Масса

CGKilogram.jpg

Массаматерияның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама. Латынның massa – үйінді, кесек деген сөзінен алынған. “Масса” ұғымын механикаға Исаак Ньютон енгізген. Ньютонның классикалық механикасындағы масса дене импульсінің (қозғалыс мөлшерінің) анықтамасына енеді. Дене импульсі (р) дененің қозғалу жылдамдығына () пропорционал болады:р=m, (1) мұндағы пропорционалдық коэффициент m – берілген дене үшін тұрақты шама, оның массасы. Массаның эквиваленттік анықтамасы Ньютон классикалық механикасының қозғалыс теңдеуінен шығады:f=ma (2)Бұл жерде масса денеге әсер ететін күш (f) пен осы күштің салдарынан болатын дененің үдеуі (а) арасындағы пропорционалдық коэффициент (1) және (2) қатынастарынан анықталатын масса инерциалдық немесе инерттік масса деп аталады. Ол дененің динамикалық қасиетін сипаттайды әрі дене инерциясының өлшеуіші болып есептеледі. Ньютонның гравитациялық теориясында масса тартылыс өрісінің көзі ретінде алынады. Әрбір дене өзінің массасына пропорционал болатын тартылыс өрісін туғызады. Осы өріс салдарынан пайда болатын денелер арасындағы тартылыс күші Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша анықталады: f = G (3)

мұндағы r – денелердің массалар центрі арасындағы қашықтық, G – әмбебап гравитациялық тұрақты, m1 және m2 – тартылатын денелердің массасы. (3) формуладан Жердің тартылыс өрісінде дененің m массасы мен оның Р салмағы арасындағы тәуелділікті алуға болады:Р = mg, (4)мұндағы g = GМ/r2 – жердің гравитациялық өрісіндегі еркін түсу үдеуі (М – Жердің массасы, r ≈ R, ал R – Жер радиусы). (3) және (4) қатыстары бойынша анықталатын масса дененің гравитациялық массасы деп аталады. Классикалық физикада дене массасы ешбір процесс кезінде өзгермейді деп саналады [Массаның (заттың) сақталу заңы]. “Масса” ұғымы жарық жылдамдығымен с=3.1010 см/с шамалас өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын дене (не бөлшек) қозғалысын қарастыратын Альберт Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясында терең мағынаға ие болды. Релятивистік механика деп аталатын жаңа механикада импульс пен бөлшек жылдамдығы арасындағы байланыс: р = (5)

қатысы арқылы беріледі [шағын жылдамдықта (<<с) бұл қатыс (1) қатысына айналады]. m0 шамасы тыныштық массасы деп аталады. Қозғалған бөлшек массасы (m) жылдамдыққа тәуелді шама ретінде анықталады: m = , (6)

яғни бөлшек (дене) массасы қозғалыс жылдамдығының өсуіне байланысты артады. Релятивистік механикада (1) және (2) теңдеулердегі массаның анықтамасы бір-біріне эквивалентті емес, өйткені үдеу өзін қоздырған күшке параллель болмайды және масса бөлшек жылдамдығының бағытына тәуелді болып қалады. Салыстырмалық теориясы бойынша бөлшектің массасы (m) оның энергиясымен (Е) мына қатыс арқылы байланысады:

(7)

Сонымен масса энергиямен әрқашанда байланыста болады. Сондықтан релятивистік механикада классикалық физикадағы екі заң – массаның сақталу заңы мен энергияныңсақталу заңы – бөлек-бөлек емес, толық энергияның сақталу заңы деп аталатын бір заңға біріктірілген. Масса бірлігіне бірліктердің СГС жүйесінде – грамм (г), ал бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) – килограмм (кг) алынады. Атомдар мен молекулалар массасы, әдетте массаның атомдық бірлігімен өлшенеді. Элементар бөлшектердің массасын не электрон массасы (mе) бірлігімен не бөлшектің тыныштық энергиясын көрсете отырып, энергетикалық бірлікпен өлшейді. Электрон массасы (mе) 0,511 МэВ, протон массасы – 1836,1 me немесе 938,2 МэВ, т.б. құрайды. Массаның табиғатын ашу – қазіргі физиканың шешілмеген маңызды міндеттерінің бірі. Элементар бөлшектердің массасы олардың өздері байланысқан өрістер (электрмагниттік, ядролық, т.б.) арқылы анықталады деп қабылданған. Алайда массаның сандық теориясы әлі жасалған жоқ.

