Николай Андреевич Римский-Корсаков

Nikolay A Rimsky Korsakov 1897.jpg

Николай Андреевич Римский-Корсаков [6(18). 3.1844, Тихвин қаласы, Новгород губерниясы — 21.6.1908, Любенск усадьбасы, Псков облысы — Ресей композиторы, дирижер.

Теңізшілер кадет корпусында оқыған (1856 — 62). 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған Р.-К. кейіннен М.Балакиревтің “Жасампаз топ” шығармалық үйірмесіне қатысты, музыкалық танымы, бағыты, эстетикалық көзқарасы қалыптасты. Ол Балакиревтің ықпалымен 1-симфониясын (1861 — 65) жазды. 1867 ж. “Серб қиялы” және “Садко” музыкалық суреттемесі мен бірқатар романстар жазған. 1868 ж. “Антар” 2-симфониясын, 1872 ж. “Псков қызы” операсын дүниеге әкелді. “Орыстың 100 халық әні” (1875 — 76), “40 әуен” (1875 — 82), “Мамыр түні” (1878 — 79), “Ақшақар” (1880 — 81) шығармалары жарық көрді.

Кейіннен оркестрге арналған “Ертегі” (1879 — 80), оркестрге арналған фортепианолық концерттер (1882 — 83), симфониетта (1884 — 85), сондай-ақ шығармашылық шыңы — “Испан каприччиосы” (1887) мен “Шехеразада” (1888) жазылды. “Рождество алдындағы түн” (1894 — 95), эпикалық “Опера-былина”, “Садко” (1893 — 96), камералдық опера “Моцарт және Сальери” (1897), бір актілі “Бояр әйел Вера Шелога”, “Патша қалыңдығы” (екеуі де 1898), “Ажалсыз Кощей” (1902) опералары дүниеге келді. Р.-К. жазған “Оркестрлеу негіздері” және “Тәжірибелі Гармония оқулығы” атты еңбектері өзінің ғылыми-педагогикалық маңызын осы күнге дейін жоймай келеді.

Other Languages
asturianu: Rimsky-Korsakov
Bahasa Indonesia: Nikolai Rimsky-Korsakov
srpskohrvatski / српскохрватски: Nikolaj Rimski-Korsakov
Simple English: Nikolai Rimsky-Korsakov
oʻzbekcha/ўзбекча: Nikolay Rimskiy-Korsakov