Рим құқығы

Рим құқығыКөне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еур. құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығы'н жазып шықты. Рим құқығы' азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді. Сондай-ақ норма тудыру ережесі, діни жоралғылар, халықтық басқару органдары (сенат, магистратура) қызметінің режимі, сот арқылы қорғану нысандары, шетелдіктермен қатынас қағидалары, азамат мәртебесінің өзгеру тәртібі, Рим азаматтығын беру және некеге тұру нормалары, мүліктік қатынас нормаларынан құралды. Әсіресе мүліктік қатынас нормалары басым болды. Осылайша басты қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас құқықтық жүйе Рим билігі ықпал ететін Жерорта т. елдерінің негізгі заңына айналды. Рим құқығы' тек бүгінгі құқықтық жүйелердің негізі ғана емес, сонымен қатар құқықты дамытудың құнды тәжірибесі болып табылады. Рим құқығы әлі күнге құқықтық білімнің негізі ретінде заң тілі мен құқықтық ойдың алғышарты ретінде оқытылады.

  • Сілтемелер

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Other Languages
العربية: قانون روماني
asturianu: Derechu romanu
azərbaycanca: Roma hüququ
беларуская: Рымскае права
български: Римско право
bosanski: Rimsko pravo
català: Dret romà
čeština: Římské právo
dansk: Romerret
Ελληνικά: Ρωμαϊκό Δίκαιο
English: Roman law
Esperanto: Romia juro
español: Derecho romano
فارسی: حقوق روم
français: Droit romain
hrvatski: Rimsko pravo
magyar: Római jog
interlingua: Derecto roman
Bahasa Indonesia: Hukum Romawi
íslenska: Rómarréttur
italiano: Diritto romano
日本語: ローマ法
한국어: 로마법
Latina: Ius Romanum
lietuvių: Romėnų teisė
Plattdüütsch: Röömsch Recht
Nederlands: Romeins recht
occitan: Drech roman
português: Direito romano
română: Drept roman
sicilianu: Drittu rumanu
Scots: Roman law
srpskohrvatski / српскохрватски: Rimsko pravo
Simple English: Roman law
slovenčina: Rímske právo
slovenščina: Rimsko pravo
српски / srpski: Римско право
svenska: Romersk rätt
Türkçe: Roma hukuku
українська: Римське право
oʻzbekcha/ўзбекча: Rim huquqi
Tiếng Việt: Luật La Mã
中文: 罗马法
粵語: 羅馬法