Меланезия

Меланезия

Меланезия ( көне грекше: μέλας – қара + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттағы негізгі арал топтарының бірі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5000 километрге созылып жатыр. Басты аралдары мен арал топтары: Жаңа Гвинея, Бисмарк топаралы, Сүлеймен (Соломон) аралдары, Жаңа Гебрид топаралы, Жаңа Каледония, Фиджи. Меланезия аралдары — Ұлыбритания, Франция, Австралия Одағының басқаруындағы және қамқорлығындағы аумақ. Фиджи — тәуелсіз мемлекет. Жаңа Гвинеяның батыс бөлігі ( Батыс Ириан) Индонезияның құрамына кіреді. Жалпы ауданы 1 миллион километр квадрат шамасында. Меланезия аралдарының ірілері материктік, ұсақтары жанартаулық жолмен пайда болған. Олар альпі геосинклинальдық белдеміне кіреді. Күшті қатпарлануға ұшыраған гнейс, кристалдық тақтатас, әктас және гранит интрузиялары кеңінен таралған. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы (5029 метр). Климаты экваторлық және субэкваторлық, оңтүстік аралдарда тропиктік. Орташа айлық температурасы жыл бойы тұрақты дерлік: ең ыстық ай — ақпанда 25 — 28°C, ең салқын ай — тамызда 21 — 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері таулардың терістік беткейлерінде 700 — 900 миллиметр, қалған бөлігінде 1000 — 2000 миллиметр. Ең ірі өзені — Жаңа Гвинеядағы Флай (ұзындығы 800 километр). Экваторға таяу жатқан солтүстік аралдарда ылғалды тропиктік қалың ормандар өседі (нан ағашы, қауын ағашы, пальма түрлері, тағы басқа). Орталық және оңтүстік аралдарда муссондық ормандар мен саванналар бар. Жануарлар дүниесі австралиялық түрлерге ұқсас (қалталы сүтқоректілер, казуарлар, жұмақ құстары, тағы басқа). Байырғы халқының басым көпшілігі (2/3) папуастар және меланезиялықтар (1/4). Тұрғындары егіншілікпен, балықшылықпен, мал шаруашылығымен, және ағаш дайындау, маржан жинау кәсіптерімен айналысады. Түрлі түсті металл кендері өндіріледі.

[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы « Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Melanesia
Other Languages
Acèh: Melanesia
Afrikaans: Melanesië
Alemannisch: Melanesien
العربية: ميلانيزيا
azərbaycanca: Melaneziya
Boarisch: Melanesien
žemaitėška: Melanezėjė
беларуская: Меланезія
беларуская (тарашкевіца)‎: Мэланэзія
български: Меланезия
brezhoneg: Melanezia
bosanski: Melanezija
català: Melanèsia
čeština: Melanésie
Чӑвашла: Меланези
Cymraeg: Melanesia
dansk: Melanesien
Deutsch: Melanesien
Ελληνικά: Μελανησία
English: Melanesia
Esperanto: Melanezio
español: Melanesia
eesti: Melaneesia
euskara: Melanesia
فارسی: ملانزی
suomi: Melanesia
føroyskt: Melanesia
français: Mélanésie
arpetan: Mèlanèsie
Nordfriisk: Melaneesien
Frysk: Melaneezje
galego: Melanesia
עברית: מלנזיה
हिन्दी: मॅलानिशिया
Fiji Hindi: Melanesia
hrvatski: Melanezija
magyar: Melanézia
Հայերեն: Մելանեզիա
Bahasa Indonesia: Melanesia
Ilokano: Melanesia
íslenska: Melanesía
italiano: Melanesia
日本語: メラネシア
Basa Jawa: Mèlanésia
ქართული: მელანეზია
한국어: 멜라네시아
Kurdî: Melanezya
Кыргызча: Меланезия
Latina: Melanesia
Limburgs: Melanesië
lietuvių: Melanezija
latviešu: Melanēzija
македонски: Меланезија
кырык мары: Меланези
Bahasa Melayu: Melanesia
မြန်မာဘာသာ: မီလန်နီးရှား
Nederlands: Melanesië
norsk nynorsk: Melanesia
norsk: Melanesia
occitan: Melanesia
Kapampangan: Melanesia
polski: Melanezja
پنجابی: میلانیشیا
português: Melanésia
română: Melanezia
русский: Меланезия
Scots: Melanesie
srpskohrvatski / српскохрватски: Melanezija
Simple English: Melanesia
slovenčina: Melanézia
slovenščina: Melanezija
Gagana Samoa: Melanisia
српски / srpski: Меланезија
svenska: Melanesien
Kiswahili: Melanesia
Türkmençe: Melaneziýa
Tagalog: Melanesya
Tok Pisin: Melanesia
Türkçe: Melanezya
татарча/tatarça: Меланезия
українська: Меланезія
oʻzbekcha/ўзбекча: Melaneziya
Tiếng Việt: Melanesia
West-Vlams: Melanesië
Winaray: Melanesia
Wolof: Melaneesi
მარგალური: მელანეზია
Yorùbá: Melanésíà
Bân-lâm-gú: Melanesia