Персеполис

Persepolis*
UNESCO World Heritage Site

Persepolis recreated.jpg
State PartyIran
TypeCultural
Criteriai, iii, vi
Reference114
Region**Asia and Australasia
Inscription history
Inscription1979  (3rd Session)
* Name as inscribed on World Heritage List.
** Region as classified by UNESCO.

Персеполис — Шираздың солтүстігінен 60 шақырым жердегі Марвдашт аймағында Рахмат тауының етегінде орналасқан ежелгі Иранның ұлы туындыларының бірі. Бұл ескерткіш б.з.д. 5 ғасырда осы аймақта өмір сүрген халық өнерінің салтанатын еске салады. Бүгінде "Тахт-е Жәмшид" (Персеполис) деп аталатын бұл кешен көптеген ғимараттардан тұрады. Оның әрбір ғимараты белгілі бір іске арналған. Әртүрлі ғимараттар мен көпбағанды залдардың салынуы бұл жердің Ахеменидтер кезінде императорлық істер атқарылатын астана болғандығын және әртүрлі елдерден келген құрметті қонақтарды қабылдауға арналғандығын көрсетеді.

Персеполис жоспары

Персеполистің жалпы ауданы 125000 шаршы метр. Ол Марвдашт алқабынан 8-18 метр биік платформаның үстіне салынған. Ол әртүрлі бөлімдерден, атап айтқанда, ресми сарайлар, арнайы кішкене үйлер, шах қазынасының сарайы мен қорғаныс бекіністерінен тұрады. Персеполиске кіре беріс жол ұзындығы шамамен 450 метр, ені 300 метрді құрайтын тас жазықтықтың үстін басып өтеді. Бұл жол жалпақ та қысқа 111 баспалдақтан тұрады.

Персеполис (оң жағы)
19 ғасырдағы Фландин мен Ксоте қайта қалпына келтірген Персеполис.
сол жағы

Тарихи деректер бойынша, Персеполис Ахеменид патшасы Дарийдің мекендейтін жері болған. Персеполистің үлкен сарайларын салу б.з.д. 512 жылы Дарий I кезінде басталды және олардың құрылысы 150 жылға созылды. Грек императоры Александр Македонский б.з.д. 331 жылы өзінің Иранға шабуылы кезінде ирандық өркениетті жек көргендіктен Персеполисті тұтастай өртеп жіберді. Сөйтіп Персеполистен тек тастан жасалған бағандардан басқа ештеңе қалмады. Кірпіштен жасалған қабырғалардың барлығы қирап қалды. Осыған қарамастан, бұл тарихи ескерткіштің бізге жеткен қалдықтары ирандық сәулетшілер өнерінің таңғажайып асқақтығын көрсетеді. Ғимараттар көлемінің үлкендігі, бағандардың таңқаларлық биіктігі, тас бетіне салынған бедерлер мен басқа безендірулер Персеполис кешенін көруге келгендердің таңданысын тудырады. Американдық тарихшы Вилл Дурант өзінің "Шығыс жерлері - өркениеттің бесігі" атты кітабында: "Ежелгі заманның ең салтанатты ескерткіші Персеполистің тас баспалдақтары мен бағандары болып табылады. Әлемнің сәулет тарихында бұған ұқсас ескерткіш жоқ",-деп жазды.

Барша Ұлттар қақпасы.

Персеполистің өне бойында өте әдемі бедерлер салынған. Бұл кешен 2500 жыл бұрынғы Ахеменидтік патшалар мен халық арасындағы байланыс, сол замандағы ой-пікір мен дүниетанымды көрсетеді. Персеполисте салынған суреттердің арасында үнемі жасыл екі ағаш – сауырағаш (қарағайдың бір түрі) мен пальма көрінеді. Бұл Иран жеріндегі үнемі жасыл абадтандырылған бақтардың болғандығын көрсетеді. Осы кешеннің шығысында үш Ахеменид патшасына тиесілі кесене тауды ойып жасалған. Осы ескерткіштердің барлығында тасқа ойылып жазылған жазбалар үш тілде – ежелгі парсы, вавилон және элам тілдерінде жазылған. Бұл жазбаларда ғимараттардың салыну тарихы мен басқа да мазмұндағы сөздер жазылған. Персеполис кешені 1979 жылдан бастап Иранның ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра қорына тіркелген ескерткіші болып табылады.

