Палестина

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Палестина (айрық) деген бетті қараңыз.

Палестина
Flag of Palestine.svg елтаңбасы
БайрақЕлтаңба
Палестина ұлттық әнұраны
Экономикасы
Қосымша мәліметтер
Уақыт белдеулеріUTC+2 және UTC+03:00

Палестина мемлекеті, Батыс Азияда орналасқан. Жер аумағы 6,2 мың км². Халқы 2,1 млн. (1995). Тұрғындары арабтар мен еврей қоныстанушылары. Ресми тіліараб тілі. Мемлекет билігі Уақытша әкімшілік қолында. Әкімшілік орталығы – Ромула. Діні – сунниттік ислам мен иудаизм.

Flag of Palestine - long triangle.svg
Mill (British Mandate for Palestine currency, 1927).jpg

Палестина жерлері Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатыр. Жері таулы, үстіртті. Климаты ыстық, жерортатеңіздік. Жазы құрғақ, қысы жылы, жаңбырлы. Шөлден ыстық, құрғақ “хамсин” желі соғады. Орташа температурасы жазда 27 – 30ӘС, қаңтарда 7 – 12ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 500 мм. Оңтүстігіне қарай кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құяды. Табиғаты өте жұтаң. Кішірек ағаштар мен бұталар ғана өседі.

Тарихы

Палестина жерін алғашқы адамдар ежелгі палеолит дәуірінен бастап мекендеген. Б.з.б. 3-мыңжылдықта ханан тайпалары қоныс тепті. Б.з.б. 18 ғасырда Палестинаны жаулап алған гиксостарды 16 ғасырда египеттіктер талқандап, аймаққа саяси ықпал жүргізді. Осыдан үш ғасыр кейін Палестина аумағын ежелгі еврей тайпалары жаулап ала бастады. Б.з.б. 12 ғасырда Палестина жағалауын филистимдіктер (“Палестина” атауы ежелгі еврейше пелиштим – филистимдіктер дегеннен шыққан) басып алды. Б.з.б. 11 ғасырда Палестинаның қалған аумағында ежелгі еврей тайпаларының Израиль-иудей патшалығы құрылды. Б.з.б. 928 ж. ол солтүстікте Израиль патшалығы, оңтүстікте Иудей патшалығы (б.з.б. 928 – 586 ж.) болып екіге бөлінді. Б.з.б. 722 ж. Израиль патшалығын Ассирия патшасы Саргон ІІ басып алды. Б.з.б. 587 – 86 ж. Иудей патшалығын Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ өзіне қаратты. Парсылар Вавилон жерін жаулап алған соң Палестина аумағы Ахемен әулеті, 332 ж. Александр Македонский мемлекеттерінің құрамына кірді. Б.з.б. 3 – 2 ғасырларда алдымен Египеттегі Птолемей әулетінің, кейін Сириядағы Селевки әулетінің қол астында болды. Б.з.б. 142 ж. Палестина жерінде Хасмонейлер мемлекеті құрылды. Б.з.б. 63 ж. Рим протектораты орнатылды. 395 жылдан Византия құрамында болды. 640 ж. Палестинаны арабтар жаулап алды. 1-крест жорығының (1095 – 99) нәтижесінде жаулап алынған Палестина аумағында Иерусалим корольдігі құрылды. 1187 ж. Египет сұлтаны Салах әд-Дин крест тағушыларды талқандап, Палестинаның негізгі бөлігін кейін мәмлүктер билеген Египет құрамына қосты. Палестинаны 1516 ж. түріктер жаулап алды. 1832 – 41 ж. Палестина Египет патшасы Мұхаммед Әлидің қол астына қарады. 19 ғасырдың ортасында Суэц каналының ашылуына байланысты Палестинаның стратегиялық және экономикалық маңызы артып, Еуропа мемлекеттерінің бұл ауданда өз ықпалын орнату жолындағы бәсекесі шиеленісе түсті. Палестина үшін күресте Еуропа мемлекеттері еврейлердің сионизм идеологиясын пайдаланды. Олар әр түрлі елдердегі еврейлерді Палестинаға қоныстандыруды қолға алды. 1-дүниежүз. соғыс барысында Палестинаны ағылшындар басып алды. Англия да еврейлердің осында келуіне барынша жағдай жасады. Сионистік ұйымдар мен отарлық трестер Палестинадан әр түрлі концессиялар ашып, шұрайлы жерлерді сатып алды, кейін бұл жерлерден арабтарды ( феллахтар) күшпен қуып шықты. Сионистер мен ағылшындардың Палестинадағы отарлау саясатына арабтардың наразылығы күшейіп, бірнеше рет қарулы көтеріліс (1920, 1929, 1933, 1936 – 39) болды. 1939 ж. Англия Палестинада 10 жылдан кейін біріккен еврей-араб мемлекетін құру туралы жобасын ұсынды. Оған екі жақ көнбеді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін де еврейлер өз мемлекетін құру жолындағы әрекеттерін тоқтатпады. 1947 ж. ағылшын үкіметі Палестина туралы мәселені БҰҰ-ға тапсыруға мәжбүр болды. 1947 ж. 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ағылшын мандатын жою, ағылшын әскерлерін Палестинадан әкету және оның аумағында тәуелсіз араб және еврей мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Иерусалим БҰҰ-ның басқаруындағы өз алдына арнаулы әкімш. болып бөлінді. Бас Ассамблеяның осы шешімінің негізінде 1948 ж. 14 мамырда Палестина аумағының бір бөлігінде Израиль мемлекеті жарияланды. Бірақ Палестинадағы араб халқы өз алдына мемлекет құра алмады. Бұл жағдай кейін араб-израиль соғыстарын тудырды. 1964 ж. Палестинаны азат ету ұйымы ( ПАЕҰ) құрылып, оның басшысы Ясир Арафат Израиль басып алған Палестина аумағын азат ету күресін бастады. 1974 ж. Рабаттағы араб саммиті ПАЕҰ-ны Палестина халқының жалғыз заңды өкілі ретінде мойындады. ПАЕҰ Кэмп-Дэвид келісіміне қарсы шықты. 1988 ж. ПАЕҰ тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1997 ж. Израиль мен ПАЕҰ арасында жасалған келісім бойынша Палестинаның автономия ретіндегі құқы танылды. 2001 жылғы АҚШ-тағы лаңкестік оқиға мен 2003 жылғы Ирактағы АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдерінің әскери қимылдарына байланысты Палестина мәселесі шиеленісіп кетті. 2005 ж. ПАЕҰ басшылығына келген М.Аббас Палестина мәселесін шешуді қолға алды. Палестина экономикасының дамуына Израиль әскерінің елдегі басқыншылық әрекеттері кері әсер етуде. Палестина тұрғындары күнкөріс үшін Израильге, Парсы шығанағы елдеріне жұмыс істейді. 1990 ж. Парсы бұғазындағы дағдарыстан кейін көпшілігінің елге қайтуына тура келді.

