Маньчжурлар

Manchuguard.jpg

Маньчжурлар, маньчжу нялма — ҚХР-дың солтүстігіндегі Маньчжурияның жергілікті тұрғындары. Ішкі Моңғолия, Хэбэй, Ганьсу, Шыңжаң өлкелері мен Пекин, Тянь-Цзинь, Сиань, т.б. ірі қалаларды мекендейді. Халық саны 10,3 млн. шамасында (2003). Этнографиялық жағынан түркі, моңғол халықтарына жақын. Діни сенімі — буддизм, даосизм (біраз бөлігінде шаманизм сақталған). Маньчжурлар Қытайдың тарихи деректерінде мохэ деген атаумен берілген. Мохэ тайпаларын моңғол тектес қидандар журжэн, түркілер шүршіт деп атады. 12 ғасырдың басында шүршіттер Цзинь мемлекетін құрды (1115 — 1234). Шүршіттер 13 — 16 ғасырларда Юань және Мин империяларының қарамағында болды. 1616 жылы бұрынғы Цзинь мемлекетінің билігі қалпына келтірілді. Хуан-Тайцзи патша 1636 жылы Цзинь мемлекетінің атауын Цинь (Дацин), шүршіт атауын маньчжур деп өзгертті. 1644 жылы Маньчжурлар Қытайды басып алып, Мин әулетін биліктен кетірді. Цинь әулеті Қытайды 1911 жылға дейін басқарып тұрды. Маньчжурлар Қытай тарихы мен мәдениетіне зор үлес қосты. Маньчжур-Цинь империясының жүздеген жылдарға созылған басқыншылық жорықтарының нәтижесінде Ішкі Моңғолия, Тибет, Шығыс Түркістан мен Жоңғария жері империя отарына айналып, қазіргі ҚХР-дың мемлекеттік саяси шекара аумағының қалыптасуына негіз болды. Қытайды билеген үш ғасыр ішінде маньчжурлардан көптеген атақты қолбасшылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері шықты. 18 ғасырда өмір сүрген маньчжур жазушысы Сао Сюэциньнің қытай тілінде жазған “Қызыл сарайдағы түс” атты романы бүкіл дүниежүзілік әдебиетке қосылған үлес болды. Маньчжурлардың дәстүрлі кәсібі егіншілік (бұршақ, күріш, күнжіт, көкөніс, зығыр), аңшылық, мал шаруашылығы (сиыр, шошқа). Таулы аймақтарда тұратын Маньчжурлар орман шаруашылығымен айналысады. Дәстүрлі қолөнері: тор тоқу, себет өру, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасау, тері өңдеу, ағаш ою. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап маньчжурлардың өнеркәсібі жақсы дамыды. маньчжурлардың киімдері мен салт-дәстүрлері жағынан қытайлардан айырмашылығы жоқ.[1]Маньчжурлар, маньчжу нялма — ҚХР-дың солтүстігіндегі Маньчжурияның жергілікті тұрғындары. Ішкі Моңғолия, Хэбэй, Ганьсу, Шыңжаң өлкелері мен Пекин, Тянь-Цзинь, Сиань, т.б. ірі қалаларды мекендейді. Халық саны 10,3 млн. шамасында (2003). Этнографиялық жағынан түркі, моңғол халықтарына жақын. Діни сенімі — буддизм, даосизм (біраз бөлігінде шаманизм сақталған). Маньчжурлар Қытайдың тарихи деректерінде мохэ деген атаумен берілген. Мохэ тайпаларын моңғол тектес қидандар журжэн, түркілер шүршіт деп атады. 12 ғасырдың басында шүршіттер Цзинь мемлекетін құрды (1115 — 1234). Шүршіттер 13 — 16 ғасырларда Юань және Мин империяларының қарамағында болды. 1616 жылы бұрынғы Цзинь мемлекетінің билігі қалпына келтірілді. Хуан-Тайцзи патша 1636 жылы Цзинь мемлекетінің атауын Цинь (Дацин), шүршіт атауын маньчжур деп өзгертті. 1644 жылы Маньчжурлар Қытайды басып алып, Мин әулетін биліктен кетірді. Цинь әулеті Қытайды 1911 жылға дейін басқарып тұрды. Маньчжурлар Қытай тарихы мен мәдениетіне зор үлес қосты. Маньчжур-Цинь империясының жүздеген жылдарға созылған басқыншылық жорықтарының нәтижесінде Ішкі Моңғолия, Тибет, Шығыс Түркістан мен Жоңғария жері империя отарына айналып, қазіргі ҚХР-дың мемлекеттік саяси шекара аумағының қалыптасуына негіз болды. Қытайды билеген үш ғасыр ішінде маньчжурлардан көптеген атақты қолбасшылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері шықты. 18 ғасырда өмір сүрген маньчжур жазушысы Сао Сюэциньнің қытай тілінде жазған “Қызыл сарайдағы түс” атты романы бүкіл дүниежүзілік әдебиетке қосылған үлес болды. Маньчжурлардың дәстүрлі кәсібі егіншілік (бұршақ, күріш, күнжіт, көкөніс, зығыр), аңшылық, мал шаруашылығы (сиыр, шошқа). Таулы аймақтарда тұратын Маньчжурлар орман шаруашылығымен айналысады. Дәстүрлі қолөнері: тор тоқу, себет өру, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасау, тері өңдеу, ағаш ою. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап маньчжурлардың өнеркәсібі жақсы дамыды. маньчжурлардың киімдері мен салт-дәстүрлері жағынан қытайлардан айырмашылығы жоқ. [1]==Дереккөздер==

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том


Other Languages
Afrikaans: Mantsjoes
aragonés: Manchús
العربية: مانشو (قومية)
azərbaycanca: Mancurlar
تۆرکجه: مانجور‌لار
беларуская: Маньчжуры
български: Манджури
català: Manxús
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Muāng-cŭk
čeština: Mandžuové
dansk: Manchuere
Deutsch: Mandschu
dolnoserbski: Mandžu (lud)
Ελληνικά: Μαντσού
English: Manchu people
Esperanto: Manĉuroj
español: Manchú
eesti: Mandžud
euskara: Mantxu
فارسی: منچو
suomi: Mantšut
français: Mandchous
Gaeilge: Manchúraigh
galego: Pobo manchú
客家語/Hak-kâ-ngî: Mân-chû-chhu̍k
हिन्दी: मांचु लोग
hrvatski: Mandžurci
magyar: Mandzsuk
հայերեն: Մանջուրներ
Bahasa Indonesia: Suku Manchu
italiano: Manciù
日本語: 満州民族
Basa Jawa: Wong Manchu
한국어: 만주족
Кыргызча: Манжурлар
lietuvių: Mandžiūrai
latviešu: Mandžūri
Bahasa Melayu: Orang Manchu
नेपाली: मन्जु
Nederlands: Mantsjoes
norsk nynorsk: Mandsjuar
norsk: Mandsjuer
ਪੰਜਾਬੀ: ਮਾਂਛੂ ਲੋਕ
polski: Mandżurowie
پنجابی: مانچو
português: Manchus
русский: Маньчжуры
srpskohrvatski / српскохрватски: Mandžurci
Simple English: Manchu
slovenčina: Mandžuovia
српски / srpski: Mandžurci
svenska: Manchuer
ślůnski: Mandżury
Türkçe: Mançular
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: مانجۇ مىللىتى
українська: Маньчжури
Tiếng Việt: Người Mãn
吴语: 满族
中文: 满族
文言: 滿洲族
Bân-lâm-gú: Boán-chiu-cho̍k
粵語: 滿族