Офицер

Офицер

A.
Бухара офицері, XX ғасыр

Офицер (нем. offіzіer, лат. offіcіarіus – қызмет бабындағы адам) – Қарулы Күштердегі, полиция мен арнаулы қызмет орындарындағы командалық және басшы құрамдағы адам. Офицер атағы әуел баста мемл. қызметтегі адамдарға берілген. Францияда және басқа еуропа мемлекеттерде тұрақты жалдамалы әскерлер мен әскери-теңіз флоттарының пайда болуына байланысты (16 ғ.) әскери басшыларға офицер атағы берілді. Ресей армиясында офицер шені алғаш рет Петр І патша кезінен енгізіле бастады. Алғашында офицер құрамы ақсүйектерден іріктеліп, кейіннен орта бұқара өкілдерімен толықтырылды. 19 ғ-да Ресей армиясында қызмет еткен алғашқы қазақ офицерлері ( Ғ.Жәңгіров, Ш.Уәлиханов, т.б.) пайда болды. Қазан төңкерісінен кейін офицер атағы жойылып, 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында қайта енгізілді. Командирлер мен басшы офицерлер әскери атағымен атала бастады. 1991 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін офицерлер дайындайтын оқу орындары құрылып, жаңа киім үлгілері енгізілді. Офицерлер кіші, орта, аға офицерлер болып бөлінеді.

Other Languages
العربية: ضابط
azərbaycanca: Zabit
башҡортса: Офицер
беларуская: Афіцэр
български: Офицер
bosanski: Oficir
català: Oficial
čeština: Důstojník
dansk: Officer
Deutsch: Offizier
Ελληνικά: Αξιωματικός
Esperanto: Oficiro
eesti: Ohvitser
suomi: Upseeri
Võro: Ohvitsiir
français: Officier
Frysk: Ofsier
עברית: קצין
hrvatski: Časnik
հայերեն: Սպա
Bahasa Indonesia: Perwira
Ido: Oficiro
日本語: 士官
ქართული: ოფიცერი
한국어: 장교
kurdî: Efser
lietuvių: Karininkas
македонски: Офицер
Nederlands: Officier
norsk nynorsk: Offiser
norsk: Offiser
occitan: Oficièr
português: Oficial (militar)
Runa Simi: Awqaq pusaq
română: Ofițer
русский: Офицер
srpskohrvatski / српскохрватски: Oficir
slovenčina: Dôstojník
slovenščina: Častnik
српски / srpski: Официр
svenska: Officer
тоҷикӣ: Афсар
Türkçe: Subay
татарча/tatarça: Офицер
українська: Офіцер
oʻzbekcha/ўзбекча: Ofitser
Tiếng Việt: Sĩ quan
中文: 軍官
Bân-lâm-gú: Kun-koaⁿ
粵語: 軍官