Елде екі ақша бірлігі – израиль шекелі, иордан динары жүреді. 1992 ж. Қазақстан мен Палестина арасында дипломаттық қатынас орнады. Алматы қаласында Палестина елшілігі ашылған.

Other Languages
Acèh: Palèstina
Alemannisch: Palästina
አማርኛ: ፍልስጤም
aragonés: Palestina
العربية: فلسطين
ܐܪܡܝܐ: ܦܠܣܛܝܢ
مصرى: فلسطين
asturianu: Palestina
azərbaycanca: Fələstin
تۆرکجه: فیلیسطین
башҡортса: Фәләстин
беларуская: Палесціна
беларуская (тарашкевіца)‎: Палестына
български: Палестина
বিষ্ণুপ্রিয়া মণিপুরী: পালেসটিনা
brezhoneg: Palestina
ᨅᨔ ᨕᨘᨁᨗ: Palestina
català: Palestina
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Palestine
нохчийн: ПалестӀина
کوردی: فەلەستین
čeština: Palestina
Чӑвашла: Палестина
Cymraeg: Palesteina
dansk: Palæstina
Ελληνικά: Παλαιστίνη
Esperanto: Palestino
eesti: Palestiina
euskara: Palestina
فارسی: فلسطین
føroyskt: Palestina
français: Palestine
Frysk: Palestina
Hausa: Falasdinu
客家語/Hak-kâ-ngî: Palestine
hrvatski: Palestina
interlingua: Palestina
Bahasa Indonesia: Palestina
Interlingue: Palestina
Ilokano: Palestina
íslenska: Palestína
italiano: Palestina
日本語: パレスチナ
Basa Jawa: Palèstina
ქართული: პალესტინა
kalaallisut: Palæstina
къарачай-малкъар: Палестина
kernowek: Palestayn
Кыргызча: Палестина
Latina: Palaestina
Lëtzebuergesch: Palestina
Ligure: Palestinna
latviešu: Palestīna
Baso Minangkabau: Palestina
македонски: Палестина
Bahasa Melayu: Palestin
مازِرونی: فلسطین
Nederlands: Palestina (regio)
norsk nynorsk: Palestina
Deitsch: Baaleschdi
polski: Palestyna
پنجابی: فلسطین
پښتو: فلسطين
Runa Simi: Palistina
Romani: Palestina
română: Palestina
русский: Палестина
sicilianu: Palistina
Scots: Palestine
davvisámegiella: Palestiinná
srpskohrvatski / српскохрватски: Palestina
Simple English: Palestine
slovenščina: Palestina
Gagana Samoa: Palesitina
Soomaaliga: Falastiin
shqip: Palestina
српски / srpski: Палестина (регион)
svenska: Palestina
тоҷикӣ: Фаластин
Türkçe: Filistin
татарча/tatarça: Фәлистыйн
українська: Палестина
اردو: فلسطین
Tiếng Việt: Palestine (khu vực)
Winaray: Palestina
Wolof: Palestiin
მარგალური: პალესტინა
ייִדיש: פאלעסטינע
Yorùbá: Palẹstínì
Bân-lâm-gú: Palestine
粵語: 巴勒斯坦