Магнетар

Магнетар

Магнетар - аса қуатты магнит өрісіне ие нейтронды жұлдыздың түрі. Магнетар бойындағы өріс күшті электромагниттік радиация мен рентген сәулелерінің шығарылуы нәтижесінде пайда болады. Теориялық түрде магнетарлардың бар болуы 1992 жылы Роберт Дункан және Кристфер Томсонмен ұсынылған, ал 1998 жылы Бүркіт шоқжұлдызындағы SGR 1900+14[1] жұлдызынан шыққан қуатты гамма және рентген жарқылдарын бақылау барысында дәлел алынған. Жорамал бойынша алғаш магнетар 1979 жылы бақыланған.

Сипаттамасы

Көбінесе жерден алыс орналасқандықтан магентар аз зерттелген нейтронды жұлдыз түрі болып табылады. Олардың диаметрі шамамен 20-30 км, дегенімен, массалары күнге қарағанда әлдеқайда ауыр. Магнетарлардың тығыздығы соншалық, оның материясының бұршағы 100 млн. тонна болады. Магнетарлардың басқа нейтронды жұлдыздардан айырмашылығы, салыстырмалы түрде баяу айналуы: қалыпты нейтронды жұлдыз өз осі бойымен бір секундтан аз уақытта айналса, магнетар әр айналымға 1-10 секунд жұмсайды. Магентарлардың өмірлік циклі өте қысқа. Олардың қуатты магнит өрісі 10 000 жыл ішінде жойылып, рентген сәулелерін шығару тоқталады. Болжамдардың бірі бойынша, біздің галактиканың пайда болуынан бері 30 млн магнетар қалыптасуы мүмкін. Магнетарлар салмағы шамасында 40 күн массасына тең болатын ауыр жұлдыздан пайда болады. Жұлдыз бетіндегі қозғалыстар әсерінен орасан зор тербелістер туындайды, бұл құбылыс көбінесе аса қуатты гамма сәулелерінің шығарылуына әкеліп соғады. Осындай сәулелер Жерде 1979, 1998 және 2004 жылдарда байқалған.

Белгілі магнетарлар

2004 жылы 27 желтоқсанда SGR 1806-20 жұлдызынан біздің күн жүйеге келген гамма-сәулелерінің шашыны болды. Қуатты жарық жер атмосферасына 50 000 жарық жылдан артық қашықтықтан әсер етті. 2013 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша 21 магнетар белгілі болды, және 5 жұлдыз растауды күтуде. Толық тізім жұлдыздар каталогында McGill SGR/AXP Online Catalog берілген.[2].

  • [1806-20] жерден 50 000 жарық жыл қашықтықта орналасқан, Құсжолы галактикасының қарсысында, Мерген шоқжұлдызында орналасқан.
  • 1900+14 жерден 20 000 қашықтықта Бүркіт шоқжұлдызында орналасқан. Төмен эмиссияның ұзақ периодынан кейін (елеулі жарылыстар 1979, 1993 жылдары байқалған), 1998 жылдың мамыр-маусымында жанданды. 1998 жылдың тамызында байқалған жарылыс қуаттылығы қатерді алдын алу үшін | NEAR Shoemaker аппаратының сөндірілуіне алып келді. 2008 жылдың мамырында НАСА-ның Спицер телескопы осы магнетарды қоршаған сақина затты байқады. Бұл сақина 1998 жылғы жарылыстан пайда болған деп саналады. [3]
  • SGR 0501+4516, 2008 жылдың 22 тамызында байқалған. [3]
  • 1E 1048.1−5937 - 9000 жарық жыл қашықтықта Белағаш шоқжұлдызында орналасқан. Бұл магнетар пайда болған жұлдыздың массасы күннен 30-40 есе артық болған.
  • 2008 жылдың қыркүйегінде алынған ESO мәліметі бойынша магнетар болып табылатын SWIFT J195509+261406 жұлдызы гамма-сәулелерінің жарқылы арқылы (GRB 070610) анықталған.

Дереккөздер

  1. ЗВЕЗДНЫЙ ГИБРИД (rus).
  2. McGill SGR/AXP  (ағыл.). McGill SGR/AXP Online Catalog.
  3. a b Strange Ring Found Circling Dead Star  (ағыл.). Strange Ring Found Circling Dead Star. Дереккөз алу қатесі: Invalid <ref> tag; name "kmoddl" defined multiple times with different content
Other Languages
العربية: نجم مغناطيسي
azərbaycanca: Maqnit ulduzlar
беларуская: Магнітар
български: Магнетар
bosanski: Magnetar
català: Magnetar
čeština: Magnetar
dansk: Magnetar
Deutsch: Magnetar
Ελληνικά: Μάγναστρο
English: Magnetar
Esperanto: Magneta stelo
español: Magnetar
فارسی: مگنتار
suomi: Magnetar
français: Magnétar
עברית: מגנטר
magyar: Magnetár
հայերեն: Մագնետար
Bahasa Indonesia: Magnetar
italiano: Magnetar
日本語: マグネター
ქართული: მაგნეტარი
한국어: 마그네타
lietuvių: Magnetaras
latviešu: Magnetārs
македонски: Магнетар
മലയാളം: മാഗ്നറ്റാർ
Nederlands: Magnetar
norsk nynorsk: Magnetar
norsk: Magnetar
polski: Magnetar
português: Magnetar
română: Magnetar
русский: Магнетар
Simple English: Magnetar
slovenčina: Magnetar
slovenščina: Magnetar
српски / srpski: Магнетар
svenska: Magnetar
Türkçe: Magnetar
татарча/tatarça: Магнетар
українська: Магнітар
Tiếng Việt: Sao từ
中文: 磁星