Ноутбук

Ноутбук үлгісі

Ноутбук (ағылш. notebook — блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығында және көлемінің ықшамдылығында. Жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он бес сағат аралығына тең.

Көп жағдайларға ноутбуктарға форм – факторы жинама негізді келетін лэптоп түрлері жатады. Ноутбуктың тасымалы жиналған күйде орындалғандықтан, экранды, пернетақтаны және тачпад нысандарын қорғау мүмкіндігін береді. Ноутбуктын тағы мүмкіншіліктерінің бірі – оны қарапайым арнайы дорбада тасымалдауға болатындығында.

Тарихы

1968 жылы «Xerox» фирмасының зерттеу лабjраториясының басшысы Алан Кей «блокнот» көлемімен тең келетін, желіге сым қолданбай қосылуға болатын, шағын экранмен жабдықталған және тасымалға жеңіл есептеуіш машинасын құру жайлы ұсыныс жасады.

1979 жылы NASA тапсырысымен, Вильям Могридж(Grid Systems компаниясының өкілі) алғашқы Grid Compass есімді ноутбукты жасап шығарды(жедел жадының көлемі 340 кБ, процессоры Intel 8086 жиілігі 8 мГц және экраны люминесцентналы). Аталмыш ноутбук Space Shuttle жобасында қолданылған.

Алғашқы азаматтық қолданысқа 1981 жылы Адам Осборнның 1795 АҚШ доллары тұратын ноутбугі қолданысқа еңді (салмағы 11 кг, жедел жады 64 кБ, 4 мГц жиілігі бар Zilog Z80A процессоры, 5,25 дюйімды екі диск салу құрылғысы бар, үш портты, 52 таңбадан 24 жол еңгізуге мүмкіндік беретін 8,75х6,6 см көлемді монохромды экран және 69 пернемен жабдықталған болатын). Алайда Osborne Vixen ноутбуктарының шығарылымы жайлы хабар оның құрастырылуына дейін айтылғандықтан (ал бұл хабар Osborne 1 ноутбуктарының сатылымына теріс әсерін тигізді), компания кедейленді.

1982 жылы Compaq фирмасы процессоры Intel 8080 IBM PC есімді ноутбукты қолданысқа еңгізді. 1983 жылы компьютерді өндіретін көптеген фирмаларда өздерінің ноутбуктарын жасауға тәжірибелері болған. 1984 жылы Apple фирмасы LCD дисплейді ноутбуктарын шығарды. 1986 жылы IBM процессоры Intel (салмағы 5,4 кг, диск салу кеңістіні 3,5 дюйм) болған ноутбугын 3500 АҚШ доллары бағасының көлемінде шығарды.

1990 жылы Intel дүниежүзінде алғашқы мобильді дербес компьютерлерге арналған процессорын Intel 386 SL есімімен шығарды, сондай ақ қуат көзінің батареясының ұзақ мерзімділігі арттырылды.

Атқаратын қызметтері

Тасымалға жеңіл компьютерлердің бағасы қарапайым дербес компьютерлермен тең келгенімен бірге, бір деңдейде жұмыс істеу қабілеттілігі бар. Бірақ ноутбуктың нарықтағы сатылымы дербес компьютерге қарағанда күрт төмен. Ноутбуктық құрамы дербес компьютердің құрамына ұқсас, бірақ өлшемдері мен құрамындағы бөлшектер оңтайландырылған және кішірейтілген.

Сондай – ақ, ноутбукты теледидарға немесе үнтаспаға қосып, қарапайым мультимедиалық сауықтыру орталығына айналдыруға болады.

Other Languages
Afrikaans: Skootrekenaar
አማርኛ: ላፕቶፕ
العربية: حاسوب محمول
مصرى: لاب توب
беларуская: Ноўтбук
भोजपुरी: लैपटाप
bosanski: Laptop
کوردی: لاپتاپ
čeština: Notebook
Чӑвашла: Ноутбук
Cymraeg: Gliniadur
Deutsch: Notebook
English: Laptop
Esperanto: Tekokomputilo
فارسی: لپ‌تاپ
føroyskt: Fartelda
galego: Portátil
Gaelg: Glioonag
客家語/Hak-kâ-ngî: Sú-thì thien-nó
עברית: מחשב נייד
हिन्दी: लैपटॉप
magyar: Laptop
Հայերեն: Նոթբուք
Bahasa Indonesia: Komputer jinjing
íslenska: Fartölva
Basa Jawa: Laptop
ქართული: ლეპტოპი
한국어: 랩톱 컴퓨터
latviešu: Klēpjdators
македонски: Преносен сметач
मराठी: लॅपटॉप
Bahasa Melayu: Komputer riba
مازِرونی: لپ‌تاب
नेपाली: ल्याप्टप
Nederlands: Laptop
ਪੰਜਾਬੀ: ਲੈਪਟਾਪ
polski: Laptop
português: Laptop
română: Laptop
русский: Ноутбук
srpskohrvatski / српскохрватски: Laptop
Simple English: Laptop
slovenčina: Laptop
slovenščina: Prenosnik
shqip: Laptopi
српски / srpski: Лаптоп
Basa Sunda: Léptop
svenska: Bärbar dator
українська: Ноутбук
اردو: لیپ ٹاپ
oʻzbekcha/ўзбекча: Laptop
Tiếng Việt: Máy tính xách tay
Winaray: Laptop
მარგალური: ლეპტოპი
粵語: 手提電腦
isiZulu: Ilaptop