Мұсылман

Әлемдегі мұсылман уммасының пайызы
Мұсылман

Мұсылмандар (араб.: مسلم‎ [мусли́м] – «мойынсұнушы», «көнуші») — Ислам дінінқабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам.Мұсылман болу - ынта-ықыласымен Аллаһқа берілу, Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың айтқандарына толық илану, шариғатүкімдеріне мойынсыну және Исламды дін ретінде толық қабылдау деген мағына береді. Шынайы мұсылман иман шарттарына шеккелтірмеу Ислам қағидаларын орындауы қажет («Бақара», 112, 131, 133-аяттар; «Әли Ғымран», 20, 83-аяттар; «Ниса», 125-аят; «Мәида», 44-аят; (Әнғам», 14-аят, т.б.) Мұсылман адамды кейде «му'мин» (мүмін, момын) деп театайды.

«Муслим» - Исламды мойындаушы деген мағына берсе, «мумин» - иманкелтіруші деген ұғымды білдіреді. Құран Кәрімде айтылғандай («Юныс», 84-аят; «Нәміл», 81 -аят, т.б.) иман мен Ислам ұғымдары бірін-бірі толықтырады, яғни Мұсылман мен мумин сөздері өзара мағыналас. Әйтсе деиман - иман негіздерге жүрекпен иланып,іштей сену болса, Ислам - сол сенімді жария ету және Жаратқанның әмірлеріне толық мойынсұнып, амал ету болып табылады. Құран Кәрімде муслим сөзі бірнешерет кездеседі. Сонымен қатар мумин жайлы айтылатын аяттар және «Муминун» аттыарнайы сүре бар. «Муминдер» деген мағынаберетін «Муминун» сүресінде муминдердіңнамаздарын терең тебіреніспен беріле оқып,тиым салынған нәрселерден бойларын аулақұстайтыны, зекет беріп, аманатқа адалдықтанытатыны және сөздеріне берік екендіктеріайтылады. («Муминун», 1 - 9-аяттар)«Інсан» сүресінде муминдердің Аллаһризалығын басты нысана етіп алатыны сөзболады («Инсан», 8 - 9-аяттар). Сондай-ақ,«Рағыд» сүресінде мумин «Аллаһ Тағаланың әмірлеріне толық мойынсұнып, есеп беретін ұлы күнді ойлаушы, сөзіне берік, ант пен аманатқа адалдық танытушы және Аллаһ ризалығы үшін сабыр сақтап, намазын уақытында оқушы» ретінде сипатталады. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) хадистерінде Мұсылман - Аллаһ және оның Елшісін жанынан жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаулан тиылып, ғибадатын Аллаһ ризалығы үшін ықыласпенорындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де өзге мұсылмандарға зиян келтірмейді, қиынатжасамайды, Өйткені - мұсылман - мұсылманның бауыры.Көркем мінезді, иманжүзді мұсылманның негізгі сипаты - жомарттықпен жетім-жесірлерге жәрдем береді, Аллаһтың берген нәсібін Жаратқанның жолында жұмсайды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


Other Languages
Afrikaans: Moslem
العربية: مسلم
ܐܪܡܝܐ: ܡܫܠܡܢܐ
অসমীয়া: মুছলিম
asturianu: Musulmán
azərbaycanca: Müsəlman
تۆرکجه: موسلمان
башҡортса: Мосолмандар
беларуская: Мусульмане
беларуская (тарашкевіца)‎: Мусульмане
български: Мюсюлманин
বাংলা: মুসলিম
bosanski: Musliman
català: Musulmà
нохчийн: Бусалбаниг
Cebuano: Muslim
کوردی: موسڵمان
čeština: Muslim
Deutsch: Muslim
Ελληνικά: Μουσουλμάνος
English: Muslim
Esperanto: Islamano
español: Musulmán
eesti: Muslim
euskara: Musulman
فارسی: مسلمان
suomi: Muslimi
føroyskt: Muslimar
français: Musulman
Frysk: Moslim
galego: Musulmán
Avañe'ẽ: Musulmã
ગુજરાતી: મુસલમાન
Hausa: Musulmi
עברית: מוסלמים
हिन्दी: मुसलमान
Fiji Hindi: Muslim
hrvatski: Musliman
interlingua: Musulman
Bahasa Indonesia: Muslim
italiano: Musulmano
日本語: ムスリム
Basa Jawa: Muslim
ქართული: მუსლიმი
ಕನ್ನಡ: ಮುಸ್ಲಿಮ್
한국어: 무슬림
kurdî: Misilman
Кыргызча: Мусулман
Latina: Musulmanus
лакку: Бусурман
lingála: Mizulmani
latviešu: Musulmaņi
मैथिली: मुस्लिम
Baso Minangkabau: Muslim
മലയാളം: മുസ്‌ലിം
मराठी: मुसलमान
Bahasa Melayu: Muslim
မြန်မာဘာသာ: မူဆလင်
नेपाली: मुसलमान
Nederlands: Moslim
ଓଡ଼ିଆ: ମୁସଲମାନ
ਪੰਜਾਬੀ: ਮੁਸਲਮਾਨ
polski: Muzułmanin
پنجابی: مسلمان
português: Muçulmano
română: Musulman
русский: Мусульманин
русиньскый: Могамедан
sicilianu: Mussurmanu
Scots: Muslim
سنڌي: مسلمان
srpskohrvatski / српскохрватски: Muslimani (vjernici)
සිංහල: මුස්ලිම්
slovenščina: Muslimani
Soomaaliga: Muslim
shqip: Myslimani
српски / srpski: Муслимани
Kiswahili: Mwislamu
தமிழ்: முஸ்லிம்
тоҷикӣ: Мусулмон
Türkmençe: Musulmanlar
Tagalog: Muslim
Türkçe: Müslüman
татарча/tatarça: Мөселман
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: مۇسۇلمان
українська: Мусульмани
اردو: مسلمان
oʻzbekcha/ўзбекча: Musulmon
Tiếng Việt: Người Hồi giáo
Winaray: Muslim
吴语: 穆斯林
Yorùbá: Mùsùlùmí
中文: 穆斯林
文言: 穆斯林
Bân-lâm-gú: Muslim