

Романтикалық балетте жетекші бишінің рөлі мен әйелдер кордебалетінің маңызы арта түсті.

Мария Тальони

Мария Тальони

Мария Тальони
Дүниеге келгені: 1804 ж. сәуірдің 23 (1804—04—23) (214 жас)
Қайтыс болғаны: 1884 ж. сәуірдің 22 (79 жаста)
Ұлты: италия
Мансабы: балет артисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі

Мария Тальони (1804—1884) — италия балет артисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі. Өз әкесі, белгілі балетмейстер Ф.Тальониден оқыды. Өнер жолын 1822 жылы Венада бастады. 1827—-1835 жылдары Парижде қызмет етті. Шнейцгоффердің "Сильфида" балетінде Сильфида партиясын орындау арқылы дүниежүзілік даңққа ие болды. Тальони шығармашылығы балет өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Мария Тальони тамаша тұрақтылығымен ерекшеленді, ұзак уақыт бойы аяғының ұшында тұратын және секіргенде сахна үстінде қалықтап, ауада ұшып жүргендей әсер қалдыратын. Ол, әсіресе пуанты билерін тартымды әрі таза билеу арқылы көзге түсті. Гастрольдік сапармен Петербургте (1837—1842), Лондонда өнер көрсетті. 1847 жылы сахнадан мүлдем қол үзді. Мария Тальонидің өмірін, биінің жеңілдігін талай ақындар мен суретшілер дәріптеп, мадақтап кеткен.

Other Languages
Afrikaans: Romantiek
Alemannisch: Romantik
aragonés: Romanticismo
العربية: رومانسية (فن)
asturianu: Romanticismu
azərbaycanca: Romantizm
تۆرکجه: رومانتیزم
башҡортса: Романтизм
беларуская: Рамантызм
беларуская (тарашкевіца)‎: Рамантызм
български: Романтизъм
bosanski: Romantizam
català: Romanticisme
Cebuano: Romantisismo
کوردی: ڕۆمانتیزم
čeština: Romantismus
Чӑвашла: Романтизм
Cymraeg: Rhamantiaeth
Deutsch: Romantik
Ελληνικά: Ρομαντισμός
English: Romanticism
Esperanto: Romantikismo
español: Romanticismo
eesti: Romantism
فارسی: رمانتیسم
français: Romantisme
Frysk: Romantyk
Gaeilge: Rómánsachas
贛語: 浪漫主義
galego: Romanticismo
עברית: רומנטיקה
hrvatski: Romantizam
magyar: Romantika
հայերեն: Ռոմանտիզմ
interlingua: Romanticismo
Bahasa Indonesia: Romantisisme
íslenska: Rómantíkin
italiano: Romanticismo
日本語: ロマン主義
Basa Jawa: Romantisisme
ქართული: რომანტიზმი
한국어: 낭만주의
kurdî: Romantîzm
Кыргызча: Романтизм
Lingua Franca Nova: Romanticisme
Limburgs: Romantiek
lietuvių: Romantizmas
latviešu: Romantisms
македонски: Романтизам
മലയാളം: കാല്പനികത
монгол: Романтизм
Nedersaksies: Romantiek
norsk nynorsk: Romantikken
occitan: Romantisme
ਪੰਜਾਬੀ: ਰੋਮਾਂਸਵਾਦ
Papiamentu: Romanticismo
polski: Romantyzm
پنجابی: رومانیت
português: Romantismo
rumantsch: Romantica
română: Romantism
русский: Романтизм
русиньскый: Романтізм
sicilianu: Rumanticismu
سنڌي: رومانيت
srpskohrvatski / српскохрватски: Romantizam
Simple English: Romanticism
slovenčina: Romantizmus
slovenščina: Romantika
српски / srpski: Романтизам
Seeltersk: Romantik
svenska: Romantiken
тоҷикӣ: Романтизм
Tagalog: Romantisismo
Türkçe: Romantizm
українська: Романтизм
اردو: رومانیت
oʻzbekcha/ўзбекча: Romantizm
vèneto: Romanticismo
Tiếng Việt: Chủ nghĩa lãng mạn
West-Vlams: Romantiek
walon: Romantisse
Winaray: Romantisismo
中文: 浪漫主义
Bân-lâm-gú: Lô-bān-chú-gī
粵語: 浪漫主義