Other Languages
Afrikaans: Massa
Alemannisch: Masse (Physik)
አማርኛ: ግዝፈት
aragonés: Masa
العربية: كتلة
অসমীয়া: ভৰ
asturianu: Masa
башҡортса: Масса
Boarisch: Massn
беларуская: Маса
беларуская (тарашкевіца)‎: Маса
български: Маса
বাংলা: ভর
brezhoneg: Mas
bosanski: Masa
буряад: Масса
català: Massa
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Cék-liông
کوردی: بارستە
čeština: Hmotnost
Cymraeg: Màs
Ελληνικά: Μάζα
English: Mass
Esperanto: Maso
español: Masa
eesti: Mass
euskara: Masa
estremeñu: Massa
suomi: Massa
français: Masse
Nordfriisk: Mase
Gaeilge: Mais
贛語: 質量
Gàidhlig: Tomad
galego: Masa
Avañe'ẽ: Mba'era'ã
ગુજરાતી: દ્રવ્યમાન
Gaelg: Glout
客家語/Hak-kâ-ngî: Tsṳt-liông
עברית: מסה
हिन्दी: द्रव्यमान
Fiji Hindi: Mass
hrvatski: Masa
Kreyòl ayisyen: Mas inèsi
magyar: Tömeg
հայերեն: Զանգված
Bahasa Indonesia: Massa
Ilokano: Masa
Ido: Maso
íslenska: Massi
italiano: Massa (fisica)
日本語: 質量
Patois: Mas
Basa Jawa: Massa
ქართული: მასა
Kabɩyɛ: Hɩlɩmɩyɛ
한국어: 질량
Ripoarisch: Masse
kurdî: Bariste
Кыргызча: Масса
Latina: Massa
Lëtzebuergesch: Mass (Physik)
Lingua Franca Nova: Masa
Limburgs: Massa
lumbaart: Massa
lingála: Libóndó
lietuvių: Masė
latviešu: Masa
македонски: Маса (физика)
മലയാളം: പിണ്ഡം
монгол: Масс
मराठी: वस्तुमान
Bahasa Melayu: Jisim
မြန်မာဘာသာ: ဒြပ်ထု
Plattdüütsch: Masse (Physik)
नेपाली: पिण्ड
norsk nynorsk: Masse
norsk: Masse
Novial: Mase
occitan: Massa
ਪੰਜਾਬੀ: ਪੁੰਜ
Piemontèis: Massa (fìsica)
پنجابی: وزن
português: Massa
Runa Simi: Wisnu
română: Masă
русский: Масса
русиньскый: Маса
sicilianu: Massa
Scots: Mass
srpskohrvatski / српскохрватски: Masa
සිංහල: ස්කන්ධය
Simple English: Mass
slovenčina: Hmotnosť
slovenščina: Masa
chiShona: Huremu
Soomaaliga: Cuf
shqip: Masa
српски / srpski: Маса
Seeltersk: Masse
Basa Sunda: Massa
svenska: Massa
Kiswahili: Masi
ślůnski: Masa
தமிழ்: திணிவு
తెలుగు: ద్రవ్యరాశి
тоҷикӣ: Масса
ไทย: มวล
Tagalog: Masa
Türkçe: Kütle
татарча/tatarça: Massa
українська: Маса
اردو: کمیت
oʻzbekcha/ўзбекча: Massa
vèneto: Masa
Tiếng Việt: Khối lượng
Winaray: Masa
吴语: 質量
ייִדיש: מאסע
中文: 质量
Bân-lâm-gú: Chit-liōng
粵語: 質量