Механикалық қозғалыс

Қозғалыс – екі нүктенің ара қашықтығы сақталатын евклидтік кеңістікті геометриялық түрлендіру. Кеңістіктегі бағдарын сақтау не сақтамауына байланысты қозғалыс меншікті (1-текті қозғалыс) немесе меншіксіз (2-текті қозғалыс) деп аталады. Жазықтықта меншікті қозғалыс тік бұрышты координаттар жүйесінде (х,у) мынадай формулалар арқылы берілуі мүмкін:х=х cos  – y sіn  + a,
y=x sіn  + y cos  + b,
мұндағы a мен b параметрлері жазықтықтың (a, b) векторына параллель көшірілуін, ал  параметрі жазықтықтың координаттар бас нүктесінен айналуын сипаттайды. Жазықтықтағы меншіксіз қозғалыс тік бұрышты координаттарда (х, у) мынадай формулалар арқылы берілуі мүмкін:х=хcos + y sіn +a,
y=xsіn – y cos +b.
Кеңістікте қозғалыстың аналит. түрі, оның меншікті немесе меншіксіз болуына байланысты анықтауышы 1-ге немесе –1-ге тең матрицасы ортогональды сызықтық түрлендірулер арқылы беріледі. Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жаткан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз.

Circlestrafing animation.gif

Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс - дененің басқа денелермен салыстырғанда бұрынғы орнының өзгеруі болып табылады. Демек, дененің қозғалатыны немесе қозғалмайтыны туралы айту үшін, оның айналасындағы баска денелерге қатысты орнын өзгертетінін неөзгертпейтінін білуіміз керек. Келтірілген мысалдағы бұлт, ұшақ, машинажәне алма Жермен салыстырғанда бұрынғы орнын өз- 1. 20 м/с жылдамдықпен біркалыпты гертеді. Ал арбаша үстелмен, шар тіреуішпен, яғни оны ұстап тұрған қолмен салыстырғанда орнын өзгертеді.Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын. өзгерте алады.

Қозғалыстың салыстырмалылығы

Дене кей жағдайда тұтас қозғалмай, оның жеке бөліктері ғана қозғалуы мүмкін. Мысалы, дене шынықтыру кезінде тік тұрған адамның қолы немесе аяғы денесіне қатысты бұрынғы орнын өзгертеді. Шұбалшаң қозғалғанда оның денесіндегі буылтықтарының бірімен-бірін салыстырғандағы орны өзгереді. Сол сияқты серіппе созылғанда не сығылғанда оның бөліктерінің салыстырмалы орны өзгереді. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырганда бұрынғы орнын өзгерте алады. Денелердің және олардың бөліктерінің осылай орнын өзгерту процесі табиғатта болып жаткан барлық құбылыстарда маңызды орын алады. Сонымен, дененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атау келісілген. Ал онымен салыстырғанда орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталатын болды. Қозғалып бара жатқан және қозғалмай тұрған денелер жайлы келтірілген мысалдар тек қозғалыс қана емес, сондай-ак тыныштықта салыстырмалы екенін көрсетеді. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ. Қозғалыс - барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

Other Languages
Afrikaans: Beweging
Alemannisch: Bewegung (Physik)
العربية: حركة (فيزياء)
অসমীয়া: চলন
asturianu: Movimientu
azərbaycanca: Mexaniki hərəkət
беларуская: Механічны рух
беларуская (тарашкевіца)‎: Мэханічны рух
български: Движение
বাংলা: গতি
bosanski: Kretanje
català: Moviment
کوردی: جووڵە
Cymraeg: Mudiant
Ελληνικά: Κίνηση
Esperanto: Movado (fiziko)
eesti: Liikumine
euskara: Higidura
فارسی: حرکت
galego: Movemento
हिन्दी: गति (भौतिकी)
hrvatski: Gibanje
Bahasa Indonesia: Gerak
Ido: Movo
italiano: Moto (fisica)
ಕನ್ನಡ: ಚಲನೆ
македонски: Движење (физика)
മലയാളം: ചലനം
монгол: Хөдөлгөөн
मराठी: गती
Bahasa Melayu: Pergerakan (fizik)
norsk nynorsk: Rørsle i fysikk
português: Movimento
Runa Simi: Kuyuy
sardu: Movimentu
sicilianu: Motu (fìsica)
srpskohrvatski / српскохрватски: Gibanje
Simple English: Movement
slovenčina: Mechanický pohyb
slovenščina: Gibanje
српски / srpski: Кретање
Basa Sunda: Gerak
ತುಳು: ಚಲನೆ
తెలుగు: చలనం
тоҷикӣ: Ҳаракат
Türkmençe: Mehaniki hereket
Tagalog: Mosyon
Türkçe: Hareket (fizik)
українська: Рух (механіка)
Tiếng Việt: Chuyển động
ייִדיש: באוועגונג
Yorùbá: Ìmúrìn
Bân-lâm-gú: Tín-tāng
粵語: