Мажар тілі

Hungarian
magyar 
Айтылуы:IPA: Үлгі:IPA-hu
Сөйлеу орны: Hungary and areas of

 Romania

 Serbia

 Slovakia

 Slovenia

 Ukraine

 Croatia

 Austria

 Israel

 USA

Барлық сөйлеушілері:16 million
Тіл ұясы:Uralic
 Ugric
  Hungarian 
Жазу әдісі:Latin alphabet (Hungarian variant) 
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері:Hungary, European Union, Slovakia (regional language), Slovenia (regional language), Serbia (regional language), Austria (regional language), some official rights in Romania, Ukraine and Croatia
Реттеушісі:Research Institute for Linguistics of the Hungarian Academy of Sciences
Тіл белгілері
ISO 639-1:hu
ISO 639-2:hun
ISO 639-3:hun 
Dist of hu lang europe.png
Regions of the Carpathian Basin where the Hungarian language is spoken

 

Мажар тіліОрал-алтай тілдері шоғырының пин-ұғор тармағы, ұғор тобына жататын тіл. Ханты, мансы тілдеріне жақын. Мажарстан Республикасының ресми тілі, ондағы халықтың 96,6% мажар тілін ана тілі деп санайды. Мажар тілінде 16 млн-нан астам адам сөйлейді. Румыния, Югославия, Словакия, Украинаға тараған. Қарпат өңірінде мемлекеттілігін жалғастырған мажарлар кейіннен латын әрпіне негізделген әліпбиді қолдана бастаған.

Көне мажар жазуы, "Rovás" әліпбиі. Мажар елі Стефан I патшасы кезінде (997-1038) латын әліпбиіне көшкен, 1844 жылға қарай

Көне құртқа бәдіз жазуы ROVAS ІRAS (роваш ираш) да өз маңызын жоғалтпай, 17 ғ-ға дейін қатар қолданылып келген. Мажар тілінің бірінші жазба ескерткіші — “Құлпытас сөзі” (1200 ж. шамасы). 16 — 18 ғ-лар аралығында Б. Балашиш (1554 — 1594) П.Пазман (1570 — 1637), М. Зрани (1620 — 1664), т.б. әдеби тіл нормаларының негізін қалады. Әдебиетші К. Ференц басшылығымен жүргізілген “тіл жаңарту қозғалысы” бірнеше мың жаңа атаулар мен терминдер жасап, ғылыми айналымға қосты. Соның нәтижесінде мажар тілінде шет сөздер жоқтың қасы, барлығының дерлік мажарша баламалары бар. Мыңдаған жылдар бойғы өзге тілдер әсеріне қарамастан, мажар тілі пинн-ұғорлық сипатын сақтап қалды. Латын тілінен көбіне, діни, мәдени, әкімшілікке қатысты, славтардан жер өңдеу, киім, тағам атаулары, неміс тілінен сауда, өнеркәсіп, әскери өнер лексикалары енген. Мажар тіліне түркі сөздері енуі бірнеше кезеңмен байланысты: а) 5 ғ-да Еділ (Аттила) патша билеген ғұндар дәуірінде келген этнонимдер мен сенім-нанымға қатысты лексикалар; ә) қыпшақ даласымен тығыз байланыста болған тұста шаруашылыққа қатысты енген атаулар; б) Осман сұлтандығы қол астында болған (1490 — 1526) уақытта енген тағам, жеміс, киім атаулары мен кәсіптік атаулары.

Мажар тілі тараған Еуропа аймақтары. CIA World Factbook 2006 негізінде

Ғұн-қыпшақтар тілі арқылы мажар тіліне енген ортақ атаулар: арқан, боза, цөткен (сүттіген — дәрілік шөп) даку (дақы — ішік түрі), барак (ит), чоллак (шолақ), кандьига (қанжыға), карамбел (қалампыр), балта, арпа, ес, вай (май), өл (өлтіру), мох (ағаш мүгі), иечке (ешкі), т.б. Мажар тілінде бірнеше диалект бар: батыс, солт.-шығыс, құншақ және секей диалектісі. Соңғы екеуі Румыниядағы, Молдовадағы мажарлар арасында кездеседі. Құншақ диалектісінде жоғарыда аталған түркі тіліне ортақ сөздер, топонимдермен қоса, фольклор үлгілері көп.

