Павлиндер

Павлиндер
Кәдімгі павлин, Pavo cristatus
Кәдімгі павлин, Pavo cristatus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Кіші табы: Желпіқұйрықты құстар
Ықшам табы: Neognathae
Ұлы сабы: Galloanserae
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Қырғауылдар тұқымдасы
Тегі: Pavo
Linnaeus, 1758
Species

Pavo cristatus
Pavo muticus

Павлиндер, тауыстар ( лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс.


2 түрі бар: кәдімгі павлин (Р. crіstatus) және көкқанатты павлин (Р. mutіcus). Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерін, құрттар, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. П-дер Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “ Қызыл кітабына” енгізілген. [1]

Галерея

Other Languages
Afrikaans: Pou
aragonés: Pavo (chenero)
العربية: طاووس (جنس)
авар: ТӀавус
azərbaycanca: Tovuzquşu
башҡортса: Тауистар
беларуская: Паўліны
беларуская (тарашкевіца)‎: Паўліны
বাংলা: ময়ূর
brezhoneg: Pavo
català: Pavo
Cebuano: Pavo
čeština: Páv
Чӑвашла: Турткăшсем
Ελληνικά: Παγώνι
English: Pavo (genus)
Esperanto: Pavo
español: Pavo (género)
eesti: Paabulind
euskara: Pavo
français: Pavo
עברית: טווס
hrvatski: Paunovi
magyar: Pavo
Հայերեն: Սիրամարգ
Bahasa Indonesia: Pavo (marga)
Ido: Pavono
italiano: Pavo
日本語: クジャク属
ქართული: ფარშავანგი
한국어: 공작속
Кыргызча: Павлиндер
Latina: Pavo (genus)
Lëtzebuergesch: Pohunn
lietuvių: Povai
latviešu: Pāvi
македонски: Паун
Bahasa Melayu: Burung Merak
Nederlands: Pauwen
occitan: Pavo (genre)
Ирон: Мæлхъ
polski: Pavo
română: Păun
armãneashti: Pâunu
русский: Павлины
संस्कृतम्: मयूरः
srpskohrvatski / српскохрватски: Paunovi
Simple English: Asiatic peafowl
slovenščina: Pav (rod)
српски / srpski: Паун
українська: Павич
oʻzbekcha/ўзбекча: Tovuslar
Tiếng Việt: Chi Công
Winaray: Pavo
Bân-lâm-gú: Khóng-chhiok
粵語: 孔雀屬