Моғол

Моғол , мұғыл, мугул (жете, чете, чат, мағұл) – 1) Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі көне түркі тайпаларының одағы. Моғол тарихта орта ғасырдан белгілі. Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін, Жетісу мен Шығыс Түркістанда осы одақтың атымен Моғолстан, кейіннен Үндістанда Бабыр құрған ұлы моғол мемлекеті пайда болды.[1] Көптеген тарихи деректерде Моғол моңғол тектес деп жазылған. Бірақ Қ.Жалайыри, Моғол Мұхаммед Хайдар Дулат жазбаларына сүйеніп, Ш.Уәлиханов “моғол четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар” десе, проф. В.В. Григорьев “моғол-четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.[2]Г.Левшин зерттеуінде 16 ғасырда Қыпшақ пен Чете даласын Дадан хан билеген моғол ұлысы және қазақтар мекендеді, сол кезде Алтын Орда құрамындағы әр түрлі тайпалардан бөлінген халықтар қазақтарға еріксіз немесе өз еркімен келіп қосылды дейді. Ал Рашид ад-Диннің жазбасындағы Жалайыр тайпасының бір атасы Жайт – Чат Четеге ұқсас. Бұлар көне заманда Сыр мен Шу, Талас бойын мекендеген Сырманақтан, Шуманақтан тараған. Жамал Қарши Моғолды Жете деп жазады. Тегінде бұл тайпаның ертедегі атауы осындай болуы ықтимал, өйткені Жайт-Чат өзгеріске түсіп, Жете-Чете аталып кеткен; 2) Орта ғасырдағы Моғолстанның әскерімен келген түркі тайпалары (мухгал, мугул). Үндістандағы ақсүйектер қауымы-шарифзатқа жататын саийд, шейх, патанның қатарына Моғол да енген.[3]

К. Пищулина

Сілтемелер

Other Languages