Морфогенез

Морфогенез, морфогения, пішін қалыптасу (гр. morphe — пішін, түр және генез) — организмнің жануарлар түрлеріне, туысына, отрядына, сыныбына (класына), типіне байланысты дене бітімі мен пішінінің қалыптасу процесі. Пішінқалыптасу процесін биология ілімінің үлкен саласы морфология зерттейді. Жануарлар организмінің құрылысы мен пішінқалыптасу процесін эмбриогенездің: органогенез, системагенез кезеңдерінен бастап организмдік деңгейде және пішіңдік эволюциялық даму деңгейінде қарастырады.[1]

Жануарлардың ұрықтық дамуы кезеңінде (эмбриогенезінде) ұрық жапырақшалары (эктодерма, энтодерма, мезодерма) мен біліктік мүшелерден (жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі) ұлпалар мен органдардың дамуы нәтижесінде организмдегі белгілі қызметті атқаруға маманданған мүшелер жүйесі қалыптасады. Әр түрлі жануарлар организмдерінің, олардың тіршілік орталарына сәйкес ішкі дене құрылысының дамуы мен сыртқы дене бітімінің қалыптасуын — биологияның салыстырмалы морфология саласы зерттейді. Филогенез бен онтогенездің түрлі сатысында Морфогенез ерекшеліктерін зерттеу — организмнің биол. дамуының биогенетик. заңдылықтарын тереңірек білуге мүмкіндік береді.

Өсімдіктерде Морфогенез деп, жабын, түзгіш, өткізгіш ұлпалардың, сондай-ақ, олардың органдарының (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жемістің) түзілуі мен дамуын айтады. Морфогенезді зерттеу — биология, генетика, молекулалық биология және эволюциялық физиологияның дамып, тұқым қуалау заңдылықтарын ашуда маңызы зор.[2][3]

Other Languages
العربية: تشكل حيوي
български: Морфогенеза
català: Morfogènesi
Deutsch: Morphogenese
Ελληνικά: Μορφογένεση
English: Morphogenesis
español: Morfogénesis
français: Morphogenèse
עברית: מורפוגנזה
Bahasa Indonesia: Morfogenesis
italiano: Morfogenesi
日本語: 形態形成
ქართული: მორფოგენეზი
ಕನ್ನಡ: ಅಂಗವಿಕಾಸ
Кыргызча: Морфогенез
Bahasa Melayu: Morfogenesis
Nederlands: Morfogenese
português: Morfogênese
русский: Морфогенез
Simple English: Morphogenesis
svenska: Morfogenes
українська: Морфогенез
oʻzbekcha/ўзбекча: Morfogenez
中文: 形态发生