Әлемдік мұраға қосылған "Пасаргад" кешені Ахеменидтер заманынан қалған ежелгі ескерткіштердің бірі болып табылады. Ол Фарс облысында Персеполистің солтүстігінен 70 шақырым жерде орналасқан. Бұл кешенде бірнеше сарай, екі вилла, шах бағындағы фонтандар мен Телтахт қорғаныс бекіністері, Мұзаффари керуен сарайы, Ахеменидтер патшалары Куруш пен Камбоджидің кесенесі мен Бұлағи қасиетті сайы орналасқан. Пасаргад кешені 1383 жылы (2004 жылы) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра қорына енгізілді. Ежелгі қала Пасаргад Ахеменидтердің Фарс облысы Пелвар өзенінің алқабында орналасқан алғашқы астанасы болды. Бұл қала ұлы Куруш II патшаның бұйрығымен б.з.д. 6 ғасырда салынған. Қаланың негізгі бөлігінің ауданы 160 гектар жерді алып жатыр. Пасаргад кешенінің ең маңызды ескерткіші - Куруш кесенесі. Бұл кесене шамамен б.з.д. 540-530 жылдары ақ түсті әк тастан салынған.

Ападана залыl, парсы және Median сарбаздары
Lapis lazuli and paste plaque from Persepolis (National Museum of Iran)

Кесене салтанатты бақтың ортасында үлкен тастардан салынған. Бұл кесенені салуға пайдаланған кейбір тастардың ұзындығы 7 метрге дейін барады.


Персеполис панорамалық көрінісі.
Персеполистен панорамалық көрініс .

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Persepolis
Other Languages
العربية: تخت جمشيد
asturianu: Persépolis
azərbaycanca: Persepolis
تۆرکجه: پرسپولیس
башҡортса: Персеполь
беларуская: Персепаліс
български: Персеполис
brezhoneg: Persepolis
català: Persèpolis
Cebuano: Persepolis
čeština: Persepolis
Cymraeg: Persepolis
dansk: Persepolis
Deutsch: Persepolis
Zazaki: Persepolis
Ελληνικά: Περσέπολη
English: Persepolis
Esperanto: Persepolo
español: Persépolis
euskara: Persepolis
فارسی: تخت جمشید
suomi: Persepolis
français: Persépolis
galego: Persépole
עברית: פרספוליס
हिन्दी: पर्सेपोलिस
hrvatski: Perzepolis
magyar: Perszepolisz
հայերեն: Պերսեպոլիս
Bahasa Indonesia: Persepolis
italiano: Persepoli
Basa Jawa: Persepolis
ქართული: პერსეპოლისი
Кыргызча: Персеполь
Latina: Persepolis
lietuvių: Persepolis
latviešu: Persepole
македонски: Персеполис
монгол: Персеполь
Bahasa Melayu: Persepolis
မြန်မာဘာသာ: ပါဆီပိုးလစ်
नेपाली: पर्सेपोलिस
Nederlands: Persepolis
norsk: Persepolis
occitan: Persèpolis
polski: Persepolis
پنجابی: تخت جمشید
português: Persépolis
română: Persepolis
русский: Персеполь
sicilianu: Persepolis
Scots: Persepolis
srpskohrvatski / српскохрватски: Persepolis
Simple English: Persepolis
slovenčina: Perzepolis
slovenščina: Perzepolis
српски / srpski: Персепољ
svenska: Persepolis
Tagalog: Persepolis
Türkçe: Persepolis
татарча/tatarça: Персеполис
українська: Парса
oʻzbekcha/ўзбекча: Persepol
Tiếng Việt: Persepolis