Нағыз итбалықтар

Нағыз итбалықтар
Қазбалық ауқымы: 15–0 Ma Middle Миоцен to Recent
Кәдімгі итбалық, Phoca vitulina
Кәдімгі итбалық, Phoca vitulina
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жыртқыштар
Кіші сабы:Иттәрізділер
Ұлы тұқымдасы:Ескекаяқтылар
Тұқымдасы:Phocidae
Джон Эдуард Грей, 1821
Genera

Нағыз итбалықтар (лат. Phocidae) – ескекаяқтылар отрядының бір тұқымдасы.


Бұларды құлақсыз итбалық деп те атайды. Итбалықтардың бұлай аталуына сыртқы құлақ қалқанының болмауы себеп болған. Олардың артқы аяқтары қысқа, әрі құрлықта қозғалуына қатыспайды. Түгі ірі қылшықты, мамығы болмайды. итбалықтардың жалпы 22 туысының қазіргі кезде 13 туысы 18 түрі Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде, Антарктида жағалауында және кейбір үлкен ішкі су айдындарында таралған. Итбалықтардың негізгі туыстарына: жолақты итбалық, Гренландия итбалығы, кәдімгі итбалықтар, нерпалар, теңіз пілдері, т.б. жатады.

Итбалықтардың көпшілік түрлері қоныс аударады. Итбалықтар ауа-райы күрт өзгерер алдында теңіз жағалауындағы жартастар арасындағы бұғаздарға тығылып, мазасыз күй кешеді. Артқы аяқтары тек суда жақсы жүзу қызметін атқарады. Олар судың терең қабаттарына түсіп, су ішінде ұзақ уақыт бола алады. Солтүстік жартышардағы итбалықтар мұз үстіне шығып тынығады, әрі мұз үстінде күшіктейді, ал Оңтүстік жартышардағы түрлері – тынығу үшін жағалауға шығады. итбалықтардың тері астындағы қалың май қабатының дене темп-расын бірқалыпты ұстаудағы маңызы зор. Итбалықтардың түйсік қабілетінің жоғары дәрежеде дамығаны анықталған. Мысалы, олардың денесіне қатты соққы тиген кезде көздерінен жас ағып “жылайды”, музыка әуеніне еліктейді.

Итбалықтың аналығы жылына бір рет күшіктейді. Күшіктерінің көзі ашық, денесі қалың, ақ түсті мамықпен қапталған. Осыған орай оның күшігін “ақүрпек” деп атайды. Күшіктері алғашында суда жүзе де, сүңги де алмайды. Үш аптадан кейін олардың түгі біртегіс, әрі қылшықты күйге ауысады. Итбалықтардың негізгі жауы теңізде – касатка дельфині, ал жағалауда – ақ аю, ал күшіктеріне ірі жыртқыш балықтар шабуыл жасайды.

Қиыр Солтүстік тұрғындары итбалықты еті, майы, терісі үшін аулайды. Итбалықтар кәсіптік маңызы бар жануар болғандықтан, жылдан-жылға саны азаюда. Сондықтан Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” 3 түрі және 1 түр тармағы енгізілген. Қазақстанның Каспий теңізінде – каспий итбалығы кездеседі.<ref">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

  • Дереккөздер

Дереккөздер


Other Languages
Afrikaans: Rob
العربية: فقميات
asturianu: Phocidae
azərbaycanca: Əsl suitilər
беларуская: Сапраўдныя цюлені
български: Същински тюлени
brezhoneg: Phocidae
буряад: Хаб загаһан
català: Foques
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Hāi-báu
Cebuano: Phocidae
ᏣᎳᎩ: ᎠᏐᎠᏍᏙ
čeština: Tuleňovití
kaszëbsczi: Zelińtë
Deutsch: Hundsrobben
English: Earless seal
Esperanto: Fokedoj
español: Phocidae
eesti: Hülglased
euskara: Itsas txakur
فارسی: فک بی‌گوش
suomi: Hylkeet
føroyskt: Kópur
français: Phocidae
Nordfriisk: Siahünjer
Gaeilge: Rón
galego: Fócidos
Avañe'ẽ: Kyjachuroto
Hawaiʻi: Phocidae
עברית: כלבי ים
hrvatski: Pravi tuljani
magyar: Fókafélék
interlingua: Phocidae
íslenska: Selaætt
italiano: Phocidae
ᐃᓄᒃᑎᑐᑦ/inuktitut: ᐳᐃᔨᒃ
日本語: アザラシ
한국어: 물범과
kurdî: Foka bêguh
Кыргызча: Тюлень
Latina: Phocidae
Limburgs: Zieëhónj
lingála: Sili
lietuvių: Tikrieji ruoniai
latviešu: Roņi
Nederlands: Zeehonden
norsk nynorsk: Ekte selar
occitan: Phocidae
polski: Fokowate
پنجابی: انکنا سیل
português: Foca
română: Phocidae
Scots: Selch
srpskohrvatski / српскохрватски: Pravi tuljani
Simple English: Earless seal
Kiswahili: Sili
Tagalog: Phocidae
Türkçe: Fokgiller
українська: Тюленеві
oʻzbekcha/ўзбекча: Tyulenlar
Winaray: Phocidae
中文: 海豹
Bân-lâm-gú: Hái-pà
粵語: 海豹