Менеджмент

Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1]

Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.

Менеджментті жаратылыстану пәні деп түсіндіретіндер бар, бірақ көпшілік оның гуманитарлық пән екеніне сенімді.

“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (18561915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.[2][3]

Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.

Other Languages
العربية: إدارة
অসমীয়া: ব্যৱস্থাপনা
asturianu: Alministración
azərbaycanca: Menecment
Boarisch: Management
žemaitėška: Vadība
беларуская: Менеджмент
беларуская (тарашкевіца)‎: Мэнэджмэнт
български: Мениджмънт
brezhoneg: Management
bosanski: Menadžment
català: Gestió
čeština: Management
Cymraeg: Rheolaeth
dansk: Ledelse
Deutsch: Management
Ελληνικά: Διαχείριση
English: Management
eesti: Juhtimine
euskara: Kudeaketa
فارسی: مدیریت
français: Management
עברית: ניהול
हिन्दी: प्रबन्धन
hrvatski: Menadžment
magyar: Menedzsment
Bahasa Indonesia: Manajemen
italiano: Management
日本語: 経営管理論
ქართული: მენეჯმენტი
한국어: 경영
Кыргызча: Менеджмент
Limburgs: Bedriefsveuring
lietuvių: Vadyba
latviešu: Vadībzinība
македонски: Менаџмент
монгол: Менежмент
Bahasa Melayu: Pengurusan
Mirandés: Admenistraçon
မြန်မာဘာသာ: စီမံခန့်ခွဲခြင်း
नेपाली: व्यवस्थापन
Nederlands: Management
norsk: Ledelse
Norfuk / Pitkern: Manajement
polski: Zarządzanie
پښتو: سمبالښت
português: Administração
română: Management
русский: Менеджмент
sicilianu: Amministraturi
Scots: Management
srpskohrvatski / српскохрватски: Menadžment
Simple English: Management
slovenčina: Plánovanie
slovenščina: Menedžment
shqip: Menaxhimi
српски / srpski: Руковођење
svenska: Management
Kiswahili: Usimamizi
தமிழ்: மேலாண்மை
тоҷикӣ: Мудирият
Tagalog: Pamamahala
Türkçe: İşletme
українська: Менеджмент
اردو: نظامت
oʻzbekcha/ўзбекча: Menejment
Tiếng Việt: Quản lý
ייִדיש: פירערשאפט
中文: 管理学
Bân-lâm-gú: Koán-lí-ha̍k