Ренессанс

"Астрономиялық жабдықтар мен құралдар" Гольбейннің «Елші» суреті (1533)

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri – «қайта» және итал. nasci – «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин) — ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалар – Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.

Ренессансқа дейін Азия мәдениеті, соның ішінде араб, түркі, парсы мәдениетінен құралған мұсылман мәдениеті, сосын шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті Еуропалық мәдениеттен әлдеқайда алғабасар, дамыған мәдениет болғаны белгілі. Ал, бұл ренессанс қозғалысы еуропаны басқа құрлыққа қарағанда ғылым, техника, әскери қуат, экономика, саяси түзім, шығармашылық жақта алға шығарды және кейінгі Еуропаның гүлденіп-күшеюінің басталу нүктесі болды.

Ренессанстың басында 1453 жылғы Осман Түрік сұлтаны Махмұт ІІ - нің Визентия империясын жеңіп, Стамбулды (Константинопол) иелеп, Жерорта теңізін империя ішіндегі көлге айналдырған құдіретті Осман империясының құрылу дүмпуі тұрады. Өздерін әскери, саяси және мәдени қыспаққа ұшырағандай сезінген батыс еуропалықтар ендігі жерде жаңа ізденіс жасай бастады және өздерінің бұрынғы дәстүрі мен дағдысын қайта қарап, жаңа мәдениетке бой ұрды. Әсіресе, Визентиядан қашқан көптеген христиан ғалымдары мен әдебиетшілері Азияға салыстырғанда әлдеқайда мешеу батыс еуропа елдеріне жаңа мәдениет ала барды. Араб, Түркі, Парсы халықтарының грек мәдениетін, әсіресе Аристотель туралы жүйелі зерттеулері, астрономия, табиғат тану, математика салаларындағы жетістіктері еуропаның мәдени айналымына енді; мылтық, компас, қағаз жасау, баспа техникасы қатарлы шығыс тапқырлықтары еуропада қолданылып, олардың Атлант мұхитына қарай жаңа теңіз жолын ашуына, білім мен мәдениеттің қағаз бен баспаға сүйеніп тез таралуына қол жеткізді. Сөйтіп жаңа мәдениет қозғалысы - Ренессанс дәуірі басталады.

Ренессанс Еуропаның орта ғасырдан жаңа заманға өтуінің көпірі болды. Қоғамның білім, мәдениет, саясат, өнер, діни сенім салаларында түгелдей жаңалықтар, тапқырлықтар, төңкерістер болып өтті. Дегенмен әлем халықтарын әлі күнге тамсандыратыны көбінесе ренессансы дәуірінің ғажайып әдебиеті мен өнер туындылары болды.[1][2]

«Ренессанс» деген атпен белгілі болған бұл қозғалыс ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Ренессанс идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Ренессанс дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Other Languages
Afrikaans: Renaissance
Alemannisch: Renaissance
አማርኛ: ዘመነ ህዳሴ
aragonés: Renaiximiento
العربية: عصر النهضة
asturianu: Renacimientu
azərbaycanca: İntibah dövrü
تۆرکجه: رونسانس
башҡортса: Яңырыу
Boarisch: Renaissance
žemaitėška: Renesansos
беларуская: Адраджэнне
беларуская (тарашкевіца)‎: Адраджэньне
български: Ренесанс
বাংলা: রেনেসাঁস
brezhoneg: Azginivelezh
bosanski: Renesansa
català: Renaixement
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Ùng-ngiê-hók-hĭng
Cebuano: Renasans
کوردی: ڕینێسانس
čeština: Renesance
Чӑвашла: Ренессанс
Cymraeg: Dadeni Dysg
Deutsch: Renaissance
Ελληνικά: Αναγέννηση
English: Renaissance
Esperanto: Renesanco
español: Renacimiento
eesti: Renessanss
euskara: Pizkundea
فارسی: رنسانس
Võro: Renessanss
føroyskt: Renessansan
français: Renaissance
furlan: Rinassiment
galego: Renacemento
עברית: רנסאנס
हिन्दी: पुनर्जागरण
Fiji Hindi: Renaissance
hrvatski: Renesansa
Kreyòl ayisyen: Renesans
magyar: Reneszánsz
հայերեն: Վերածնունդ
interlingua: Renascentia
Bahasa Indonesia: Abad Renaisans
Ilokano: Renasimiento
íslenska: Endurreisnin
italiano: Rinascimento
日本語: ルネサンス
Patois: Renesans
Basa Jawa: Abad Renaisans
ქართული: რენესანსი
한국어: 르네상스
kurdî: Ronesans
Кыргызча: Кайра жаралуу
Lëtzebuergesch: Renaissance
лезги: Ренессанс
Lingua Franca Nova: Renase
Limburgs: Renaissance
Ligure: Renascimento
lumbaart: Renassiment
lietuvių: Renesansas
latviešu: Renesanse
македонски: Ренесанса
Bahasa Melayu: Zaman Pembaharuan
Mirandés: Renacimiento
مازِرونی: رنسانس
Plattdüütsch: Renaissance
Nedersaksies: Renaissance
Nederlands: Renaissance
norsk nynorsk: Renessansen
occitan: Renaissença
Picard: Ernaiçance
polski: Renesans
Piemontèis: Arnassensa
پنجابی: نشاۃ ثانیہ
português: Renascimento
rumantsch: Renaschientscha
română: Renașterea
русский: Возрождение
русиньскый: Ренесанція
саха тыла: Ренессанс
sicilianu: Rinascimentu
srpskohrvatski / српскохрватски: Renesansa
සිංහල: පුනරුදය
Simple English: Renaissance
slovenčina: Renesancia
slovenščina: Renesansa
shqip: Rilindja
српски / srpski: Ренесанса
Seeltersk: Renaissance
svenska: Renässansen
Kiswahili: Renaissance
Türkmençe: Wozroždeniýe
Tagalog: Renasimiyento
Türkçe: Rönesans
українська: Відродження
oʻzbekcha/ўзбекча: Uygʻonish davri
vèneto: Rinasimento
Tiếng Việt: Phục Hưng
West-Vlams: Renaissance
Winaray: Renasimyento
吴语: 文艺复兴
მარგალური: რენესანსი
ייִדיש: רענעסאנס
中文: 文艺复兴
文言: 文藝復興
Bân-lâm-gú: Bûn-gē ho̍k-heng
粵語: 文藝復興