Вожводина, Сербиядағы мажар тілінің ресми пайдаланылуы

мажар тілі фонетикасында сингармонизм заңдылығы берік орын алған. Морфол. құрылысы жағынан жалғамалы тіл, екпін көбіне басқы буынға түседі, “тек” категориясы жоқ, тәуелдік пішімі бар және ол көпше есімге де қатысты. Сын есім, сан есім, анықтауыш сөзбен қабыса байланысады және жекеше түрде қолданылады, септік түрі — 13.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Other Languages
Afrikaans: Hongaars
Alemannisch: Ungarische Sprache
አማርኛ: ሀንጋርኛ
aragonés: Idioma hongaro
العربية: لغة مجرية
asturianu: Idioma húngaru
azərbaycanca: Macar dili
تۆرکجه: مجار دیلی
башҡортса: Венгр теле
Boarisch: Ungarisch
žemaitėška: Vingru kalba
беларуская: Венгерская мова
беларуская (тарашкевіца)‎: Вугорская мова
български: Унгарски език
brezhoneg: Hungareg
bosanski: Mađarski jezik
буряад: Унгар хэлэн
català: Hongarès
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Hṳ̆ng-ngà-lé-ngṳ̄
qırımtatarca: Macar tili
čeština: Maďarština
Чӑвашла: Венгр чĕлхи
Cymraeg: Hwngareg
Zazaki: Macarki
dolnoserbski: Hungoršćina
emiliàn e rumagnòl: Ungherais
Esperanto: Hungara lingvo
español: Idioma húngaro
euskara: Hungariera
føroyskt: Ungarskt mál
français: Hongrois
Frysk: Hongaarsk
Gaeilge: An Ungáiris
Gàidhlig: Ungairis
Gaelg: Ungaarish
客家語/Hak-kâ-ngî: Hiûng-ngà-li-ngî
עברית: הונגרית
Fiji Hindi: Hungarian bhasa
hrvatski: Mađarski jezik
hornjoserbsce: Madźaršćina
magyar: Magyar nyelv
հայերեն: Հունգարերեն
interlingua: Lingua hungare
Bahasa Indonesia: Bahasa Hongaria
íslenska: Ungverska
Basa Jawa: Basa Hongaria
ქართული: უნგრული ენა
Qaraqalpaqsha: Venger tili
Taqbaylit: Tahungarit
한국어: 헝가리어
Перем Коми: Мадьяр кыв
kernowek: Hungarek
Кыргызча: Венгр тили
Lingua Franca Nova: Magiar (lingua)
Limburgs: Hongaars
لۊری شومالی: زون مجاری
lietuvių: Vengrų kalba
latviešu: Ungāru valoda
олык марий: Венгр йылме
македонски: Унгарски јазик
Bahasa Melayu: Bahasa Hungary
नेपाल भाषा: हङ्गेरियन भाषा
Nederlands: Hongaars
norsk nynorsk: Ungarsk
norsk: Ungarsk
occitan: Ongrés
Livvinkarjala: Ungarin kieli
Piemontèis: Lenga ungherèisa
پنجابی: میگیار بولی
português: Língua húngara
Runa Simi: Unriya simi
rumantsch: Lingua ungaraisa
română: Limba maghiară
русиньскый: Мадярскый язык
Kinyarwanda: Igihongiriya
sicilianu: Lingua ungarisa
davvisámegiella: Ungáragiella
srpskohrvatski / српскохрватски: Mađarski jezik
Simple English: Hungarian language
slovenčina: Maďarčina
slovenščina: Madžarščina
Gagana Samoa: Fa'aHanikeri
српски / srpski: Мађарски језик
Seeltersk: Ungarisk
svenska: Ungerska
Kiswahili: Kihungaria
ślůnski: Madźarsko godka
Tok Pisin: Tok Hangari
Türkçe: Macarca
татарча/tatarça: Маҗар теле
удмурт: Венгер кыл
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: ماجار تىلى
українська: Угорська мова
oʻzbekcha/ўзбекча: Venger tili
vepsän kel’: Mad'jaran kel'
Tiếng Việt: Tiếng Hungary
Winaray: Hungaro
მარგალური: უნგრული ნინა
ייִדיש: אונגעריש
中文: 匈牙利语
Bân-lâm-gú: Hông-gâ-lī-gí
粵語: 匈牙利文