Манта (скат)

Манта

Манта

Испан тілінен аударғанда бұл балықтың атауы жамылғы немесе көрпе деген мағынаны білдіреді.Шынымен де манта судың арасында жүзіп келе жатқанда жамылғыға ұқсайды.Манта әлемдегі ең танымал скаттардың бірі.Танымалдығымен ол өзінің көлемімен және де керемет келбетімен міндетті.Осы себептен ол туралы ежелден бері әр түрлі оқиғалар мен өтіріктер айтылды.Ол өте керемет балық.Тіпті жаңа туған мантаның жүзбеқанаттарының құлашы 150 см-ден артық болады.Ал үлкен манталардың салмағы 2 тонна ,жүзбеқанаттарының құлашы 8 м-ге дейін жетеді.Бұл шынымен де мұхит алыпы.Негізі манта әлемдегі ең үлкен скат емес.Әлемде одан да үлкен скаттар бар.Бірақ өзінің салмағы мен жүзбеқанаттарының үлкендігінің арқасында ғалымдардың айтуы бойынша ғылымға танымал скаттардан ең үлкені.Олардың басында мүйіз болады.Осы мүйіз арқылы ол судың ауызына ағысын көбейтеді.Неліктен деген ой пайда болатын шығар.Себебі манта планктондармен қоректенетін кит немесе үлкен акулалар секілді.Тіпті мантаның аузы теңіз итінің аузына ұқсас келеді.Тек тістерінің құрылысы өзгеше.Олар өте кішкентай және де тек астыңғы жақта болады.Бұл тістер мантаға жемтігінмтістеіге немесе бір бөшікті жұлып алуға арналмаған.Тістер арқылы манта ұрғашыны ұрықтандыру кезінде мүйіздерінен ұстап тұрады екен.Сонымен қатар специалисттардың айтуы бойынша тістер санитарлық қызмет атқарып,тері паразиттерінен құтылуға көмектеседі.Өзінің қорқынышты екеніне қарамастан манталар адамдар үшін қауіп төндірмейді.Жалпы айтқанда.басқа да планктондармен қоректенетін балықтар адамға қауіп әкелмейді..

Тайландтағы манта

Тек қана оның салмағы мен жүзбеқанаттарынан сақ бошу керек.Егер ол жүзбеқанаттарымен адам басынан немесе денесінен тисе үлкен жарақат алу қаупі бар.Бұрынғы кезде манталардың қанішерлігі туралы көптеген өтірік пен аңыздар болған.Адамдар бұл скаттың адамды орап алып тұншықтырып,жеп қояды немесе түгелімен жұтады деп ойлаған.Сондықтан да бұрында барлығы оны мұхит шайтаны деген ат берген.Бірақ та ол аңыздар мүлдем шындыққа жарамайды.Манта ешқашан адамға шабуылдамаған және де шабуылдамайды.Бұл балық түрінің тағы да бір ерекшелігі бар.Олар судан біршама биіктікке дейін секіріп шығады.Манталардың судан неліктен скеіріп шығатыны әлі де белгілі емес.Айтпақшы тап осы секіру кезінде олар қауіпту.Себебі олар кез келген суда жүрген адамның немесе қайықтың үстіне түсуі мүмкін.Олар бір жарым метрден биікке секіре алады.Бұл скаттар мұхитта ұзақ саяхат(бірнеше мың километр) жасай алады.Бұл керемет балықтар Солтүстік мұзды мұхиттан басқа барлық жылы мұхиттарда болады.Көбінесе оларды тобырмен Үнді мұхитында көруге болады.Манта әлемдегі ең “милы” балық болып саналады.Мүмкін ол жер бетіндегі ең ақылды балық болар.Ірі манталарда суда жаулары көп емес.Олардың жауы тек паразиттер болуы мүмкін.Ал кішірек манталардың жауы баршылық.Олар үлкен жыртқыш балықтар мен акулалардың жемі болып қалоуы мүмкін.Манты тез жүзетін балықтардың түріне жатпайды.Олар 20 км/сағ-тан артық жүзее алмайды.Сондықтан да ірі акула оларды оңай ұстап алуы мүмкін.Бірақ та мантаның басқа да жануарлардікі секілді ең қас жауы ол адам.Осы скаттардың еті бағалы болып саналады.Осы себептен көп жерлерде адамдар мантаны аулайды.Осындай ірі балықты ұстау өте қауіпті іс.Манталардың саны суда жыл сайын азайып барады.Бұл ғалымдардың мазасын туғызады.

Other Languages
Afrikaans: Manta
azərbaycanca: Nəhəng dəniz iblisi
български: Манта
català: Manta gegant
Cebuano: Pagi
čeština: Manta obrovská
Deutsch: Riesenmanta
Ελληνικά: Σαλάχι μάντα
español: Manta birostris
עברית: מנטה ענק
Bahasa Indonesia: Ikan pari manta
italiano: Manta birostris
Basa Jawa: Pé manta
Lëtzebuergesch: Risemanta
Nederlands: Reuzenmanta
polski: Manta (ryba)
português: Jamanta
русский: Манта
Simple English: Manta ray
svenska: Jättemanta
Türkçe: Deniz şeytanı
українська: Манта
Tiếng Việt: Cá nạng hải
中文: 鬼蝠魟