Макендондық Филипп II

Филипп II Македонский
Philip II of Macedon CdM.jpg
Билік жылдары359-336 BC
Дүниеге келді20 шілде, 382 BC
Пелла, Древняя Македония
Қайтыс болды10 маусым, 336 BC
Эги, Древняя Македония
ІзашарыПердикка III
ІзбасарыАлександр Македонский
ӘкесіАминта III
АнасыЭвридика

Филипп II (гр. Φίλιππος Β; 382336 б. з. б. жж)— Б. з. д. 359 жыл басқарған ежелгі Македония патшасы, Европа жұрты Александр Македонский деп атап кеткен Ескендірдің әкесі. Ф. ірі мемл. қайраткері, қолбасшы әрі дипломат болған. Македонияны біртұтас мемлекетке біріктірген. Парсыларға қарсы соғыста өлген. Одан соң патшалық таққа 20 жасар баласы Ескендір Зұлқарнайын отырған. Өткен тарихты жетік білген Абай езінің «Ескендір» дастаның да бұл туралы «Филипп елді, Ескендір патша болды» деген дерек келтіреді.[1]Екінші Филипптің әкесі үшінші Аминта патша болған. Ал анасы Эвридика Македонияның солтүстік шығысын ұзақ уақыт басқарған Линкестидтер тегінен шыққан. Екінше Филипп б.з.б 382 жылы Македонияның астанасы Пелла қаласында дүниеге келеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін көршілес ирилиялықтар мен фракиялықтардың қысымы әсерінен Македония әлсірей бастайды. Оны көрген Грекия да Македонияға қарай ұмтылды. Қиын жағдайда билікке келген екінші Филиптің ағасы екінші Александр иллириялықтармен келісім жасасты. Сол шарт бойынша екінші Филипп иллириялықтарға кепілге берілді.

Бір жылдан кейін б.з.б 369 жылы екінші Александр фивылықтармен келісімге отырып, оларға ақсүйектердің отыз баласын және бауырын кепілдікке жібереді. Екінші Филипп 368 - 365 жылдары кепілдікте болды. Плутархтың мәліметтері бойынша ол Фивыда он жылдай болады. Фивыда ол гректердің әскери өнерімен, әсери қолбасшылықтарымен танысып, мәдени жетістікрінен хабардар болған. Ол Фивыда болғанда ағалары тақты бірінен кейін бірі ауыстырып отырған. Соңғы ағасы үшінші Пердик б.з.б. 359 жылы Македонияға басып кірген илириялықтармен шайқаста қаза табады. Таққа оның баласы Аминта отырғызылды. Бірақ Аминта әлі де жас болатын. Екінші Филипп оның қамқоршысы деп есептелді. Филипп жауынгерлердің сеніміне ие болып, таққа отырады. Бұл кезде оның жасы жиырма үште болатын.

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Other Languages
azərbaycanca: Makedoniyalı II Filip
Bahasa Indonesia: Filipus II dari Makedonia
íslenska: Filippos II
norsk nynorsk: Filip II av Makedonia
srpskohrvatski / српскохрватски: Filip II Makedonski
Simple English: Philip II of Macedon
slovenščina: Filip II. Makedonski
shqip: Filipi II
српски / srpski: Филип II Македонски
oʻzbekcha/ўзбекча: Filipp II